Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
Қазақстанның бес аймағында бұрын қолданылған «ҚазТрансОйл» құбырларын сату алаяқтық ісі бойынша күдіктілер құрықталды
В 5 регионах Казахстана мошенники продают б/у трубы КазТрансОйла
Алматы, Павлодар, Атырау облыстарында және Астана мен Алматы қалаларында «ҚазТрансОйл» АҚ атынан бұрын қолданылған құбыр өнімін өткізу мәселелерімен жалған құжат дайындаған бір топ адамның алаяқтық ісі анықталды.
Алаяқтардың әрекетінен жапа шеккен компаниялар мен жекелеген азаматтар аумақтық құқық қорғау органдары облыстық ІІД шағымданған. Олардың шағымы бойынша белгісіз біреулер адам сеніміне кіріп, «ҚазТрансОйл» АҚ құбыр өнімін сату/қазып алу» жарияланған байқауының лоты бойынша жеңімпаз атануға жәрдемдесуді уәде етіп, қомақты қаржыны жымқырған.
Аталған фактілер бойынша қазіргі уақытта Астана қаласы ІІД ТБ және Алматы облысы, Талғар аудандық ІІБ қылмыстық құқық бұзушылық сипатымен қылмыстық іс қозғалды.
«ҚазТрансОйл» АҚ өз тарапынан, 2018 жылдың басынан бері бүгінгі күнге дейін бұрын қолданылған құбыр өнімін сату жұмысы компанияда жүргізілмегенін хабарлайды. Бұрын қолданылған құбыр өнімін сату рәсімі төмендегідей жүзеге асырылады:
1) «ҚазТрансОйл» АҚ аукцион өткізу арқылы, аукцион туралы хабарлама республикалық және аймақтық баспаларда аукцион өтердің алдында 10 күн бұрын жарияланады;
2) тауар биржасы арқылы.
Анықтама
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасындағы магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор, ұзақтығы 5 377 шақырым әртараптандырылғын магистральдық мұнай құбыры желісі мен 1 975 шақырым болатын сутаратқыш желісін иеленеді. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
В Алматинской, Павлодарской, Атырауской областях, в Астане и Алматы выявлены мошеннические действия группы лиц, занимающихся подделкой документов от имени АО «КазТрансОйл» по вопросам реализации трубной продукции, бывшей в употреблении.
Пострадавшие компании и граждане обратились в территориальные правоохранительные органы. Они заявили, что неизвестные лица путем обмана и злоупотребления доверием пообещали содействие в конкурсе на определение победителя по лоту «покупка/выкопка трубной продукции АО «КазТрансОйл» и завладели крупными денежными средствами.
По данным фактам в настоящее время СУ ДВД г. Астаны и УВД Талгарского района ДВД Алматинской области по признакам уголовного правонарушения возбуждено уголовные дела.
АО «КазТрансОйл» информирует, что с начала 2018 года реализация бывшей в употреблении трубной продукции компанией не проводилась. Трубная продукция, бывшая в употреблении, реализуется:
1) путем проведения АО «КазТрансОйл» аукционов, объявления о которых публикуются не менее чем за 10 календарных дней до даты проведения аукциона в республиканских или региональных печатных изданиях;
2) через товарные биржи.
Справка
АО «КазТрансОйл» — национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу, владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км и водоводов протяженностью 1,9 тыс. км. Производственные объекты группы компаний АО «КазТрансОйл» расположены в г. Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям АО «КазТрансОйл»