Пресс-релизы
Қазына Капитал Менеджмент Степногорск шағын МӨЗ жаңғырту жобасының 2-кезеңін қаржыландырды
Казына Капитал Менеджмент профинансировал 2 этап проекта модернизации степногорского мини-НПЗ
Жаңғыртылған өндірісті іске қосу кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді
«Астана-Ойл» мұнай үйі» ЖШС «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-дан (ҚКМ) ҚКM Sustainable Development Fund I C. V. (BV Management ЖШС басқаруында) еншілес тікелей инвестициялар қоры арқылы Степногорск қаласындағы шағын МӨЗ жаңғыртудың 2 кезеңін іске асыру үшін 941,2 млн теңге мөлшерінде екінші транш алды. Жоба ҚКМ-ның жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламасы бойынша инвестициялар және кәсіпорынның өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 3,9 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш «Астана-Ойл» мұнай үйі» ЖШС-қа 2019 жылдың қыркүйегінде жіберілді.
Шағын МӨЗ арктикалық қысқы дизель отынын өндіруге мамандандырылған, алынған инвестициялар өндірісті жаңғыртуға бағытталған. Атап айтқанда, ҚКМ-нан алынған екінші транш жазғы дизель отыны мен газ конденсатын қысқы дизель отынының, жоғары октанды бензиннің, пропан-бутан сұйытылған газының, пеш және кеме отынының жоғары сапалы сорттарына қайта өңдеу үшін көмірсутектердің орташа фракцияларының каталитикалық конверсия блогы бар «OPTIMA-150» МК мұнай өңдеу қондырғысын ендіру үшін пайдаланылатын болады. Жаңа инновациялық технология қайта өңдеу тереңдігін 95%-ға дейін арттыруға, технологиялық процесті жеңілдетуге және арзандатуға, қосылған құны жоғары мұнай өнімдерін шығаруға және өңірде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
- Айналым қаражатын толықтыруға бірінші транш бойынша алынған инвестициялардың арқасында біз қайта өңдеу үшін шикізат жеткізуді тұрақтандырдық және арттырдық, бұл жаңғырту аяқталғаннан кейін кәсіпорынға толық өндірістік қуаттылыққа шығуға және ҚР мұнай өнімдері нарығында арктикалық пен сапалы қысқы дизель отынының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді, - дейді «Астана-Ойл» мұнай үйі» ЖШС Бас директоры Владимир Грищенко. - Жаңғыртуды белгіленген мерзімде іске асыруды жоспарлап отырмыз, пандемия зауыттың қызметіне айтарлықтай әсер етпеді, өйткені дизель отынын негізгі ірі сатып алушылар, атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушылар өз өнімдерін өндіруді жалғастыруда және мұнай өнімдерін толық көлемде сатып алып жатыр. Кәсіпорындағы барлық жұмыс орындары сақталды, өндіріс кесте бойынша жүргізілуде, дизель отынын жөнелту жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі. Жаңа мұнай өңдеу қондырғысын ендіргеннен кейін біз қосымша 10-15 маманды жұмысқа қабылдаймыз.
Анықтама:
ҚКМ жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасы 2019 жылғы мамырда бизнестің инвестицияларға қолжетімділігін жеңілдету және тікелей қаржыландыру құралын пайдалануды қамтуын кеңейту мақсатында басталды. Қаржыландыру шарттары: сыйақы ставкасы жылдық 8%, инвестициялар сомасы - 5 млрд теңгеге дейін, мерзімі 10 жылға дейін. Қаржыландырылатын компанияларда ҚКМ қатысуы капиталда 49% шектелген, бұл компанияны басқару бойынша бақылаудың кәсіпкерге сақталуын қамтамасыз етеді. Бағдарламаны іске асыру екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: корпоративтік бизнесті және ШОБ қолдау. Бағдарлама операторлары ҚКМ еншілес ұйымдары – «Baiterek Venture Fund» АҚ және «BV Management» ЖШС. Сондай-ақ бағдарлама бойынша Сбербанк, Центркредит банкі, ВТБ Банкі серіктес банктер тартылды.
«Қазына Капитал Менеджмент» АҚ - 2007 жылы құрылған тікелей инвестиция қорларының қоры болып табылады, оның негізгі миссиясы - Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу үшін Қазақстанда private equity инфрақұрылымын дамыту. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты www.kcm-kazyna.kzсайтынан табуға болады.
