Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер
Тенгизшевройл. Цифры и факты
2018 жылдың үшінші тоқсаны бойынша мәлімет
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңда ТШО серіктестері мен олардың үлесі келесідей: «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» ҰҚ" АҚ - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 - 10,9 млрд. баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2018 жылдың алғашқы үш тоқсанында мұнай өндіру көлемі 21,5 миллион тоннаны (171,3 миллион баррель) құрады
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау:
- 2000 жылдың бірінші жартысында ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
- Қазіргі таңда ТШО өндірілген газдың 98%-дан астамын кәдеге жаратуда.
- Жабдықтың сенімділігін арттыру шараларына жұмсалған инвестициялар 2000 жылдан 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі аралықта зауыттардағы техникалық ақаулар санын және алауда жоспардан тыс және технология бойынша шарасыз жағылатын шикі және қышқыл газ көлемін 99%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 73%-ға азайды. ТШО күрделі жобаларды жүзеге асыру және жабдықтардың сенімділігіне жасалған инвестициялар нәтижесінде аталған мерзім ішінде жылдық мұнай өндіру көлемін 2,7 есе арттырды.
Өнімді сату:
- 2018 жылдың алғашқы үш тоқсанында ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 1 миллион тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 6,9 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 1,8 миллион тоннаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 жылдан 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 132 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2018 жылдың алғашқы үш тоқсанында ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 7,2 млрд АҚШ долларынан асты.
- 2018 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 2,5 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 1,6 миллиард АҚШ долларынан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық компаниялардың 27,2 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 81,8% құрайды.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 62,4% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,6 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- 2018 жылдың «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалады.
- 2018 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау, білім беру салаларына қолдау көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты соңғы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- Тиімділікке қол жеткізу және шығындарды азайту үшін ККЖ мен ҰЕҚБЖ жобаларының құрылысы бір уақытта жүзеге асырылады.
- Аса сәтті жүзеге асқан ШГА-ЕБЗ жобасының жетістіктерін жалғастыра отырып, ККЖ-ны жүзеге асыру мұнай өндірісін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырып, жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
- Ел аумағындағы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында 45 мыңнан астам қазақстандық азаматтар еңбек етеді, бұл Қазақстандағы жоба қызметкерлері жалпы санының 92%-ын құрайды.
- ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жобалау, сатып алу, құрастыру жұмыстарына жұмылдырды және осы күнге дейін 2 100-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден өткізді, соның ішіндегі 390 компаниямен келісімшартқа қол қойылды. Жоба өкілдері 160-тан астам қазақстандық компаниялардың мүмкіндіктерін бағалау мақсатында олардың нысандарына іссапар жасады. Жоба басынан бері қазақстандық қамтуға жұмсалған қаржы көлемі 5 млрд АҚШ долларынан асты.
- Негізгі өндірістік нысандары жобалау жұмыстары жалғасуда.
- Жүк тасымалдау бағдары (ЖТБ) толыққанды іске қосылды және модульдік жүктерді түсіру, сақтау және Теңіздегі алаңдарға жеткізу үшін қолданылуда.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалуда, кейін олар алдын-ала құрастырылған модульдер ретінде Теңізге біржола орнатылуы үшін жіберіледі. Жабдық модульге орнатылғаннан кейін соңғы жинақтау және монтаждау үшін Теңіз кенішіне апарылады.
- Қазақстандағы «ЕРСАЙ» өндіріс алаңында құрастырмалы модульдік эстакадаларды (ҚМЭ) монтаждау орындалуда. Алғашқы ҚМЭ «ЕРСАЙ» алаңынан жөнелтіліп, Теңізге әкелінді. Қазірге дейін Теңізге бірнеше ҚМЭ әкелініп қойылды.
- Италияның Авенца қаласындағы алаңда «Фрейм 9» газ турбиналы генераторлардың (ГТГ) модульдерін жасау және жеткізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Алғашқы ГТГ маусым айында мұхит кемесіне сәтті тиеліп, Болгарияның Бургас қаласындағы жүкті ауыстырып тиеу базасына жеткізілді және кейін модуль жеткізуші кемемен Ресей Федерациясының ішкі су жолдары арқылы тасымалданып, ЖТБ-да түсірілді де, Теңіздегі алаңға жеткізілді.
- Оңтүстік Кореяда алғашқы құрастырмалы модульдік блоктар мұхит кемесіне қауіпсіз тиеліп, Финляндияның Хамина қаласындағы жүкті ауыстырып тиеу базасына жеткізілді және кейін модуль жеткізуші кемемен Ресей Федерациясының ішкі су жолдары арқылы тасымалданып, ЖТБ-да түсірілді де, Теңіздегі алаңға жеткізілді.
- Теңіз кен орнында бетон жеткізу жұмыстары жалғасуда. Өндірістік нысандарды жеті асхана пайдалануға берілген. Автокөлік жолдарының құрылысы жалғасуда.
- Басқару және электрмен жабдықтау жүйелері бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда: базалық қосалқы станцияда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарының соңы болып саналатын жүйелерді аяқтау жұмыстары орындалуда.
- Жинау жүйесі бойынша жұмыстардың аясында жоғары қысымды алғашқы мұнай жинау жүйесінің құрылысы жалғасуда: ұңғы алаңдарында, құбыр желілерінде және өлшеуіш қондырғыларында негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарының соңы болып саналатын жүйелерді аяқтау жұмыстары орындалуда.
