Пресс-релизы
ҚМГ тарихында ілеспе мұнай газын кәдеге жарату ең жоғары деңгейге жетті Уровень утилизации попутного нефтяного газа достиг максимума за всю историю КМГ
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) компаниялар тобы бойынша ілеспе мұнай газын (ІМГ) кәдеге жарату деңгейі 2018 жылы 93%-ға жетті. Бұл компания тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Мұндай деректер ҚМГ-нің 2018 жылғы Орнықты даму туралы есебінде (бұдан әрі-ТБЖ) келтіріледі. Құжатта ұлттық компанияның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салалардағы қызметі туралы ақпарат берілген.
Есепке сәйкес, газды жағу көрсеткіші өндірілген көмірсутек шикізатының 1000 тоннасына 6 тонна деңгейіне сәйкес келеді. Бұл Мұнай және газ өндірушілерінің халықаралық қауымдастығының орташа әлемдік көрсеткішінен 50%-ға төмен (орташа көрсеткіш – 12,1). Мұндай көрсеткішке қол жеткізу Прорва кен орындары тобында газды кешенді өңдеу қондырғысын орнатудың арқасында мүмкін болды. Нәтижесінде Прорва кен орындарындағы қондырғының іске қосылуына байланысты алаудан шығатын парниктік газдардың тікелей көлемі 80%-ға азайып, 41,5 мың тоннаны құрады (2017 жылы 211,6 мың тоннаны құраған). 2030 жылға дейін ҚМГ компаниялар тобы тұрақты ІМГ алаулатып жағу практикасын толық тоқтатуды жоспарлап отыр.
Компания жыл сайын кәдеге жаратудың жаңа нысандарын салады, өндірістерді қайта жаңартады, құбырлар мен инфрақұрылым құрылысына инвестициялар салады. Мысалы, пайдалануға берілген Ақтөбе облысындағы Қожасай кен орнында газды кешенді өңдеу қондырғысы алауларда газды жағу мөлшерін 173 млн м3-ден 50 млн м3-ге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, компания қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды бөледі, атап айтқанда нормативтік эмиссиялар үшін салық төлеуді, табиғатты қорғау іс-шараларына, сақтандыруға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы өтемақы іс-шараларына, қоршаған ортаға әсерді болдырмауға арналған инвестицияларға және т.б. қамтитын экологиялық шығындарды өтейді.
Орнықты даму туралы есеппен толығырақ сілтеме арқылы өтіп, таныса аласыз – http://www.kmg.kz
Анықтама үшін:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
Уровень утилизации попутного нефтяного (ПНГ) газа по группе компаний АО НК «КазМунайгаз (далее – КМГ) в 2018 году достиг 93%. Это самый высокий показатель за всю историю компании. Такие данные приводятся в Отчете об устойчивом развитии КМГ за 2018 год (далее – ОУР). В документе представлена информация о деятельности КМГ в социальной, экономической и экологической сферах.
Согласно отчету, показатель сжигания газа находится на уровне 6 тонн на 1000 тонн добытого углеводородного сырья, что почти на 50% ниже среднемирового показателя Международной ассоциации производителей нефти и газа (средний показатель – 12,1). Результат стал возможным благодаря установке комплексной переработки газа на Прорвинской группе месторождений. Так, объем прямых выбросов парниковых газов от факела в связи с запуском установки на месторождении Прорва сократился на 80% и составил 41,5 тыс. тонн (211,6 тыс. тонн в 2017 году). До 2030 года группа компаний планирует полностью прекратить практику регулярного факельного сжигания ПНГ.
Компания ежегодно строит новые объекты утилизации, проводит реконструкцию имеющихся производств, инвестирует в строительство трубопроводов и инфраструктуры. К примеру, введенная в эксплуатацию установка комплексной переработки газа на месторождении Кожасай в Актюбинской области позволит сократить сжигание газа на факелах со 173 млн м3 до 50 млн м3.
Кроме того, компания также выделяет необходимые ресурсы на охрану окружающей среды, в частности экологические затраты, включающие в себя выплату налогов за нормативные эмиссии, затраты на природоохранные мероприятия, страхование, компенсационные мероприятия в области охраны окружающей среды, инвестиции на предотвращение воздействия на окружающую среду и пр.
Более подробно ознакомиться с отчетом можно перейдя по ссылке - http://www.kmg.kz
Справочная информация:
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% Национальному банку Республики Казахстан.