Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ «Үздік маман» байқауының екінші туры бастау алды
В Атырау стартовал второй тур конкурса «Лучший по профессии» АО «КазТрансОйл»
С 22 - 25 сәуір аралығында Атырауда «ҚазТрансОйл» АҚ дербес құрылымдық бөлімшелері (ДҚБ) арасындағы байқаудың 1 тур жеңімпаздары арасында «Үздік маман» байқауының 2 туры өтеді. Биыл өз мамандығының үздігі атағы үшін ДҚБ 1 турының 75 жеңімпазы сынға түседі. Байқауда мамандар «Үздік желілік мұнайқұбыршы», «Үздік электргаздәнекерлеушісі», «Үздік тауар операторы», «Үздік химиялық сараптау лаборанты», «Үздік технологиялық құрылғыларды жөндеу слесарі», «Үздік бақылау-өлшеу құралдары және және автоматика слесарі», «Үздік электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету электромонтері» және «Үздік мұнай айдау стансасының операторы» сынды 8 аталым бойынша бақ сынайды.
«Үздік маман» байқауының екінші туры Атырау мұнай құбыры басқармасының өндірістік нысандары- Т.Қасымов және Н.Шманов атындағы мұнай айдау стансаларында өтеді. Байқау қорытындысы 2019 жылдың 25 сәуірінде жарияланады.
Биылғы байқау 1 және 2 турды қосқанда қатысушылардың рекордтық санын жинады - «ҚазТрансОйл» АҚ-ның барлық бөлімшелері бойынша 308 маман қатысты. Олардың 40 пайыздан астамы жас мамандар. 2 турдың жеңімпаздары халықаралық «Үздік маман» байқауына жолдама алады. Халықаралық байқау әлемдегі ең ірі мұнай тасымалдаушылар, Халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациасының (МАТН) құрамындағы: ресейлік «Транснефть», белорустық «Гомельтранснефть - Дружба», украиналық «Укртранснафта», словакиялық «Транспетрол», венгрлік MOL және қытайлық CNPC компанияларының мамандары арасында Атыраудағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өндірістік нысандарында өткізілмек. Майталмандар арасындағы Халықаралық масштабтағы сайыс Қазақстанда тұңғыш рет өткізілгелі отыр.
Бүгін байқау 2 турының ашылу салтанатында қатысушыларды «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов құттықтап, сәттілік тіледі.
«Үздік маман» байқауы – білім мен біліктілікті сынайтын, тәжірибе бөлісетін және шеберлікті шыңдайтын сайыс алаңы. Сіздер өз істеріңізбен байқаудың екінші турына қатысуға лайық екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Сіздердің араларыңызда осы байқаудың болашақ жеңімпаздары, халықаралық байқаудың қатысушылары тұр. Халықаралық дәрежедегі байқау осы Атырау жерінде тамыз айында өткізіледі. Сіздердің жоғары деңгейде шеберлік үлгісін көрсететіндеріңізге сенім білдіремін», - деді Д.Досанов қатысушыларға арнаған тілегінде.
Салтанатты шара аясында компания басшысы мұнайқұбыршылардың болашақ буынына арнаған жолдауын «Достық» футурологиялық капсуласына салып, оны мұнай тасымалдаушылардың халықаралық ассоциациясы мүше мемлекеттердегі компанияларға аттандырды Капсуланың қозғалыс бағыты серіктес компанияларды байланыстыратын мұнай құбыры желісімен сәйкес жүреді: Қазақстаннан-Ресейге, ары қарай Украинаға, Белоруссияға, Словакияға, Венгрияға және Чехияға жеткізіледі. Ал, Қазақстаннан Қытайға капсуланы аттандыру бөлек бағыт бойынша жүреді. Капсула жолында жоғарыда аталған елдердегі мұнай тасымалдайтын компаниялардың бірінші басшыларының «Болашақтағы мұнай тасымалы технологиясы» тақырыбындағы 8 жолдауын жинайды.
Тамыз айында капсула Атырауға оралып, халықаралық «Үздік маман» байқауының ашылу салтанатында «Достық» стеласына қойылады. Бірінші басшылардың жолдауы 2023 жылы халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациясының 10 жылдығы шарасында ашылып оқылады.
