Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптарын енгізу арқылы 430 млн. астам теңгені үнемдеді Свыше 430 млн тенге сэкономило АО «КазТрансОйл» за счет внедрения необслуживаемых узлов связи
Қызмет көрсетілмейтін байланыс тораптары (ҚКБТ) – телекоммуникациялық жабдықты орнатуға арналған бөлек ықшам үй-жайлар. Бұрын тораптар персонал тәулік бойы кезекшілік ететін және жабдықты пайдаланудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейтін бөлмелер болатын.
Жеке ҚКБТ құрылысы байланыс инженерлерінің тәулік бойы жұмыста болуларынан бас тартуға, барлық ҚКБТ жүйелеріне орталық бақылау мен басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Климатты бақылау, өртті сөндіру, бейнебақылау, қол жеткізуді бақылау жүйелері жетілдірілді. Балама қуат көздері сәтті іске асырылды.
ҚКБТ құрылысы 2013 жылы басталды. Кейінгі 4 жыл ішінде бүкіл мұнай құбыры жүйесі бойынша ҚКБТ-ның 26 объектісі салынды. Нәтижесінде жаңа жабдықты пайдалануға берген сәттен бастап 3 жыл ішінде сырт операторлардан үй-жайларды жалға алу шығындарын төмендету және байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы- профилактикалық жұмыстардың жиілігін азайту арқылы 430 млн. теңгеден астам экономикалық тиімділікке қол жеткізілді.
«Бұл тораптардағы жабдықтың әдеттегіден айырмашылығы, ай сайын техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, қазіргі уақытта жоспарлы- профилактикалық жұмыстар жарты жылда бір рет жүргізіледі. ҚКБТ-ның барлық жабдықтары қашықтан басқару жүйелерімен жабдықталған және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет етуге және ақауларды уақытылы жоюға мүмкіндік береді», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ басқарушы директоры Әлімжан Дүйсенов.
Анықтама
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Необслуживаемые узлы связи (НУС) – отдельные компактные помещения, предназначенные для установки телекоммуникационного оборудования. Ранее узлы представляли собой помещения, в которых круглосуточно дежурил персонал, и не отвечали современным требованиям для работы оборудования.
Строительство собственных НУС позволило отказаться от круглосуточного присутствия инженеров связи, организовать централизованный контроль и управление всеми системами НУС. Модернизированы системы климат контроля, пожаротушения, видеонаблюдения, контроля доступа. Успешно внедрены альтернативные источники питания.
Строительство НУС началось в 2013 году. В течение последующих 4 лет по всей системе нефтепроводов было построено 26 объектов НУС. В результате за 3 года с момента ввода в эксплуатацию нового оборудования, за счет снижения затрат на аренду помещений у сторонних операторов и уменьшения периодичности планово-профилактических работ по техническому обслуживанию систем связи, был получен экономический эффект свыше 430 млн тенге.
«Оборудование на этих узлах, в отличие от обычного, не требует ежемесячного обслуживания, в настоящее время планово-профилактические работы проводятся один раз в полгода. Все оборудование в НУС оснащено системами удаленного мониторинга и, в случае нештатных ситуаций, позволяет оперативно реагировать и своевременно устранять неисправности», - уточнил управляющий директор АО «КазТрансОйл» Алимжан Дюсенов.
Справка
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»