«BV Management» ЖШС - тікелей инвестициялар нарығындағы басқарушы компания. DBKEF және KCM SDF тікелей инвестициялар қорлары бойынша бас серіктес ретінде әрекет етеді. «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ 100% еншілес ұйымы болып табылады. Қосымша ақпаратты www.kcm-kazyna.kz сайтынан табуға болады.
Запуск модернизированного производства позволит создать новые рабочие места на предприятии
ТОО «Нефтяной Дом» Астана-Ойл» получен второй транш от АО «Казына Капитал Менеджмент» (ККМ) через дочерний фонд прямых инвестиций KCM Sustainable Development Fund I C.V. (под управлением ТОО BV Management) в размере 941,2 млн тенге для реализации 2 этапа модернизации мини-НПЗ в Степногорске. Проект реализуется за счет инвестиций по программе льготного финансирования ККМ и собственных средств предприятия. Первый транш в размере 3,9 млрд тенге был направлен ТОО «Нефтяной Дом» Астана-Ойл» в сентябре 2019 года.
Мини-НПЗ специализируется на производстве арктического зимнего дизтоплива, полученные инвестиции были направлены на модернизацию производства. В частности, полученный от ККМ второй транш будет использован для внедрения нефтеперерабатываюшей установки МК «OPTIMA-150» с блоком каталитической конверсии средних фракций углеводородов для переработки летнего дизельного топлива и газового конденсата в высококачественные сорта зимнего дизельного топлива, высокооктанового бензина, сжиженного газа пропан-бутана, печного и судового топлива. Новая инновационная технология позволит увеличить глубину переработки до 95%, упростить и удешевить технологический процесс, выпускать нефтепродукты с высокой добавленной стоимостью и создать новые рабочие места в регионе.
- Благодаря полученным инвестициям по первому траншу на пополнение оборотных средств мы стабилизировали и увеличили поставки сырья для переработки, что позволит предприятию после окончания модернизации выйти на полную производственную мощность и снизить дефицит в арктическом и качественном зимнем дизтопливе на рынке нефтепродуктов в РК, - говорит генеральный директор ТОО «Нефтяной Дом» Астана-Ойл» - Владимир Грищенко. - Модернизацию планируем реализовать в установленные сроки, пандемия отразилась на деятельности завода незначительно, так как основные крупные покупатели дизельного топлива, в частности, недропользователи, продолжают производить свою продукцию и закупают нефтепродукты в полном объеме. Все рабочие места на предприятии сохранены, производство идет по графику, отгрузка дизельного топлива ведется согласно заключенным договорам. После внедрения новой нефтеперерабатывающей установки мы также дополнительно примем на работу до 10-15 специалистов.
Справка:
Программа льготного финансирования ККМ стартовала в мае 2019 года в целях упрощения доступа бизнеса к инвестициям и расширения охвата использования инструмента прямого финансирования. Условия финансирования: ставка вознаграждения 8% годовых, сумма инвестиций - до 5 млрд тенге со сроком до 10 лет. Участие ККМ в финансируемых компаниях ограничено 49% в капитале, что обеспечивает сохранность контроля по управлению компанией за предпринимателем. Реализация программы осуществляется по двум направлениям: поддержка корпоративного бизнеса и МСБ. Операторами программы являются дочерние организации ККМ – АО «Baiterek Venture Fund» и ТОО «BV Management». Также по программе привлечены банки-партнёры: Сбербанк, Банк Центркредит, Банк ВТБ.
АО «Kазына Капитал Менеджмент» – фонд фондов прямых инвестиций, созданный в 2007 году, основной миссией которого является развитие инфраструктуры private equity в Казахстане в целях содействия устойчивому экономическому развитию Казахстана. Является дочерней организацией АО «НУХ «Байтерек». Дополнительную информацию можно найти на сайте: www.kcm-kazyna.kz.
ТОО «BV Management» - управляющая компания на рынке прямых инвестиций. Выступает в качестве генерального партнера по фондам прямых инвестиций DBKEF и KCM SDF. Является 100% дочерней организацией АО «Казына Капитал Менеджмент». Дополнительную информацию можно найти на сайте: www.kcm-kazyna.kz.