Анықтама
«ҚазТрансОйл» АҚ жұмысшы мамандары арасындағы «Үздік маман» байқауы алғаш рет 1999 жылы Ақтау қаласында өткізілді. Ал, 2003 жылы халықаралық аренаға шықты. Оған «Транснефть» (Ресей), «Укртранснафта» (Украина), «Гомельтранснефть – Дружба» (Беларус) акционерлік қоғамдарының мұнай тасымалы саласындағы жетекші мамандықтарының жұмысшылары қатысты. 2017 жылы Ресейдің Омск қаласында «Транснефть» ҚАҚ өндірістік нысандарында өткен халықаралық байқауға Халықаралық мұнай тасымалдаушылар ассоциациасының құрамындағы Чехия, Венгрия, Словакия және Қытайдағы ірі мұнай тасымалдаушы компаниялардың мамандары қосылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистарльды мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым әртараптандырылған магистаральды мұнай құбыры желісіне иелік етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өндірістік нысандары Қазақстанның Шымкент қаласында, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі Департаменті
С 22 по 25 апреля в городе Атырау состоялся 2 тур конкурса «Лучший по профессии» среди победителей конкурса 1 тура, состоявшегося в обособленных структурных подразделениях (ОСП) АО «КазТрансОйл». В этом году за звание лучшего в своем деле будут соревноваться 75 победителей 1 тура ЛПП ОСП. Всего в конкурсе 8 номинаций: «Лучший трубопроводчик линейный», «Лучший электрогазосварщик», «Лучший оператор товарный», «Лучший лаборант химического анализа», «Лучший слесарь по ремонту технологического оборудования», «Лучший слесарь по контрольно-измерительным приборам и автоматике», «Лучший электромонтер по ремонту и обслуживанию электрооборудования», «Лучший оператор нефтеперекачивающей станции».
Второй тур конкурса «Лучший по профессии» проходит на производственных объектах Атырауского нефтепроводного управления – нефтеперекачивающих станциях им. Шманова и им. Касымова. Итоги конкурса будут объявлены 25 апреля 2019 года.
Нынешний конкурс, включая 1 и 2 туры, собрал рекордное количество участников – 308 специалистов со всех подразделений АО «КазТрансОйл». Из них более 40% - молодые специалисты компании. Победители 2 тура примут участие в международном одноименном конкурсе, который пройдет в августе этого года на производственных объектах АО «КазТрансОйл» в Атырау среди специалистов крупнейших нефтетранспортных компаний, участниц Международной ассоциации транспортировщиков нефти (МАТН): российской «Транснефть», белорусской «Гомельтранснефть Дружба», украинской «Укртранснафта», словацкой «Транспетрол», венгерской MOL, китайской CNPC. В таком масштабе конкурс профмастерства в Казахстане пройдет впервые.
На торжественном открытии 2-го тура соревнований профессионального мастерства конкурсантов приветствовал генеральный директор (председатель Правления) АО «КазТрансОйл» Димаш Досанов.
«Конкурс «Лучший по профессии» - это наш праздник знаний, опыта, высокой квалификации и преданности делу. Вы на деле доказали, что достойны участвовать во втором туре конкурса. Среди вас – будущие победители и участники международного конкурса, который состоится в августе, здесь, на атырауской земле. Уверен, что вы справитесь и покажете достойный результат», - обратился Д. Досанов к участникам.
В рамках мероприятия глава компании заложил свое послание будущему поколению нефтепроводчиков в футурологическую капсулу «Дружба» и дал старт ее отправке компаниям-участницам МАТН. Маршрут движения капсулы совпадает с линиями трасс систем нефтепроводов, связующих партнерских компаний: из Казахстана - в Россию, Украину, Беларусь, Словакию, Венгрию и Чехию. Отдельный маршрут предусматривает отправку капсулы из Казахстана в Китай. На своем пути капсула соберет 8 посланий от первых руководителей нефтетранспортных компаний этих стран на тему «Нефтетранспортные технологии будущего».
В августе капсула вернется в Атырау и будет заложена в стелу «Дружбы» на открытии международного конкурса «Лучший» по профессии». Послания первых руководителей будут вскрыты и зачитаны на 10-летии МАТН в 2023 году.
Справка
Первый конкурс «Лучший по профессии» среди специалистов рабочих профессий АО «КазТрансОйл» состоялся в городе Актау в 1999 году, а в 2003-м вышел на международную арену. В нем приняли участие рабочие ведущих профессий нефтетранспортной отрасли – акционерных компаний «Транснефть» (Россия), «Укртранснафта» (Украина), «Гомельтранснефть – Дружба» (Беларусь). В 2017 году к международному конкурсу, который прошел в российском Омске, на производственных объектах ПАО «Транснефть», присоединились специалисты крупнейших нефтетранспортных компаний-участниц Международной ассоциации транспортировщиков нефти - Чехии, Венгрии, Словакии и Китая.
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью и внутренним коммуникациям АО «КазТрансОйл»