Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройлдың 2020 жылы әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижелері
Социальные инвестиции Тенгизшевройл. Итоги 2020 года
2021 ж. 18 ақпан, АТЫРАУ - “Теңізшевройл” ЖШС-ның (ТШО) басты мақсаты – өзіміз тұрып жатқан және жұмыс істейтін Қазақстан Республикасына, акционерлерге және қауымдастықтарға пайда әкелу. ТШО Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші және жұмыс беруші бола отырып, аймақ пен елдің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосуды жалғастыруда.
ТШО көптеген жылдар бойы «ТШО-ның Сара жолы» құжатында көрсетілген құндылықтарды басшылыққа ала отырып, әлеуметтік бағыттағы жобаларды қаржыландырып келеді. 1993 жылдан бастап ТШО жергілікті қоғамдастықтар мен оның қызметкерлері үшін осындай бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруға 2 миллиард АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.
«Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында жыл сайын Атырау облысында мектептер, ауруханалар салуға, қоғамдық орындардың инфрақұрылымын жақсартуға және тағы басқа жобаларға 25 миллион АҚШ доллары бөлінеді. Пандемия тудырған қиыншылықтарға қарамастан 2020 жылы бірнеше жоба аяқталды, соның ішінде Атырау қаласындағы тутұғыр ұлттық монументі, Атырау энергетика және құрылыс колледжіне арналған 100 орындық жатақхана және Доссор ауылында 280 орындық балабақша құрылысы, және Құлсарыдағы Құрсай өзенінің жағалауын жақсарту жобалары бар. Қазіргі уақытта Атырау облысында тағы алты әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүріп жатыр.
ТШО-ның Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) қоғамдастық қажеттіліктерін ескеріп, білім беру, экономикалық даму және денсаулық сақтауды қолдайтын бағдарламаларға бағытталады. ӘИБ шеңберінде соңғы он жыл ішінде 9,5 миллион АҚШ долларына 80 жоба жүзеге асырылды. Тек 2020 жылы ТШО, әсіресе осы пандемияның қиын кезеңінде жергілікті халыққа көмек ретінде Атырау облысында 10 әлеуметтік жобаға 1,2 миллион АҚШ долларын жұмсады. Бұл жобаларды жүзеге асыруда Қазақстан Отбасылық дәрігерлер қауымдастығы, Орта Азияның Еуразия қоры, “Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы” жастар қоғамдық бірлестігі, “Ынтымақ Атырау” ҮЕҰ, Project Hope, Мүгедек әлемі, “Атырау – шағын ел” қоғамдық бірлестігі, “Академик Қабдолов атындағы” қор және “БолашақК” қоғамдық бірлестігі ТШО-ның серіктестері болды.
Тағы да айта кететін жәйт, жергілікті атқарушы органдар аталмыш жобаларды жүзеге асыруда үлкен қолдау көрсетті.
“Теңізшевройл” ЖШС туралы
“Теңізшевройл” ЖШС «Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысады. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізіледі. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
18 февраля 2021 г., АТЫРАУ - Основной целью ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) является создание пользы для Республики Казахстан, акционеров и сообществ, в которых мы живем и работаем. ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) являясь крупнейшим налогоплательщиком и работодателем в Казахстане, продолжает вносить существенный вклад в развитии экономики региона и страны.
ТШО на протяжение многих лет финансирует социально ориентированные проекты, следуя ценностям, отраженным в документе «Путь ТШО». С 1993 года ТШО выделил более 2 миллиардов долларов США для финансирования подобных проектов и программ поддержки местного населения и своих сотрудников.
В рамках добровольной программы развития социальной инфраструктуры «Игилик» ежегодно выделяется 25 миллионов долларов США на строительство в Атырауской области школ, больниц, улучшение инфраструктуры общественных мест и многое другое. Несмотря на пандемию COVID-19, в 2020 году было завершено несколько проектов, в том числе национальный монумент Флагшток в городе Атырау, общежитие на 100 мест в Атырауском колледже энергетики и строительства детского сада на 280 мест в селе Доссор и благоустройство набережной реки Курсай в г. Кульсары. В настоящее время ведется строительство еще шести объектов социальной инфраструктуры в Атырауской области.
Программа социальных инвестиций (ПСИ) ТШО учитывает потребности сообщества и сфокусирована на программах, поддерживающих образование, экономическое развитие и здравоохранение. В рамках ПСИ за последние десять лет реализовано 80 проектов на сумму 9,5 млн долларов США. Только в 2020 году ТШО потратил 1,2 миллиона долларов США на 10 социальных проектов в Атырауской области, в качестве помощи местному населению особенно в сложной ситуации с пандемией. Для реализации этих проектов ТШО привлек в качестве партнеров следующие организации: Ассоциация семейных врачей Казахстана, Фонд Евразии Центральной Азии, Молодежное объединение «Независимое поколение Казахстана», НПО «Ынтымак Атырау», Project Hope, Фонд Мүгедек Әлемі, Общественное Объединение «Атырау. Маленькая страна», Фонд «Имени академика Кабдолова», Общественный фонд «БолашакК».
Кроме того, местные исполнительные органы оказывали поддержку, без которой успешная реализация таких проектов была бы невозможна.
О ТОО «Тенгизшевройл»
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.