Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройл 2019 және 2020 жылдар бойынша корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы есеп берді
Тенгизшевройл представил Отчет о корпоративной социальной ответственности за 2019 и 2020 годы
АТЫРАУ, 2021 ж. 2 Сәуір - «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) 2019-2020 жылдарға арналған корпоративтік жауапкершілік туралы есебін жариялады. Аталмыш құжатта ТШО-ның әлеуметтік және экологиялық салалардағы жетістіктеріне жан-жақты шолу жасалған. Жаһандық пандемияға қарамастан, компанияның басымдықтары өзгеріссіз қалды: қызметкерлердің денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, жергілікті қоғамдастыққа қолдау көрсету және дұрыс әдістерді қолдана отырып, нәтижелерге қол жеткізу.
«Біз экономикалық ілгерілеу мен ел болашағына айтарлықтай үлес қосып келеміз», - деді ТШО бас директоры Кевин Лион: - Бұл ретте біз қоршаған ортаға барынша аз әсер ете отырып, қауіпсіз және сенімді жұмыс істеуге ұмтылудамыз.. «ТШО-ның сара жолында» көрсетілгендей, біздің құндылықтарымыз мәдени алуан түрлілікке құрметпен қарау, серіктестік және адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, адалдық пен сенім және жоғары өнімділікті қамтидыү кіреді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ТШО-ның нәтижелерге қол жеткізу жолындағы әрекеттерін анықтайды».
2020 жылы ТШО қауіпсіз түрде 26,5 млн тонна шикі мұнай өндірді және отандық тауарлар мен қызметтердің жетекші сатып алушысы болып, ұлттық экономикаға зор үлес қосты. Нарықтағы қиын жағдайлар мен пандемияға қарамастан, ТШО экологиялық жобаларға, қазақстандық қамту мен әлеуметтік бағдарламаларға инвестиция салуды жалғастырды, олар өз кезегінде коронавирус пандемиясы кезінде қоғамдастыққа қолдау көрсетіп, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуды, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және азаматтардың экономикалық тұрақтылығын дамытуды қамтамасыз етті.
Есепте көрсетілген басты деректер :
Қоршаған ортаны қорғау
2000 жылдан бері ТШО Теңіз кен орнының қоршаған ортаға тигізер әсерін азайту жобаларына 3,1 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. Бұл газды кәдеге жарату үлесін 99%-ға , ал суды қайта пайдалану көлемін 48,2%-ға жеткізуге мүмкіндік берді. Ең озық қолжетімді технологияларды қолданысқа енгізудің арқасында ағын суларды тазарту жетілдірілді және тастау қысқартылды, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз түрде қайта өңдеу жүзеге асырылуда.
Қызметкерлер мен қоғамдастықты қорғау
2020 жылы ТШО жаһандық пандемия кезеңінде жергілікті қоғамдастықты қолдау мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді. Есепті кезеңде жалпы құны4,5 млрд теңгені құрайтын медициналық жабдықтар, шығыс материалдары мен жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ), оның ішінде 648 000-нан астам ЖҚҚ, 56 оттегі концентраторы, 252 дана медициналық жабдық, 20 ӨЖЖ аппараты және коронавирус инфекциясын анықтауға арналған 4 ПТРаспабы сатып алынды. ТШО мердігерлерімен бірлесіп, Теңіз кен орнына жақын Жылыой ауданы, Құлсары қаласында 200 төсектік көп бейінді медициналық кешен салуға қаражат жинау және құрылысын жүргізуге бастамашы болды.
Қазақстандық қамтуды қолдау
Өткен жылы да ТШО жергілікті жабдықтаушыларға 3,5 миллиард доллар жұмсап, отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуда алдыңғы қатадан көрінді. Оның 2,4 миллиард доллары Келешек кеңею жобасы - Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) аясында жұмсалды. Бұндай жетістік ТШО қызметкерлері арасындағы Қазақстан азаматтарының үлесін 92%-ға жеткізумен қатар жүрді.
