Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
«Теңізшевройл» ЖШС «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ң Атырау филиалына музыкалық жабдықты сыйға тартты ТОО «Тенгизшевройл» передал в дар музыкальное оборудование Атыраускому филиалу ОО «Казахское общество слепых»
2019 жылы 28 тамыз, Атырау қ. – «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ-ң Атырау филиалы (бұдан әрі - қоғам) заманауи музыкалық жабдықтармен толықты. Сыйға тартушы «Теңізшевройл» ЖШС болды. Компания қоғамның сұранысы бойынша 2 млн теңгеден астам сомаға музыкалық аспаптар мен акустикалық жабдықтар бергенін атап өтті.
«Біздің кішігірім сыйлығымыз Атырау соқырлар қоғамы мүшелерінің бос уақытын өткізуге және олардың шығармашылық дамуына ықпал етеді деген үміттеміз. Ортақтастыру және өзгешеліктерді құрметтеу ТШО мекемесінің басты құндылықтарының бірі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қаланың қоғамдық және мәдени өмірінің барлық аспектілеріне қатысуларына көмектесетін бастамаларды қолдап отырғанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті ТШО үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев.
«Қазақ соқырлар қоғамының» Атырау филиалында музыкалық құрал-жабдықтар бүгінгі күнге дейін өзекті мәселе болып тұрды. Қоғам төрағасы Жұпар Сәрсекенованың айтуынша, көру қабілеті бұзылған адамдар шығармашылыққа деген қызығушылық танытады, алайда қажетті жағдайлар мен қажетті құрал-жабдықтардың жоқтығына байланысты өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болмады. Сыйға алынған музыкалық аспаптар мен жабдықтар қоғам мүшелерінің бос уақытын сан алуан етіп өткізуге және қала мен облыстың түрлі шығармашылық конкурстарына қатысуға көмектеседі, деп ойымен бөлісті ол.
«Теңізшевройл» ЖШС мен «Қазақ соқырлар қоғамының» Атырау филиалы алғаш рет бірге қызмет істеп жатқан жоқ. 6 жыл бойы компания қызметкерлері еріктілер ретінде ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы «Ынтымақ» әлеуметтік жобасы арқылы осы ұйымды белсенді түрде қолдап келеді. Бүгінгі таңда 200-ден астам адам қоғам мүшелері болып табылады.
Бұған дейін ТШО ағымдағы жылдың наурыз айында қалаға механикалық пандустармен жабдықталған 50 жаңа автобусты сыйға тартқан болатын, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес қосты.
1993 жылдан бері «Теңізшевройл» ЖШС Атырау облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1,8 млрд АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады. Тиісінше 25 млн және 1 млн АҚШ доллар сомасында жылдық бюджеттері бар «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың ерікті бағдарламасы және әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы кәсіпорынның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы негізгі бастамалары болып табылады.
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
28 август 2019 г., Атырау – Музыкальный инвентарь Атырауского филиала ОО «Казахское общество слепых» (далее - Общество) пополнился современным оборудованием. Дарителем выступил ТОО «Тенгизшевройл». В компании отметили, что согласно запросу, Обществу были переданы музыкальные инструменты и акустическое оборудование на сумму свыше 2 млн тенге. «Мы надеемся, что наш скромный дар поможет организовать досуг членов Атырауского общества слепых и поспособствует их творческому развитию. Инклюзивность и уважение к различиям являются одними из главных ценностей ТШО и мы рады поддержать инициативы, которые помогут людям с ограниченными возможностями улучшить качество их жизни и быть вовлеченными во все аспекты общественной и культурной жизни города», - подчеркнул Рзабек Артыгалиев, Генеральный менеджер по связям с правительством и общественностью ТШО.
В Атырауском филиале «Казахского общества слепых» сообщили, что вопрос с музыкальным оборудованием до сегодняшнего дня стоял остро. По словам председателя Общества Жупар Сарсекеновой, люди с нарушениями зрения проявляют живой интерес к творчеству, но, ввиду отсутствия необходимых условий и нужного инвентаря, им не всегда представляется возможность проявить свои способности. Полученные в дар музыкальные инструменты и оборудование помогут разнообразить досуг членов Общества и включиться в различные творческие конкурсы города и области, считает она.
ТОО «Тенгизшевройл» и Атырауский филиал «Казахского общества слепых» сотрудничают не в первый раз. В течении 6 лет сотрудники компании в качестве волонтеров активно поддерживают эту организацию через социальный проект «Ынтымак» в рамках Программы социальных инвестиций ТШО. На сегодняшний день членами Общества являются свыше 200 человек.
Ранее в марте т.г. ТШО передал в дар городу 50 новых автобусов, оснащенных механическими пандусами, что стало значительным вкладом в улучшение качества жизни людей с ограниченными возможностями.
С 1993 г. ТОО «Тенгизшевройл» направил более 1,8 млрд долларов США на реализацию социальных проектов в Атырауской области. Добровольная программа социальных инфраструктурных проектов «Игілік» и Программа социальных инвестиций с годовыми бюджетами в 25 млн и 1 млн долларов США, соответственно, являются ключевыми инициативами в области корпоративной социальной ответственности предприятия.
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет разработку, производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.