Пресс-релизы
“Шеврон” мен АҚШ Миссиясы арасындағы алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік қазақстандық жастарға жаңа мүмкіндіктер ұсынады
Первое государственно-частное партнерство между компанией “Шеврон” и Миссией США создает новые возможности для казахстанской молодежи
Алматы, 2020 жылғы 27 қараша - АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы және “Шеврон” компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойып, Қазақстандағы STEAM саласында білім беруді қолдауға бейілділіктерін растады.
Қазақстанға сапары аясында Мемлекеттік хатшының көмекшісі Мари Ройс “Шеврон” Еуразиялық бизнес бөлімшесінің атқарушы директорының орынбасары Марк Пэйнмен бірге "Makerspace кеңейеді!” атты жобаның негізін қалаушы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан бойынша жастардың ғылым, технология, жобалау, өнер және математика (STEAM) салаларында білімдерін жетілдіруге деген мүмкіндіктері бірдей қолжетімді емес. 2015 жылы осы мәселені шешуге көмек ретінде және STEAM пәндеріне деген үлкен қызығушылықты қанағаттандыру үшін АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы “Шевронның” қолдауымен Алматы мен Нұр-Сұлтандағы Америкалық кеңістіктерде алғаш рет MakerSpaces орталықтарын ашты. 3D принтерлер, бағдарламалық жасақтама, робототехника, электроника, ғылыми жиынтықтар және басқа да құралдармен жабдықталған MakerSpaces орталықтары - студенттер мен жас мамандар бірігіп, өз қолдарымен құрал-жабдық жасайтын, ізденіп, білім алатын бірден-бір орын.
Бүгінгі іс-шара АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы мен “Шеврон” компаниясының Қазақстан жастарын бұдан әрі де білім алу мүмкіндігімен қамтығысы келетінін растайды. Қазақстанның 10 қаласындағы Америкалық бұрыштар мен Атырау Жастар сарайындағы “Шевронның” демеушілігімен құрылған Jaspace орталығына келушілер бұдан былай STEAM бағыттары бойынша іс-шараларға еркін қол жеткізе алады. Жаңа мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында “Шеврон” және АҚШ миссиясы жастарға жаңа білім мен дағдыларды беру үшін жергілікті серіктестермен бірігіп жұмыс істемек.
Мемлекеттік хатшының көмекшісі Мари Ройс атап өткендей, “бұл серіктестік оларға қарқынды технологиялық даму дәуірінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі, сондай-ақ жоғары технологиялық ресурстар мен инновациялық бағдарламаларға, өздерімен пікірлестерге жандарға, сапалы іскерлік байланыстар мен мықты тәлімгерлерге жол ашып береді”.
Алматы, 27 ноября 2020 г. - Дипломатическая миссия США в Казахстане и “Шеврон” подтвердили свою приверженность поддержке STEAM-образования в Казахстане, подписав меморандум о взаимопонимании.
В рамках своего визита в Казахстан, Помощник Государственного секретаря Мари Ройс и Марк Пэйн, Заместитель Управляющего директора Евразийского бизнес-подразделения “Шеврон”, подписали Меморандум о взаимопонимании (МОВ), который даст начало проекту “Makerspace расширяется!”.
Доступ к дополнительным занятиям в области науки, технологии, проектирования, искусства и математики (STEAM) отличается вразных регионах Казахстана. В 2015 году, чтобы устранить этот дисбаланс и удовлетворить огромный интерес к предметам STEAM, Миссия США в Казахстане впервые создала MakerSpaces в Американских пространствах в Алматы и Нур-Султане в партнерстве с компанией “Шеврон”. Оснащенные 3D-принтерами, программным обеспечением, робототехникой, электроникой, научными наборами и другими инструментами, MakerSpaces - это место, где студенты и молодые специалисты создают, изобретают и учатся вместе.
Сегодняшнее мероприятие подтверждает стремление Миссии США в Казахстане и компании “Шеврон” расширить возможности для обучения для большего числа казахстанцев. Посетители всех американских пространств в 10 городах Казахстана и спонсируемого “Шевроном” Jaspace Дворца молодежи г. Атырау, получат доступ к мероприятиям по направлениям STEAM. В рамках нового государственно-частного партнерства, “Шеврон” и Миссия США будут сотрудничать с местными партнерами, чтобы дать молодым людям новые знания и навыки.
Как отметила Помощник Государственного секретаря Мари Ройс, “партнерство поможет им стать конкурентоспособными на мировом рынке в эпоху быстрого технологического развития, а также откроет им путь к высокотехнологичным ресурсам, инновационным программам, к единомышленникам, качественным деловым связям, а также вдохновляющим наставникам”.