Пресс-релизы
Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту жөніндегі халықаралық орталық құруға қатысты ниет туралы келісімге қол қойылды
Подписано Соглашение о намерениях касательно создания Международного центра развития нефтегазового машиностроения
30 қараша - Нұр-Сұлтан қ. “ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ” ЖШС, “Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.” және “Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.” (бұдан әрі - Операторлар) компаниялары Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығын (бұдан әрі - Халықаралық орталық) құруға қатысты ниет туралы келісімге қол қойылғанын жариялады. Қазақстан Республикасы тарапынан құжатқа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Энергетика министрлігі, Өкілетті орган («PSA» ЖШС) және Қазақстанның машина жасаушылар одағы қол қойды.
Бұл құрылым республика аумағында мұнай-газ саласына арналған тауарлар өндірісін дамытуды кеңейту, сондай-ақ қазіргі кезде шетелден жеткізілетін жабдықтар мен материалдардың импортын алмастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамалары шеңберінде және ірі мұнай-газ операторларының қолдауымен құрылмақ. Отандық мұнай-газ саласының машина жасау өнеркәсібін дамыту шеңберінде Халықаралық орталық тиісті министрліктермен, Өкілетті органмен және мұнай және газ саласының қауымдастықтарымен тығыз әрекеттесетін болады.
Халықаралық орталықтың негізгі қызметі Қазақстан Республикасында тауарлар өндірісін дамыту мен техникалық стандарттарды бейімдеу арқылы өндірістік қуаттарын жаңартуда қазақстандық өндірушілерге жәрдем көрсетуге бағытталған.
Халықаралық орталық өз қызметін коммерциялық емес шығынсыз негізде ірі Операторлардың қолдауымен жүзеге асырмақ.
30 ноября - г. Нур-Султан. Компании ТОО “ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ”, “Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.” и “Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.” (далее - Операторы) сообщили о подписании Соглашения о намерениях касательно создания Международного центра развития нефтегазового машиностроения (далее - «Международный центр»). Со стороны Республики Казахстан документ подписали: министерство индустрии и инфраструктурного развития, министерство энергетики, Полномочный орган (ТОО «PSA») и ОЮЛ «Союз машиностроителей Казахстана».
Данная структура создаётся в рамках инициатив Правительства РК при поддержке крупнейших нефтегазовых Операторов в целях расширения условий для производства товаров для нефтегазовой отрасли на территории Республики, т.е. импортозамещения по оборудованию и материалам, часть которых на сегодняшний день поставляется из-за рубежа. Международный центр будет тесно взаимодействовать с соответствующими министерствами, Полномочным органом и нефтегазовыми ассоциациями в рамках развития отечественного нефтегазового машиностроения.
Основным направлением деятельности Международного Центра будет оказание содействия казахстанским компаниям в модернизации их производственных мощностей путём локализации производства в РК и адаптации технических стандартов.
Международный Центр будет работать на некоммерческой и безубыточной основе при поддержке крупнейших операторов.