Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер.
2018 жылдың қорытындылары
Тенгизшевройл - цифры и факты.
Итоги 2018 года
Тарих/Қатысушылар:
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңда ТШО серіктестері мен олардың үлесі келесідей: «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» ҰҚ" АҚ - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар:
- Жалпы барланған қоры жөнінен Теңіз кенішінде 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд. баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд. баррель) шамасында мұнай бар деп есептелінеді.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерді (7,1 - 10,9 млрд. баррель) құрайды. • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға (600 000 баррельге), ал, табиғи газ 22 миллион текше метрге (750 миллион текше футқа) жетті.
- 2018 жылы мұнай өндіру көлемі 28,6 миллион тоннаны (228,2 миллион баррель) құрады
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау:
- 2000 жылдан бері ТШО қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағытталған жобаларға 3,1 млрд теңгеден астам қаржы бөлді.
- Қазіргі таңда ТШО өндірілген газдың 98%-ын кәдеге жаратуда.
- Жабдықтың сенімділігін арттыру шараларына жұмсалған инвестициялар 2000 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта зауыттардағы техникалық ақаулар санын және алауда жоспардан тыс және технология бойынша шарасыз жағылатын шикі және қышқыл газ көлемін 98%-ға азайтуға мүмкіндік берді.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 72%-ға азайды. ТШО күрделі жобаларды жүзеге асыру және жабдықтардың сенімділігіне жасалған инвестициялар нәтижесінде аталған мерзім ішінде жылдық мұнай өндіру көлемін 2,7 есе арттырды.
Өнімді сату:
- 2018 жылы ТШО сұйытылған газ сату көлемін шамамен 1,3 миллион тоннадан асырып, құрғақ газ сату көлемін 9,2 миллиард текше метр, ал күкірт сату көлемін 2,5 миллион тоннаға жеткізді.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар:
- 1993 жылдан 2018 жылға дейін ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 135 миллиард АҚШ долларынан астам соманы құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген тиісті дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2018 жылы ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 10,1 млрд АҚШ долларынан асты.
- 2018 жылы ТШО қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға 3,5 миллиард АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсады, оның 2,3 миллиард АҚШ долларынан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бастап ТШО қазақстандық компаниялардың 28 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау:
- Қазіргі таңда ТШО-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 1993 жылғы 50% көрсеткішпен салыстырғанда 81,6% құрайды.
- ТШО-дағы жергілікті ұлттық басшылардың, жоғары және орта буын жетекшілерінің үлесі жалпы басшылық құрамның 62,5% құрайды. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде жауапты басшылық лауазымдарға тағайындалған жергілікті қызметкерлер қатары көбейе түсуде.
Әлеуметтік салаға үлес:
- 1993 жылдан бастап ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 1,7 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- 2019 жылдың «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына жұмсалуда.
- 2019 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау, білім беру салаларына қолдау көрсету және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мәлімет
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты соңғы шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- Тиімділікке қол жеткізу және шығындарды азайту үшін ККЖ мен ҰЕҚБЖ жобаларының құрылысы бірге жүзеге асырылады.
- Аса сәтті жүзеге асқан ШГА-ЕБЗ жобасының жетістіктерін жалғастыра отырып, ККЖ-ны жүзеге асыру мұнай өндірісін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырып, жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- Ел аумағында ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында 45 000-нан астам қазақстандық азаматтар еңбек етеді, бұл Қазақстандағы жоба қызметкерлері жалпы санының 91%-ын құрайды.
- ТШО қазақстандық компанияларды ККЖ-ҰЕҚБЖ аясындағы жобалау, сатып алу, құрастыру жұмыстарына жұмылдырды және осы күнге дейін 2 100-ден астам қазақстандық компанияны алдын ала іріктеуден өткізді және соның ішіндегі 400-ден астам Қазақстан Республикасында тіркелген компания ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмыстарына тартылған. Мүкіндіктерін бағалау үшін 160-тан астам қазақстандық компанияға іссапар жасалды. Жоба басынан бері қазақстандық қамтуға жұмсалған қаржы көлемі 5,6 млрд АҚШ долларынан асты.
Жобаның дүние жүзі бойынша жүзеге асырылу барысы
- Жобалау тобы модуль жасау және құрылыс топтарына тиісті қолдау көрсетуді жалғастыруда.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ жабдықтарының негізгі бөлігі Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда және Италияда жасалуда, кейін олар алдын ала құрастырылған модульдер ретінде Теңізге соңғы орнатылуы үшін жіберіледі.
- Құрастырмалы модульдік эстакадалар Қазақстандағы «ЕРСАЙ» өндірістік алаңында жасалып, жиналуда. Қазақстандағы «ЕРСАЙ» өндірістік алаңынан үшінші буын зауытына (ҮБЗ) мен шикі газ айдаудың үшініші буын нысандарына (ШГАҮБ) 28 модуль жеткізілді.
- Италияның Авенца қаласындағы алаңда «Фрейм 9» газ турбиндік генераторлардың (ГТГ) модульдерін жасау және жабдықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. 2018 жылдың ішінде, осыдан бірнеше ай бұрын Италияның Авенца қаласынан алғашқы ГТГ жеткізілді және ҮБЗ-де алғашқы ГТГ-ны қайта құрастыру мүмкін болды.
- Оңтүстік Кореядан 12 модульді су жолдарымен жөнелту сәтті орындалды.
