Пресс-релизы
Теңізде түйіршіктелген күкірт өндіру зауыты іске қосылды
На Тенгизе запущен завод по производству гранулированной серы
АТЫРАУ, 2021 ж. 04 Маусым – «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жаңа түйіршіктелген күкірт өндіру зауытын іске қосты. Ол нысандардағы өндірілетін шамамен барлық сұйық күкіртті өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл өз қатарына экологиялық қауіпсіздікті жақсартып, өндірістік тәуекелдерді азайтады. Айына 40,000 тонна күкірт өндіру қуаты бар түйіршіктелген күкірт өндіретін жаңа зауыт басқа құрылғылар істен шыққан кезде күкірт өндірудің қажетті деңгейін сақтауға жағдай туғызады.
«ТШО-ның күкіртті басқару жоспары аясында жергілікті компанияның мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, командамыз күкіртті өңдеу қуатын кеңейтетін жобаны жүзеге асырды», - деді «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Кевин Лайон.
Жергілікті компанияларды дамыту ТШО-ның негізгі стратегияларының бірі болып табылады, сондықтан жобаны қазақстандық компания толығымен жүзеге асырғаны және жаңа нысанның барлық мамандары жергілікті кадрлармен толықтырғаны қуантады.
Жаңа зауыт жергілікті тұрғындарға 60-тан аса жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Пандемияның қиыншылықтарына қарамастан ТШО мен «Caspian Group Construction» ЖШС-і бірігіп 2 жылдан аз уақыт арасында жабдықтарды орнату және іске қосу жұмыстарын сәтті аяқтады.
"Зауыт портативті және оңай жиналатын GXM3 қондырғысымен жабдықталған. Өндіруші әлемдегі ең жақсы технологиялар мен ресурстарды қолданып, оларды Қазақстанға жеткізді", - деді Галиаскар Итишев, түйіршіктелген күкірт зауытының менеджері.
Қазақстан нарығынан басқа ТШО түйіршіктелген күкіртті Африка, Еуропа, Қытай және басқа да нарықтарына экспорттайды.
«Теңізшевройл» ЖШС туралы
«Теңізшевройл» ЖШС – мұнай, газ және күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Қазақстанның тұрақты дамуы барысында барынша таза энергиямен қамтамасыз ете отырып, ТШО қолданыстағы ең үздік технологияларды қолданады және жұмыстардың барлығын қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізеді. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
04 Июня 2021 г., АТЫРАУ – Тенгизшевройл (ТШО) запустил новый завод по производству гранулированной серы на Тенгизе, который позволяет обеспечить переработку практически всей производимой на объектах жидкой серы, что, в свою очередь повысит экологическую безопасность и снизит производственные риски. Новый завод, ежемесячная производственная мощность которого составляет 40 000 тонн серы, позволит сохранить необходимый уровень производства, когда другие установки не работают.
«В рамках плана по управлению серой ТШО, а также в целях развития возможностей местных компаний, наша команда реализовала проект, который расширил мощности переработки серы», - отметил Кевин Лайон, генеральный директор ТОО «Тенгизшевройл».
Развитие местных компаний является одним из стратегических приоритетов ТШО. Отрадно, что проект полностью реализован казахстанской компанией и все специалисты, трудящиеся на новом объекте – местные кадры.
Новый завод позволил создать более 60 рабочих мест для местных жителей. Несмотря на вызовы пандемии, ТШО совместно с ТОО «Caspian Group Construction» смогли меньше чем за 2 года успешно завершить монтажные и пусконаладочные работы.
"Завод оборудован установкой GXM3, которая отличается портативностью и легкой сборкой. Производитель применил наилучшие доступные технологии и ресурсы по всему миру и доставил их в Казахстан,"-сказал Галиаскар Итишев, руководитель завода по производству гранулированной серы.
Кроме рынка Казахстана, ТШО экспортирует гранулированную серу на рынки Африки, Европы, Китая и других стран.
О ТОО «Тенгизшевройл»
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. ТШО внедряет наилучшие доступные технологии, все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии, обеспечивая более чистой энергией устойчивое развитие Казахстана ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.