Пресс-релизы
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында ауылдық аудандардағы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған жоба іске қосылды
В Шымкенте и Туркестанской области запущен проект по ликвидации насилия в отношении женщин и девочек в сельских районах
Шымкент, 23 тамыз - «Заң талабы» құқық қорғау орталығы Қоғамдық бірлестігі «Түркістан облысының ауылдық аудандарында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою» жобасын іске асыруды бастады. Жоба Qolda 3.0 шұғыл көмек көрсету бағдарламасы аясында Шеврон компаниясы мен Орталық Азия Еуразия Қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылмақ.
Жобаның мақсаты - Түркістан облысының ауылдық аудандарында гендерлік зорлық-зомбылық саласындағы COVID-19 пандемиясының жаңа үрдістері мен салдарын жою.
2020 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстардың өсуі орын алды. ТЖ режимі және азаматтарды оқшаулау кезеңінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан ұйымның жедел желі телефонына күніне 2 реттен 4-ке дейін хабарласу саны артқан.
Qolda 2.0 нәтижелері бойынша жоба жақсы нәтиже көрсетті және әйелдер мен қыздардың құқықтарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
Түркістан облысының 7 ауданында #StopViolence науқаны әлеуметтік желілер, инфографика, шағын дәрістер, видео, АКТ құралдары сияқты инновациялық әдістер мен каналдарды пайдалана отырып өткізілді. