Пресс-релизы
Мұнайлы Ембіде қор көлемі айтарлықтай артты Нефтяная Эмба прирастила значительные запасы
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуге қатысты тапсырмасына сәйкес, «Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) 2019 жылы негізінен қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау есебінен Компанияның көмірсутегі шикізат базасының айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті.
ЕМГ мұнайының алынатын қоры 01.01.2020 ж. жағдай бойынша 86,2 млн. тоннаны құрады. Ал өткен жылғы есептік кезеңде - 74,3 млн. тонна болды.
- 2019 жылы Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар корлары жөніндегі мемлекеттік комиссиясы қолданыстағы С.Нұржанов, Кенбай (Шығыс Молдабек учаскесі), Досмұхамбетов, Ботахан және қайта ашылған Батыс Қарасор (1,4 млн.тн) кен орындарында 14,8 млн. тонна көлемінде қорды балансқа алып, бекітті. Қор өсіміне байырғы кен орындарын игеруге оңтайлы көзқарас пен жаңа әдістер мен технологияларды қолдана отырып, белсенді барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізілді, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Бұған қоса, өткен жылы ЕМГ Тайсойған барлау блогында 5600 шақырым квадрат аумақ көлемінде 3Д МОГТ сейсмобарлау жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта алынған 3D MOGT деректерін өңдеу және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, соның негізінде барлау бұрғылау жұмыстары үшін болашақ құрылымдар дайындалады.
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.
«Ембімұнайгаз» АҚ 2012 және 2019 жылдың 9 айлық қорытындысы бойынша республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трл 041 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.
«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТЛЕУОВА
тел: тел: 8 (7122) 99-32-09
В рамках поручения президента РК К. Токаева об усилении геологоразведочных работ, АО «Эмбамунайгаз» (далее ЭМГ или Компания) в 2019 году обеспечило существенный прирост ресурсной базы углеводородов Компании, преимущественно за счет доразведки действующих месторождений.
Остаточные извлекаемые запасы нефти ЭМГ по состоянию на 01.01.2020 г. составили 86,2 млн. тонн, против 74,3 млн. тонн на 01.01.2019 г.
- В 2019 году Государственной комиссией по запасам полезных ископаемых РК утверждены и приняты на баланс запасы нефти в объеме 14,8 млн. тонн по действующим месторождениям С. Нуржанов, Кенбай (участок Молдабек Восточный), Досмухамбетовское, Ботахан и вновь открытому месторождению Карасор Западный (1,4 млн. т.). Прирост достигнут в результате рационального подхода к разработке зрелых месторождений и проведении активных геологоразведочных работ с применением новых методов и технологий, - отметил председатель Правления ЭМГ Ануар ЖАКСЫБЕКОВ.
Дополнительно, ЭМГ в прошлом году завершил масштабные полевые сейсморазведочные работы 3Д МОГТ на участке Тайсойган в объеме 5600 кв. км. В настоящее время выполняется обработка и интерпретация полученных данных 3Д МОГТ, по итогам которых будут подготовлены перспективные структуры для постановки поисково-разведочного бурения.
Справочно:
АО «Эмбамунайгаз» – дочернее предприятие АО «Национальная Компания «КазМунайгаз». Официальный отсчет истории АО «Эмбамунайгаз» ведется с 1922 год – с момента создания треста «Эмбанефть» для освоения месторождений Доссор и Макат. Основные направления деятельности компании: геологоразведка, разработка нефтегазовых месторождений; добыча нефти и газа; подготовка нефти и газа. В состав АО «Эмбамунайгаз» входят 6 производственных структурных подразделений в г. Атырау и 4 районах Атырауской области: «Жайыкмунайгаз», «Доссормунайгаз», «Кайнармунайгаз», «Жылыоймунайгаз», управление «Эмбамунайэнерго» и «Управление производственно-технического обслуживания и Комплектации оборудования» (УПТО и КО). Компания поставляет добываемую нефть на экспорт и внутренний рынок. На внутренний рынок нефть поставляется на нефтеперерабатывающие заводы РК. На экспорт нефть поставляется по двум основным маршрутам: по трубопроводам Каспийского Трубопроводного Консорциума (КТК) и Узень-Атырау-Самара (УАС). Реализация товарного газа осуществляется через национального оператора РК в сфере газа и газоснабжения - АО «КазТрансГаз». С 1 октября 2012 г. по 2019 г. АО «Эмбамунайгаз» направила на выплату налогов в республиканский и местный бюджеты более 1 триллиона тенге, на развитие региональной инфраструктуры выделено более 4,3 млрд. тенге. АО «Эмбамунайгаз» осуществляет свою деятельность в соответствии с международными стандартами ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001.
Служба по связям с общественностью АО «Эмбамунайгаз»
Контакты для прессы:
Айгуль ЕРТЛЕУОВА
тел: 8 (7122) 99-32-09