Өзіміз жұмыс істейтін жергілікті қоғамдастыққа инвестиция салу
1993 жылдан бері ТШО Атырау облысының тұрғындары мен ТШО қызметкерлері үшін түрлі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға 2,1 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Тек 2020 жылдың өзінде компания «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында Доссорда 280 орындық балабақша, Атырау энергетика және құрылыс колледжі үшін 100 орындық студенттік жатақхана, Атырау қаласында Тутұғыр ұлттық монументі құрылысы мен Құлсарыдағы Құрсай өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстарын аяқтап, 25 миллион доллар қаражат жұмсады. Сонымен қатар, әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Атырау және Маңғыстау облыстарында денсаулық сақтау, білім беру салаларының сапасы мен қолжетімділігін арттыруға және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 18 жобаға 2,2 миллион доллардан астам қаражат бөлінді.
«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС – мұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
2 апреля 2021 г., АТЫРАУ - ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) обнародовал отчет о корпоративной ответственности за 2019-2020 годы. В документе представлен всесторонний обзор социальных и экологических достижений ТШО. Несмотря на вызовы глобальной пандемии, приоритеты компании оставались неизменными: защита здоровья сотрудников и охрана окружающей среды, поддержка местного сообщества и достижение результатов правильными методами.
«Мы продолжаем вносим значительный вклад в экономический прогресс и будущее страны», отметил Кевин Лайон, генеральный директор ТШО: «При этом мы стремимся работать безопасно и надежно с минимальным воздействием на окружающую среду. Наши ценности, указанные в «Пути ТШО», включают уважение к различиям, партнерство и защиту здоровья людей и окружающей среды, честность и доверие, и высокую производительность. Эти ценности направляют нас в достижении результатов».
В 2020 году ТШО обеспечил безопасную добычу 26,5 млн тонн сырой нефти и внес наибольший вклад в национальную экономику, оставаясь одновременно ведущим покупателем отечественных товаров и услуг. Несмотря на тяжелые рыночные условия и пандемию, ТШО продолжал инвестировать в экологические проекты, казахстанское содержание и социальные программы, которые в свою очередь обеспечили поддержку сообщества во время пандемии COVID-19, строительство объектов социальной инфраструктуры, а также развитие здравоохранения, образования и экономической стабильности граждан.
Ключевые факты, указанные в отчете:
Защита окружающей среды
С 2000 года ТШО инвестировал более 3,1 млрд долларов США в проекты по минимизации воздействия на окружающую среду Тенгизского месторождения, что позволило достичь 99% утилизации газа, и 48,2% повторного использования воды. Благодаря внедрению наилучших доступных технологий усовершенствована очистка и сокращен сброс сточных вод, а также реализуется безопасная переработка отходов.
Защита сотрудников и сообщества
В 2020 году ТШО работал в тесном сотрудничестве с государственными органами в целях поддержки сообщества в период глобальной пандемии. В отчетный период было закуплено медицинское оборудование, расходные материалы и средства индивидуальной защиты (СИЗ) на общую сумму 4,5 млрд тенге, в том числе: более 648 000 единиц СИЗ, 56 концентраторов кислорода, 252 единиц медицинского оборудования, 20 аппаратов ИВЛ и 4 ПЦР-прибора для диагностики коронавирусной инфекции. Совместно с подрядчиками ТШО выступил с инициативой по сбору средств и строительству многопрофильного медицинского комплекса на 200 коек в городе Кульсары, Жылыойского района недалеко от Тенгизского месторождения.
Поддержка казахстанского содержания
В прошлом году ТШО оставался ведущим покупателем отечественных товаров и услуг, потратив 3,5 миллиарда долларов на местных поставщиков, в том числе 2,4 миллиарда долларов в рамках Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД). Эти результаты были достигнуты, одновременно с увеличением доли граждан Казахстана среди сотрудников ТШО до 92%, нового максимума для компании.
Инвестирование в сообщества, в которых мы работаем
С 1993 года ТШО инвестировал более 2,1 миллиарда долларов на финансирование различных социальных программ для жителей Атырауской области и сотрудников ТШО. Только в 2020 году компания потратила 25 миллионов долларов в рамках добровольной программы развития социальной инфраструктуры «Игилик», завершив строительство детского сада на 280 мест в Доссоре, студенческого общежития на 100 мест в Атырауском колледже энергетики и строительства, национального монумента Флагшток в Атырау и благоустройство набережной реки Курсай в Кульсары. Кроме того, более 2,2 миллиона долларов было распределено в рамках Программы социальных инвестиций между 18 проектами, направленными на повышение качества и доступности здравоохранения, образования и развитие социального предпринимательства как в Атырауской, так и в Мангистауской областях.
О ТОО «Тенгизшевройл»
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.