Пресс-релизы
Өзі көтерілетін қалқымалы Satti бұрғылау қондырғысы Бакуге келді
Самоподъемная плавучая буровая установка Satti прибыла в Баку
2019 жылғы 19 маусымда Баку қаласында қазақстандық өзі көтерілетін қалқымалы Satti бұрғылау қондырғысын (бұдан әрі – қондырғы) ресми қабылдау салтанаты өтті. Шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және Әзірбайжанның Socar мемлекеттік мұнай-газ компаниясының президенті (бұдан әрі – Socar) Ровнаг Абдуллаев қатысты.
«Мұндай жобалар екі компания арасындағы достық пен ынтымақтастықтың нышаны болып табылады. Біз алдағы уақытта да серіктестерімізбен бірлескен қызметімізді одан әрі дамытып, ортақ жобаларды бірге іске асыруға мүдделіміз. Бұл қос тарап үшін мүмкіндіктер аясын кеңейтіп қана қоймай, қазақстандық мұнай-газ секторының құзыреті мен бәсекеге қабілетін арттыруға жағдай туғызады» - деп атап өтті А. Айдарбаев.
Satti бұрғылау қондырғысы – бұл толығымен Қазақстанда құрастырылған алғашқы платформа. Ол үш жыл бойы Американың озық технологиялары бойынша екі верфьте салынды. Қондырғы Каспий теңізінде 80 метрге дейінгі тереңдікте бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған. Қондырғыны пайдалану аясында оны жаңғырту жоспарлануда. Бұл 6 000 метрге дейін тереңдіктегі барлау ұңғымаларының қауіпсіз әрі тиімді бұрғылауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан-Әзірбайжан мамандарының командасы жасақталды. Олар бұрғылауға қатысып, техникалық қолдау көрсететін болады.
Еске сала кетейік, 2019 жылғы ақпан айында ҚМГ қондырғыны SOCAR компаниясына сенімді басқаруға беру жөнінде келісті. Маусымның 14-і ҚМГ еншілес ұйымы «Қазақтеңізкөлікфлоты» қондырғыны Құрық портынан Баку қаласына тасымалдауға кірісті.
Анықтамалық ақпарат:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Әзірбайжанда мұнай-газ кен орындарын барлаумен, мұнай, газ және газ конденсатын өндіру, қайта өңдеу және тасымалдаумен, ішкі және халықаралық нарықтарда мұнай өнімдері мен мұнай химиясы өнімдерінің маркетингі, сондай-ақ тұрғындар мен өнеркәсіп нысандарына табиғи газды жеткізумен айналысады.
19 июня 2019 года в Баку состоялась официальная церемония приема казахстанской самоподъемной плавучей буровой установкой Satti (далее – СПБУ). В мероприятии приняли участие председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) Алик Айдарбаев и президент Азербайджанской государственной нефтегазовой компании Socar (далее – Socar) Ровнаг Абдуллаев.
«Подобного рода проекты являются символом дружбы и конструктивного сотрудничества двух компаний. Мы намерены и дальше развивать совместную деятельность с нашими партнерами и поддерживать общие проекты. Это ведет не только к расширению возможностей для обеих сторон, но и позволяет повышать компетенции и конкурентоспособность казахстанского нефтегазового сектора», - отметил А. Айдарбаев.
Буровая установка Satti - это первая платформа, построенная целиком в Казахстане, строилась в течение трех лет по американским технологиям на двух верфях. СПБУ предназначена для проведения буровых работ в Каспийском море на глубине до 80 метров. В рамках эксплуатации СПБУ предусмотрена ее модернизация, что позволит обеспечить безопасное и эффективное бурение разведочных скважин глубиной до 6 000 метров. Сформирована казахстанско-азербайджанская команда специалистов, которая будет участвовать в бурении и оказывать техническую поддержку.
Напомним, в феврале 2019 года КМГ договорился о передаче СПБУ в доверительное управление компании SOCAR. 14 июня дочерняя компания КМГ «НМСК «Казмортрансфлот» начала транспортировку СПБУ из порта Курык в Баку.
Справочная информация:
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» − казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% − Национальному банку Республики Казахстан.
Государственная нефтяная компания Азербайджанской Республики SOCAR занимается разведкой нефтяных и газовых месторождений, добычей, переработкой и транспортировкой нефти, газа и газового конденсата, маркетингом нефтепродуктов и продуктов нефтехимии на внутреннем и международном рынках, а также поставками природного газа населению и промышленным объектам в Азербайджане.