Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ 2019 ж. әлеуметтік инвестициялар бағдарлама нәтижелерін қорытындыладыТЕНГИЗШЕВРОЙЛ подвел итоги Программы социальных инвестиций за 2019 год
Жалпы жиналыс кәсіпорынның бас кеңсесінде қала жұртшылығының қатысуымен өтті
28 ақпан 2020 жыл, АТЫРАУ – «Теңізшевройл» ЖШС Атырау облысындағы 2019 жылға арналған әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының нәтижелері бойынша қорытынды жасады. Жұртшылықтың, әкімдік өкілдері мен кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген іс-шара кәсіпорынның Атырау қаласындағы бас кеңсесінде өтті. Іс-шараға қатысушыларды ТШО бас директоры Имер Боннер қарсы алды.
«Биылғы жылы мерейтой жылы болғалы тұр. Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының құрылғанына 10 жыл толды. Барлық серіктестерімізді, үкіметтік емес ұйымдарды құттықтай отырып, оларға алғыс айтқым келіп тұр. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында қоғамға игі әрі маңызды жобалар жүзеге асырылуда», - деді Боннер ханым келушілерге. Ол, сондай-ақ, Президент Тоқаевтың 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялағанын еске салып, барлық белсенділерді осы жаңалықпен құттықтады.
ТШО әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы өз бастауын 2010 жылы алды және қоғамдық ұйымдарын білім беру, денсаулық сақтау, экология, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік және адами капиталды ұлғайту саласындағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тартуға бағытталған.
«2019 жылы 7 үкіметтік емес ұйымдар Атырау облысы аумағында 7 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Осы мақсатта ТШО әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында бір миллионнан астам АҚШ долларын бөлді», - деді ТШО үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев.
Өткен жылы бағдарлама аясында Атырау қ. балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруының алдын алу саласындағы жобалар басталды, топырақ, су және өсімдіктерді зерттеу зертханасы құрылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
Аталмыш бағдарламалардың аясында жүзеге асырылатын жобалар жиі марапатталып жүр. Мәселен, өткен жылы «Ынтымақ» еріктілер бағдарламасы ұлттық еріктілер желісі ұйымдастырған «2019 Қазақстанның ең үздік еріктісі» байқауында» корпоративтік еріктілік номинациясы бойынша екінші орынды иеленді. Ал, «Ынтымақ» бағдарламасы аясында ТШО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері арасынан волонтерлер қайырымдылық, білім беру, әлеуметтік және экологиялық жобаларды жүзеге асырады.
2019 жылы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының барлық бенефициарлары облыстың 12 мың тұрғыны болды. 2020 жылы ТШО осы бағдалама аясында 10 қоғамдық ұйымдарымен жұмысты жалғастыруды көздеп отыр.
Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы және «Игілік» әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың ерікті бағдарламасы «Теңізшевройл» ЖШС корпоративтік жауапкершілігінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. 1993 жылдан бастап Атырау облысының әлеуметтік жобаларына кәсіпорынның жиынтық үлесі 2 млрд АҚШ долларына жақындады.
###
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық кәсіпорын. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
Собарние с участием общественности состоялось в головном офисе компании
28 февраля 2020 г., АТЫРАУ – ТОО «ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» подвело итоги по результатам деятельности Программы социальных инвестиций в Атырауской области за 2019 год. Мероприятие с участием общественности, представителей акимата и сотрудников компании состоялось в головном офисе предприятия в г. Атырау. Участников мероприятия приветствовала генеральный директор ТШО Имер Боннер.
«В этом году мы отмечаем юбилейную дату – 10 лет с момента основания Программы социальных инвестиций. Хотелось бы поблагодарить и поздравить всех наших партнеров - представителей неправительственных организаций, благодаря неутомимой приверженности которых осуществляются значимые проекты на пользу нашего общества», — обратилась ко всем присутствующим г-жа Боннер. Она также напомнила, что Президентом Токаевым 2020 год был объявлен Годом Волонтерства и поздравила всех активистов с этим событием.
Программа социальных инвестиций (ПСИ) ТШО получила свое начало в 2010 году и ориентирована на привлечение общественных организаций к решению социально значимых вопросов в сфере образования, здравоохранения, экологии, а также социального предпринимательства и увеличения человеческого капитала.
«В 2019 году 7 неправительственных организаций реализовали 7 социальных проектов на территории Атырауской области. На эти цели ТШО выделил свыше одного милллиона долларов США в рамках нашей Программы социальных инвестиций», — сообщил генеральный менеджер ТШО по связям с правительством и общественностью Рзабек Артыгалиев.
В прошлом году в рамках ПСИ были также начаты проекты в сфере профилактики туберкулеза среди детей и подростков в Атырау, создана лаборатория по исследованию почвы, воды и растений, продолжилась работа по поддержке лиц с ограниченными возможностями.
Стоит отметить, что проекты, реализуемые в рамках ПСИ, все чаще отмечаются наградами. Так, волонтерская программа «Ынтымак» заняла второе место в номинации «Корпоративное волонтерство» в конкурсе «Лучший волонтер Казахстана – 2019», организованном Национальной волонтерской сетью. В рамках программы «Ынтымак» волонтеры из числа сотрудников ТШО и членов их семей осуществляют благотворительную деятельность, образовательные, социальные и экологические проекты.
Всего в 2019 году прямыми бенефициарами Программы социальных инвестиций стали 12 000 тысяч жителей области. В 2020 году ТШО намерен продолжить работу с 10 общественными организациями в рамках ПСИ.
Программа социальных инвестиций и добровольная программа социальных инфраструктурных проектов «Игілік» являются ключевыми составляющими корпоративной ответственности ТОО «Тенгизшевройл». С 1993 года совокупный вклад предприятия в социальные проекты Атырауской области приблизился к 2 млрд долларов США.
###
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет разработку, производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) — это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.