Пресс-релизы
Атырауда әлеуметтік кәсіпкерлер өз бизнесін құру бойынша екі күндік семинардан өтті
Cоциальные предприниматели Атырау прошли двухдневный семинар по созданию собственного бизнеса
2019 жылдың 15-16 ақпанында Атырау қаласында «Шеврон» компаниясы, Британдық Кеңес (British Council) және Атырау қаласы әкімдігінің «I-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» серіктестік жобасының қолдауымен Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі (ӘКМ) болашақ әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған екі күндік семинар өткізді. Білім беру жобасының негізгі мақсаты – болашақ кәсіпкерлерді әлеуметтік бизнес негіздеріне үйрету, кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және инновациялық идеяларды қолдау арқылы қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелерін шешу.
«Шағын және орта бизнесті қолдау «Шеврон» компаниясының әлеуметтік бағдарламаларының ішіндегі негізгі бағыты болып саналады. Біз әрдайым жастарды қолдаймыз және азаматтардың қаржылық әлеуетін дамытуға тырысамыз. Бұл жоба келешекте қазақстандықтардың өмірін жақсартатынына және еліміздің экономикалық дамуына ықпал ететініне кәміл сенеміз. Ал қатысушылар жаңа дағдыларға ие болып, өздерінің әлеуметтік кәсіпорындарын аша алатынына үміттенеміз», - деді Жанар Қошпанова, компания өкілі.
Жобаға барлық әлеуметтік топтар мен әртүрлі жастағы азаматтар қатыса алды және жалпы 40 қатысушы іріктелінді. Іріктеуден өту үшін үміткерлер онлайн-сауалнаманы толтыруға тиісті болды. Іріктеу барысында қатысушылардың Атырау өңірінің өзекті мәселелерін шешу үшін әлеуметтік жоба құру мүддесі негізге алынды.
Семинар барысында болашақ әлеуметтік кәсіпкерлер Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайтын тәжірибелі әлеуметтік кәсіпкерлермен, ұйымдармен танысып, презентация, пікірталастарға және нетворкингке қатысты.
Эмин Әскеров, “Green TAL” әлеуметтік шеберханасының негізін қалаушы және ӘКМ-нің тренері: «Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебіне қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобаларын бастау үшін қажетті білім алды. Екі күндік семинарда олар кәсіпкерліктің теориялық және практикалық негіздерін өтті, бизнес-жоспарлау мен өндірістік шеберханаларды ашу бойынша дайындықтан өтті. Бұл жоба азаматтарға идеяларын біріктіруге және дамытуға мүмкіндік берді» - деді.
Екі күндік семинар қатысушыларға әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы білімдерін тереңдетіп, жеке әлеуметтік кәсіпорындарын құру және дамытуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі 2018 жылдың 2 ақпанында Астана қаласында ашылды. ӘКМ-нің қолдауымен 12 әлеуметтік кәсіпорын пайда болды. 2018 жылдың жазғы мауысымында ӘКМ аясында Қазақстанның 13 қалаларына іс-сапар ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: әлеуметтік кәсіпкерлік идеясын тарату.
Байланыс тұлғасы: Эмин Аскеров
Қазақстан, Астана қаласы +7 777 062 63 62
Email: emin.mir@gmail.com
15-16 февраля 2019 года в Атырау состоялся двухдневный семинар для будущих социальных предпринимателей, организованный Школой Социального Предпринимательства (ШСП) совместно с партнерским проектом Британского Совета (British Council), компанией «Шеврон» и акиматом Атырауской области «I-SEED: Инновации – социальное предпринимательство и образование». Основная цель образовательного проекта - обучение желающих создать свой социальный проект, развитие предпринимательских навыков и поддержка инновационных идей, направленных на решение актуальных социальных проблем в современном обществе.
«Поддержка и развитие малого и среднего бизнеса является важным направлением для социальным программ компании «Шеврон». Мы всегда поддерживали молодежь и помогали развивать финасовый потенциал людей. Надеемся, что данный проект позволит участникам приобрести новые навыки и открыть собственные социальные предприятия, которые в дальнейшем будут способствовать улучшению жизни казахстанцев и экономическому развитию страны», - говорит представитель компании Жанар Кошпанова.
Проект ориентирован на людей разных возрастов и социальных групп. Для участия в семинаре было отобрано 40 человек. Отбор проводился через онлайн опросник для выявления личной мотивации претендента - создать социально-ориентированный проект для решения актуальных проблем Атырауского региона.
В рамках семинара будущие социальные предприниматели приняли участие в презентациях, дискуссиях и нетворкинге с опытными социальными предпринимателями и организациями, поддерживающими социальное предпринимательство в Казахстане.
Как отметил тренер ШСП и основатель социальной мастерской “Green TAL”, Эмин Аскеров, «Школа Социального Предпринимательства дает возможность получить все необходимые знания для старта социально ориентированных проектов. В рамках двухдневного семинара участники получают теоретические и практические основы социального предпринимательства, обучаются бизнес планированию и построению производственных мастерских. Кроме того, данный проект позволяет объединить людей и развить их идеи».
Двухдневный семинар помог участникам проекта углубить знания в области социального предпринимательства, и теперь будущие предприниматели смогут создавать и развивать собственные социальные предприятия.
Школа Социального Предпринимательства открылась в Астане 2 февраля 2018 года. За время существования ШСП появилось 12 социальных предприятий в Астане. Летом 2018 года в рамках ШСП была организована выездная поездка по 13 городам Казахстана. Основная цель: распространить идею социального предпринимательства.
Контактное лицо: Эмин Аскеров
Астана, Казахстан +7 777 062 63 62
Email: emin.mir@gmail.com