Жобаның Теңізде жүзеге асырылу барысы
- Теңіздегі жалпы мақсаттағы қызметтер тобы инфрақұрылым, тұрақты нысандар және біріккен өндірісті басқару орталығы бойынша жұмыстарды орындай отырып, аса маңызды қызметтердің барлығын толықтай атқарды.
- 2018 жылдың желтоқсанында басқару және электрмен жабдықтау тобы ҮБЗ-де негізгі қосалқы станциясын іргетасына орнатты.
- Мұнай жинау жүйесі тобы кеніш нысандары мен құбыр желілері бойынша жұмыс көлемін орындауда ілгеріледі.
- ҮБЗ-де бетон құю және жер асты құбырларды салу жұмыстары жалғасуда. Қараша айында алғашқы газ турбиналы генератор қайта құрастырылды.
- ШГАҮБ-де жалпы құрылыс және жер асты жұмыстары жалғасуда. Қараша айында алғашқы құрастырмалы модульдік эстакада іргетасына орнатылды.
История/Участники:
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы:
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд. баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд. баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд. баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 млн. кубических футов).
- В 2018 году объемы добычи сырой нефти составили 28,6 миллионов тонн (228,2 миллионов баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды:
- С 2000 года ТШО инвестировал 3,1 миллиарда долларов США на проекты по снижению воздействия на окружающую среду.
- В настоящее время ТШО утилизирует 98% газа.
- Инвестиции в повышение надёжности оборудования позволили снизить количество технических сбоев на заводах. За период с 2000 г. по 2018 г. объёмы сырого и кислого газа, внепланово и технологически неизбежно сжигаемого на факелах, уменьшились на 98%.
- С 2000 года общий удельный объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 72%, при этом ТШО увеличил годовой объем добычи нефти в 2,7 раза в результате реализации капитальных проектов и инвестиций в надежность оборудования.
Реализация продукции:
- В 2018 году ТШО реализовал более 1,3 миллиона тонн сжиженного газа, 9,2 миллиарда кубических метров сухого газа, а также 2,5 миллион тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан:
- С 1993 года по 2018 год прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 135 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- В 2018 году прямые выплаты Республике Казахстан превысили 10,1 миллиарда долларов США.
- В 2018 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 3,5 миллиарда долларов США, включая более 2,3 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 28 миллиардов долларов США.
Развитие кадров:
- Доля штатных казахстанских сотрудников ТШО составляет 81,6% по сравнению с 50% в 1993 году.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 62,5% от общего числа руководящего состава. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 1,7 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2019 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 25 миллионов долларов США, основная часть которого направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2019 году ТШО выделил более 1 миллиона долларов США на поддержку сфер здравоохранения,
- образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской области в рамках. Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общая информация
- В 2016 году партнёры ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- В целях повышения эффективности и экономии средств строительство объектов ПБР-ПУУД выполняется одновременно.
- Исходя из опыта успешной реализации проекта ЗСГ/ЗВП ТШО, ПБР увеличит объёмы производства примерно на 12 млн тонн в год или 260 000 баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 млн тонн в год или 850 000 баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- Свыше 45 000 казахстанцев работают на ПБР-ПУУД в пределах страны, что составляет 91% от общей численности персонала проекта в Казахстане.
- Компания ТШО привлекла казахстанские организации к участию в работах по проектированию, закупкам и изготовлению модулей для ПБР-ПУУД. На сегодняшний день свыше 2 100 компаний приняли участие в предварительном отборе, из них более 400 компаний получили контракты. Представители проекта посетили объекты более 160 казахстанских компаний для оценки их производственных возможностей. Сумма затрат на КС за период с начала реализации проекта cоставила 5,6 миллиардов долларов США.
Ход реализации проекта по всему миру
- Группа проектирования продолжает оказывать поддержку группам изготовления и строительства.
- Основное оборудование для ПБР-ПУУД изготавливается в Республике Казахстан, Южной Корее и Италии. После предварительной сборки оборудования в модули, последние будут отправлены на Тенгизское месторождение для окончательной сборки и монтажа.
- На производственной площадке «ЕРСАЙ» в Казахстане выполняется монтаж сборных модульных эстакад (СМЭ). 28 СМЭ были доставлены на участки завода третьего поколения (ЗТП) и закачки сырого газа третьего поколения (ЗСГТП) с площадки «ЕРСАЙ» в Казахстане.
- В г. Авенца (Италия) продолжаются работы по изготовлению и поставке модулей газотурбинных генераторов (ГТГ) «Фрейм 9». Из Авенцы были доставлены первые ГТГ, в результате чего в начале 2018 года на участке ЗТП был собран из блоков первый модуль ГТГ.
- Из Южной Кореи морем было отправлено 12 модулей.
Ход реализации проекта в Тенгизе
- Группа общих услуг в Тенгизе предоставила все критически важные услуги с учётом плана работ по объектам инфраструктуры, капитальным объектам и объединенному центру управления производством.
- В конце декабря 2018 года группа систем управления и электроснабжения установила на фундамент подстанцию «Главная» ЗТП.
- Группа системы сбора продвинулась в выполнении работ по промысловым объектам и трубопроводам.
- На ЗТП продолжаются бетонные работы и укладка подземного трубопровода. В ноябре осуществлена повторная сборка первого ГТГ.
- На ЗСГТП продолжается производство общестроительных и подземных работ. В ноябре была установлена на фундамент первая сборная модульная эстакада.