Пресс-релизы
«Транснефть» ЖАҚ кондициясыз мұнай үшін 5 қазақстандық мұнай компаниясына төлемдер жүргізді 5 казахстанским нефтяным компаниям произведены выплаты ПАО «Транснефть» за некондиционную нефть
Усть-Луга портында шамамен 699 мың тонна кондициясыз мұнайды тиеген үшін шығындарды өтеу мәселесіне қатысты 38 қазақстандық мұнай компаниясының атынан мәлімдеме жасайтын «Транснефть» ЖАҚ пен «ҚазТрансОйл» АҚ арасындағы қол қойылған келісімдер шеңберінде 5 қазақстандық мұнай компаниясына «Транснефть» ЖАҚ тарапынан төлемдер жүргізілді. Алдында 32 компанияға төлемдер жасалған.
2019 жылдың сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қосылыстардың жоғары шоғырлануына байланысты төтенше жағдай қалыптасқанын естеріңізге саламыз, бұл Усть-Луга портындағы танкерлерге қазақстандық жүк жөнелтушілердің кондициясыз мұнайын тиеуге алып келді.
Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю) және КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
В рамках подписанных соглашений между ПАО «Транснефть» и АО «КазТрансОйл», выступающим от имени 38 казахстанских нефтяных компаний в вопросе возмещения затрат за отгрузку около 699 тыс. тонн некондиционной нефти в порту Усть-Луга, 5 казахстанским нефтяным компаниям произведены выплаты со стороны ПАО «Транснефть». Ранее выплаты были произведены 32 компаниям.
Напомним, в апреле-мае 2019 года в системе магистральных нефтепроводов ПАО «Транснефть» сложилась чрезвычайная ситуация, связанная с наличием в транспортируемой нефти высоких концентраций хлорорганических соединений, что привело к отгрузке некондиционной нефти казахстанских грузоотправителей на танкеры в порту Усть-Луга.
Для справки:
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской и Актюбинской областях Казахстана. Транспортирует нефть на казахстанские нефтеперерабатывающие заводы и на экспорт по 5 направлениям: нефтепроводы «Атырау – Самара» и «Казахстан-Китай», порт Актау (налив нефти в танкеры), железная дорога (налив в цистерны), перевалка в систему КТК.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»