Пресс-релизы
«Шеврон» компаниясы, Назарбаев Университеті және «Дара» қоры қазақстандық педагогтарға инклюзивті білім беру ортасында жұмыс істеу үшін кәсіби құзыреттілігін арттыруға көмектеседі.
Компания «Шеврон», Назарбаев Университет и фонд «Дара» помогут казахстанским педагогам повысить профессиональную компетентность для работы в инклюзивной образовательной среде.
Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 12 қазан - Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 3000-ға жуық мұғалім мен балабақша тәрбиешісі инклюзивті ортада оқытуға үш апталық дайындық бағдарламасы бойынша білім алуды бастады. Бағдарламаны Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің инклюзивті білім беру саласындағы профессор-сарапшылардың халықаралық командасы әзірлеп, «Дара» қайырымдылық қорымен бірге «Шеврон» компаниясының қолдауымен іске асыруда.
«Бұл ауқымды жоба әрбір балаға, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларға да сапалы білім алуға кепілдік беру үшін қоғамдағы өзгерістердің жолсерігі болатын, инклюзивті практикаға ынталы және қабілетті педагогтарды даярлау арқылы инклюзивті білім жүйесін дамытуға үлес қосады», - дейді жобаның жетекшісі, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің профессоры Сулошни Патер.
«Инклюзивті білім беруді қалыптастыру» жобасы ҚР білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсатына сәйкес - барлық мектептерді инклюзивті ету мақсатына қол жеткізуге жәрдемдесетін болады.
Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде осы тақырып бойынша Қазақстандағы үздік сарапшылар командасы жұмыс істейді. Инклюзияны дамыту бағытында істеген жұмысымен танымал «Дара» қорының мамандарымен бірге олар инклюзивті білім беруге көшу кезінде қолдауды, біліктілікті арттыруды және арнайы дағдыларды дамытуды қажет ететін педагогтарды оқыту бағдарламасын әзірледі.
Коронавирус пандемиясына байланысты оқыту онлайн форматында өтеді. Жоба командасы бағдарлама нәтижелерін бағалау және біліктілікті арттырудан өткен педагогтарға одан әрі қолдау көрсету үшін оқуды аяқтағаннан кейін оффлайн кездесулерді де жоспарлап отыр. Сондай-ақ, бағдарлама барысында мектеп директорларына арнайы тренингтері өтеді. БҒМ, Алтынсарин атындағы Білім академиясының және университеттердің қатысуымен семинарлар ұйымдастырылады.
Бүгін Қазақстанда жалпы білім беру мектептерде ерекше қажеттіліктері мен денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны өсуде. Алайда, бұл процесс өте баяу жүріп жатыр, ал жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, мұғалімдер инклюзивті білім берудің сәтті іске асырылуына сенсе де, олар көбінесе барлық балаларды, әсіресе ауыр мүгедектігі бар балаларды құрдастарымен бірге оқытуға қарсы тұрады. Сондықтан мұғалімдердің көзқарасы инклюзивті білім беруге көшудің шешуші факторы болып саналады.
Анықтама:
Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебі алғаш рет студенттерге есігін 2013 жылдың қыркүйегінде ашты. Кембридж Университеті және Пенсильвания Университеті Жоғары білім мектебінің серіктестері. Мектептің мақсаты – магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша мамандар мен басшыларды даярлау және білім беру саласында жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру секторын одан әрі дамытуға жәрдемдесу. Мұнда мектеп, жоғары, көптілді және инклюзивті білім берудің түрлі аспектілері бойынша сарапшылар жұмыс істейді. Халықаралық пәнаралық команда Назарбаев Университетінің басқа мектептерінің ғалымдарымен, Dara Foundation («Дара» қоры), ЮНИСЕФ және т. б. сияқты үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасады.
«Шеврон» корпорациясы – әлемнің интеграцияланған энергетикалық компанияларының бірі. Біз шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлауды, өндіруді және тасымалдауды; көліктік отын мен жағармай материалдарын қайта өңдеуді, өткізуді және бөлуді, мұнай-химиялық өнімдер мен қоспаларды өндіруді және сатуды жүзеге асырамыз; сондай-ақ технологияларды дамытамыз және қолданамыз.
«Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің ірі екі кен орны - Теңіз және Қарашығанақтағы акциялар пакетіне ие. Корпорация Каспий құбыр желісі консорциумының ірі жеке акционері болып табылады, сондай-ақ Атыраудағы полиэтилен құбырлары зауытының қызметін табысты басқарады.
«Дара» қоры – ерекше білім алуға мұқтаж балалардың және балалар үйлері тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды іске асыратын жеке қайырымдылық қоры.
БАҚ үшін байланыс деректері:
Таң-Шолпан Мұхитдинова, +77013888602, pressa@nu.edu.kz
Нур-Султан, 12 октября 2020 г. - почти 3000 учителей и воспитателей детских садов во всех регионах Казахстана начали обучение в трехнедельной программе подготовки к преподаванию в инклюзивной среде. Программа разработана международной командой профессоров - экспертов в инклюзивном образовании Высшей школы образования Назарбаев Университета и реализуется совместно с благотворительным фондом «Дара» в партнерстве с компанией «Шеврон».
“Этот масштабный проект внесет вклад в развитие инклюзивного образования через подготовку мотивированных и способных к инклюзивной практике педагогов, которые станут проводниками перемен в обществе, чтобы гарантировать каждому ребенку, в том числе и с ограниченными возможностями, качественное образование” - говорит руководитель проекта, профессор Высшей школы образования Назарбаев Университета Сулошни Патер.
Проект «Сделать образование инклюзивным», будет содействовать достижению цели Государственной программы развития образования и науки РК на 2020-2025 годы - сделать все школы в стране инклюзивными.
В Высшей школе образования Назарбаев Университета работает лучшая в Казахстане команда экспертов по этой теме. Вместе со специалистами фонда «Дара», известного своей деятельностью по развитию инклюзии, они разработали программу обучения педагогов, которые, при переходе к инклюзивному образованию, будут нуждаться в поддержке, повышении квалификации и развитии специальных навыков.
В связи с пандемией коронавирусной инфекции обучение будет проводиться в онлайн формате. Команда проекта также планирует встречи оффлайн после окончания обучения, чтобы оценить результаты программы и оказать дальнейшую поддержку педагогам, прошедшим повышение квалификации. Также в ходе программы пройдут специальные тренинги директора школ, запланированы семинары с участием МОН, Академии образования им. Алтынсарина и университетов.
В Казахстане, который стремится поддерживать общемировые принципы обеспечения доступа к справедливому, доступному и качественному образованию и инклюзивные ценности, растет число детей с особыми потребностями и ограниченными возможностями здоровья, включенными в общеобразовательную школьную среду.
Однако, этот процесс идет довольно медленно, а проведенные исследования показывают, что, хотя учителя верят в успешное внедрение инклюзивного образования, зачастую они сопротивляются включению всех детей, особенно с тяжелыми формами инвалидности в учебный процесс вместе со сверстниками. Тогда как именно отношение учителей считается решающим фактором перехода к инклюзивному образованию.
Для справки:
Высшая школа образования Назарбаев Университета впервые открыла свои двери для студентов в сентябре 2013 года. Партнёрами Высшей школы образования являются Кембриджский Университет и Университет Пенсильвании. Цель Школы - содействие дальнейшему развитию образовательного сектора Республики Казахстан путем подготовки специалистов и руководителей по программам магистратуры и докторантуры и проведение высококачественных научных исследований в области образования. Здесь работают эксперты по различным аспектам школьного, высшего, многоязычного и инклюзивного образования. Международная междисциплинарная команда сотрудничает с учеными других школ Назарбаев Университета, с правительственными и неправительствеными организациями, такими как Dara Foundation, ЮНИСЕФ и т.д.
Корпорация «Шеврон» является одной из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы осуществляем геологоразведку, добычу и транспортировку сырой нефти и природного газа; переработку, сбыт и распределение транспортного топлива и смазочных материалов; производство и продажу нефтехимических продуктов и добавок; а также развиваем и применяем технологии.
«Шеврон» является ведущей частной нефтедобывающей компанией в Казахстане и обладает пакетами акций в двух крупнейших месторождениях страны – Тенгиз и Карачаганак. Корпорация также является крупнейшим частным акционером Каспийского трубопроводного консорциума, а также успешно управляет деятельностью завода полиэтиленовых труб и завода трубопроводной арматуры в Атырау.
Фонд «Дара» - благотворительный частный фонд, реализующий проекты, направленные на улучшение условий жизни и расширение возможностей развития детей с особыми образовательными потребностями и воспитанников детских домов, а также на развитие инклюзии в Казахстане.
Контакты для СМИ
Тан-Шолпан Мухитдинова, +77013888602, pressa@nu.edu.kz