Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2020 жылдың үшінші тоқсан қорытындылары
Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги третьего квартала 2020 года
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңдағы ТШО серіктестері : «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ" АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар
- Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,2 миллиард тонна (25,5 млрд баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 млрд баррель) мұнайды құрайды.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерде (7,1 – 10,9 млрд баррель). • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемі шамамен 75 000 тоннаға немесе 600 000 баррельге, ал табиғи газ 22 миллион текше метрге немесе 750 миллион текше футқа жетті.
- 2020 жылдың қаңтарынан бастап, қыркүйектің аяғына дейін шикі мұнай өндіру көлемі 20,16 миллион тоннаны (159,08 млн баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- 2000 жылдан бері ТШО табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға 3,12 миллиардтан астам АҚШ долларын салды.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 74%-ға азайды. ( 2020 жылдың 9 айындағы көрсеткіштің 2000 жылдың 9 айымен салыстырғандағы қысқарған көлемі)).
- 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ТШО өндірілген газдың 99,3%-ын кәдеге жаратты.
- 2020 жылдың үшінші тоқсаны соңында суды қайтадан пайдалану көрсеткіші 48%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өндірістік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бағытындағы іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруды жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 35-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2020 жылдың үш тоқсанында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жалпы көрсеткіш 49,83%-ды құрады.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 35,7 миллиарда долларов США.
Өнімді өткізу
- 2020 жылдың тоғыз айында ТШО сату көлемін 1,355 мың тоннадан аса сұйытылған газ, 5,6 миллиард текше метр құрғақ газ өткізсе, күкірт сату көлемін 1,8 миллион тоннадан асырды.
Қазақстан Республикасы үшін артықшылықтар
- 1993 жылдан бастап, 2020 жылдың үшінші тоқсаны соңына дейінгі аралықта ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржы төлемдері 151 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Бұған ТШО-ның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақысы, қазақстандық тауар өндірушілер мен жабдықтаушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржы, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын тарифтер мен төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялти түріндегі төлемдер кіреді.
- 2020 жылдың үш тоқсанында ТШО-ның Қазақстанға төлеген тікелей қаржы көлемі 5,3 миллиард АҚШ долларды құрады.
- 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ТШО қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтерін пайдалануға 2,8 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсады, оның 1,9 миллиард АҚШ доллардан астамы ККЖ-ҰЕҚБЖ аясында жұмсалды.
- 1993 жылдан бері ТШО 35,7 миллиардтан астам АҚШ доллары көлеміндегі қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтерін пайдаланды.
Қызметкерлерді шыңдау
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ-да жұмыс істейтін қазақстандық қызметкерлердің үлесі 82%-ды құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ жұмысшыларын есепке алмағанда, ТШО қызметкерлерінің 90%-ын қазақстандықтар құрайды. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% болатын .
- Негізгі басшылық құрамның 73%-ын қазақстандық жоғары және орта буын жетекшілер құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны есепке алмағанда қазақстандық жоғары және орта буын басшылардың жалпы үлесі 83%. Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламалар нәтижесінде анағұрлым жауапты басшылық лауазымдарға жергілікті қызметкерлер көбірек тартылуда.
Әлеуметтік салаға үлес
- 1993 жылдан бері ТШО өз қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың игілігі үшін Атырау облысының әртүрлі әлеуметтік жобаларына 2 миллиард АҚШ доллардан астам қаржы жұмсады.
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2020 жылғы бюджеті 25 миллион АҚШ долларын құрайды. Аталмыш қаржының негізгі үлесі Атырау облысында балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысына бағытталуда.
- 2020 жылы Атырау және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ТШО-ның әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында 2,2 миллион АҚШ доллардан астам қаржы бөлінді.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- 2016 жылы ТШО Серіктестері Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі болып табылатын Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастаған бері қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 10,3 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсады.
- ТШО инженерлік, материалдық-техникалық және өндірістік қызметтерді көрсетуге қазақстандық компанияларды жұмылдыруда. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасына қатысу үшін 2350-ден астам қазақстандық компания алдын-ала іріктеліп алынды, олардың 1281-і алдын-ала біліктіліктен өтті.
- Аталмыш жобада жұмыс істейтіндердің шамамен 91 пайызы қазақстандықтар.
Жоба бойынша жұмыс барысы
- Қазақстандағы және әлемдегі басқа да көптеген компаниялар сияқты, «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) адамдардың денсаулығын қорғау, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, күрделі жағдайда жұмыс істеуді, мақсатты шараларды қабылдауды, сондай-ақ COVID-19-дың шаруашылық қызметіне ықпалын барынша азайтуды жалғастыруда.
- Компания аса маңызды жұмысты қауіпсіз атқаруға және жобаны одан әрі қарай жүзеге асыруға бағытталған шараларды қолға алуда.
- 2020 жылдың үшінші тоқсаны соңындағы ахуал бойынша, Оңтүстік Кореядағы модуль жасау жұмыстары аяқталды. Барлық 81 модуль Кореядан теңіз жолы арқылы жөнелтілді.
- Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасының (ККЖ-ҰЕҚБЖ) соңғы модулі 2020 жылдың 28 қазанында Қазақстандағы Теңіз кен орнына қауіпсіз жеткізілді. Аталған жоба дамуындағы маңызды бұл меже шет елдерден Қазақстанға 408 модульді жеткізудің үш жылдық бағдарламасы аяқталғанын көрсетеді. Барлық модульдер жоспарға сәйкес уақытында жеткізілді, бұл Теңізде орнату және құрылыс жұмыстарын уақытында жалғастыруға мүмкіндік береді.
- Жобаның барлық құрылыс нысандарында «сыни жол» жұмыстары жүруде. Үшінші буын зауыты (ҮБЗ) мен Шикі газды айдаудың үшінші буыны (ШГАҮБ) алаңдарында модульдерді жинау және орнату жұмыстары атқарылуда. ҮБЗ-да 40-алаңда бірінші кезектегі ҚМБ-ларды жинауға, сондай-ақ отын газы жүйесінің құбыр байланысын орнатуға дайындық жұмыстары жалғасуда. ШГАҮБ алаңында тіреу тақталарын цементтеу жұмыстары орындалып, техникалық қызмет көрсетуге арналған платформаның монтажы жалғасуда.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ - республикалық маңызды жоба. Оны жүзеге асыру Қазақстанға жоғары білікті жұмыс күшін, халықаралық компаниялармен серіктестік арқылы енгізілген технологиялар, сондай-ақ аймақта жаңартылған инфрақұрылым түрінде мұра қалдырады.
История/Участники
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 млрд баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 млрд баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 млрд баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 000 тонн (600 000 баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (159 млн кубических футов).
- С января по конец сентября 2020 года объем добычи сырой нефти составили 20,16 миллиона тонн (112,51 млн баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды
- С 2000 года ТШО инвестировал более 3,12 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 74%. (Сокращение в сравнении с показателем за 9 месяцев 2000 года к 9 месяцам 2020 года)
- Показатель утилизации газа ТШО в январе-сентябре 2020 года составил 99,3%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО на конец третьего квартала 2020 года составил 48%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 35 видов отходов на переработку. Общая доля переработанных отходов за три квартала 2020 года составила 49,83%.
Реализация продукции
- За 9 месяцев 2020 года ТШО реализовал более 1,355 тысяч тонн сжиженного газа, 5,6 миллиарда кубических метров сухого газа, а также более 1,8 миллиона тонн серы.
Преимущества для Республики Казахстан
- С 1993 года по конец третьего квартала 2020 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 151 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- За три квартала 2020 года прямые выплаты Республике Казахстан составили 5,3 миллиарда долларов США.
- С января по конец сентября 2020 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму в 2,8 миллиарда долларов США, включая 1,9 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД.
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 35,7 миллиарда долларов США.
Развитие кадров
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 82% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 90% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 73% от общего числа руководящего состава. Без учета ПБР-ПУУД доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 83%. В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 2 миллиардов долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2020 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составит 25 миллионов долларов США, основная часть которого будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2020 году ТШО выделит более 2,2 миллиона долларов США на улучшение качества здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской и Мангистауской областях в рамках Программы социальных инвестиций.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году участники ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- С начала реализации ПБР-ПУУД ТШО потратил более 10,3 миллиардов долларов США на закуп казахстанских товаров, работ и услуг.
- ТШО привлекает казахстанские компании для оказания инжиниринговых, материально-технических и производственных услуг. Более 2350 казахстанских компаний были предварительно отобраны для участия в проекте ПБР-ПУУД, 1281 из них прошли предквалификацию.
- Около 91% казахстанцев работают на проекте.
Ход выполнения работ по Проекту
- Как и многим другим компаниям в Республике Казахстан и по всему миру, ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) продолжает действовать в сложной обстановке и принимать целесообразные меры для защиты здоровья и обеспечения безопасности персонала, а также для сведения к минимуму воздействия пандемии COVID-19 на нашу хозяйственную деятельность.
- Компания ТШО предпринимает действия, направленные на безопасное выполнение особо важных работ и дальнейшей реализации проекта.
- По состоянию на конец третьего квартала 2020 г. работы по изготовлению модулей в Южной Корее закончены. Все модули в количестве 81 единицы отправлены из Кореи посредством морского транспорта.
- Последний модуль Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), благополучно доставлен на месторождение Тенгиз в Казахстане 28 Октября 2020 года.
- Эта важная веха в развитии проекта подчеркивает завершение трехлетней программы морских перевозок 408 модульных отгрузок из международных локаций в Казахстан. Все модули доставлены в срок согласно плану, что позволяет своевременно продолжить установочные и строительные работы на Тенгизе.
- На всех строительных объектах проекта ведутся работы «критического пути». На площадках завода третьего поколения (ЗТП) и закачки сырого газа третьего поколения (ЗСГТП) ведутся работы по сборке и установке модулей. Но ЗТП продолжены мероприятия по подготовке к сборке первоочередных СМБ на участке 40, а также подготовка к монтажу трубной обвязки системы топливного газа. На ЗСГТП ведутся работы по цементации опорных плит, продолжен монтаж платформ для проведения техобслуживания.
- ПБР-ПУУД — это проект национального значения, который оставит в Казахстане наследие в виде высококвалифицированной рабочей силы, технологий, внедряемых через партнерство с международными компаниями, а также модернизированную инфраструктуру в регионе.