- Үшінші буын зауытында (ҮБЗ) жалпы құрылыс және жер асты жұмыстары жалғасуда. Қыркүйек айында ҮБЗ-де алғашқы ҚМЭ іргетастарға орнатылды. Қыркүйек айында сұйыққоймаларды тұрғызу жұмыстары да басталды.
- ШГАҮБ-де жалпы құрылыс және жер асты жұмыстары жалғасуда. Іргетастарды салу, жер асты құбырлар мен кабельдерді жүргізу жұмыстары аяқталуға жақын.
Итоги третьего квартала 2018 года
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд. баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд. баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд. баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн. кубических футов).
- В первые три квартала 2018 года объемы добычи сырой нефти составили 21,5 миллионов тонн (171,3 миллионов баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3 миллиарда долларов США на проекты по снижению воздействия на окружающую среду.
- В настоящее время ТШО утилизирует более 98% газа.
- Инвестиции в повышение надёжности оборудования позволили снизить количество технических сбоев на заводах. За период с 2000 г. по сентябрь 2018 г. объёмы сырого и кислого газа, внепланово и технологически неизбежно сжигаемого на факелах, уменьшились на 99%.
- С 2000 года общий удельный объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 73%, при этом ТШО увеличил годовой объем добычи нефти в 2,7 раза в результате реализации капитальных проектов и инвестиций в надежность оборудования.
Реализация продукции:
- В первые три квартала 2018 года ТШО реализовал более 1 миллиона тонн сжиженного газа, 6,9 миллиарда кубических метров сухого газа, а также 1,8 миллион тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 года по сентябрь 2018 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 132 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В первые три квартала 2018 года прямые выплаты Республике Казахстан превысили 7,2 миллиарда долларов США.
- В январе - сентябре 2018 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 2,5 миллиарда долларов США, включая более 1,6 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 27,2 миллиарда долларов США.
Развитие кадров:
- Доля штатных казахстанских сотрудников ТШО составляет 81,8% по сравнению с 50% в 1993 году.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 62,4% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,6 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2018 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 25 миллионов долларов США, основная часть которого направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2018 году ТШО выделил более 1 миллиона долларов США на поддержку сфер здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской области в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
- В 2016 году партнёры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- В целях повышения эффективности и экономии средств строительство объектов ПБР-ПУУД выполняется одновременно.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ/ЗВП ТШО, ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 млн тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 млн тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
- Свыше 45 000 казахстанцев работают на ПБР-ПУУД внутри страны, что составляет 92% от общей численности персонала проекта в Казахстане.
- ТШО привлек казахстанские организации к участию в работах по проектированию, закупкам и изготовлению модулей для ПБР-ПУУД. На сегодняшний день свыше 2 100 казахстанских компаний приняли участие в предварительном отборе, из них с 390 компаниями заключены контракты. Представители проекта посетили объекты более 160 казахстанских компаний для оценки потенциала. Сумма затрат на КС за период с начала реализации проекта превышает 5 миллиардов долларов США.
- Продолжаются работы по проектированию основных производственных объектов.
- Введенный в эксплуатацию маршрут транспортировки грузов (МаТраГ) используется для разгрузки, хранения и доставки модулей на рабочую площадку на месторождении Тенгиз.
- Изготовление основного оборудования для ПБР-ПУУД выполняется в Республике Казахстан, Южной Корее и Италии. После установки оборудования в модули, последние будут отправлены на Тенгизское месторождение для окончательной сборки и монтажа.
- На производственной площадке «ЕРСАЙ» в Казахстане выполняется монтаж сборных модульных эстакад (СМЭ). Первая СМЭ была отгружена на месторождение Тенгиз с площадки «ЕРСАЙ». К настоящему времени в Тенгиз доставлено уже несколько СМЭ.
- В г. Авенца, Италия, продолжаются работы по изготовлению и поставке модулей газотурбинных генераторов «Фрейм 9» (ГТГ). Первый ГТГ успешно погрузили на океанское судно в июне, доставили в г. Бургас, перевалочную базу в Болгарии, откуда отправили на судне для перевозки модулей по южному маршруту внутренних водных путей Российской Федерации на МаТраГ и доставили на месторождение Тенгиз.
- В Южной Корее первые сборные модульные блоки без происшествий погрузили на океанское судно, доставили в г. Хамина, перевалочную базу в Финляндии, откуда отправили на судне для перевозки модулей по северному маршруту внутренних водных путей Российской Федерации на МаТраГ и доставили на рабочую площадку на месторождении Тенгиз.
- На месторождении Тенгиз продолжаются поставки бетона. На производственных объектах в эксплуатацию введены семь столовых. Продолжается строительство автодорог.
- Продолжаются строительные работы по завершению систем управления и электроснабжения с целью завершения cтроительно-монтажных работ на базовой подстанции.
- Продолжается строительство 1-й очереди системы сбора высокого давления, ведется работа по завершению систем, направленная на завершение СМР на всех скважинных площадках, трубопроводах и замерных установках.
- На заводе третьего поколения (ЗТП) продолжается производство общестроительных и подземных работ. В сентябре на ЗТП была установлена на фундамент первая СМЭ. Также, в сентябре начали монтаж резервуаров.
- На ЗСГТП продолжается производство общестроительных и подземных работ. Подходит к завершению строительство фундаментов, укладка подземных трубопроводов и кабелей.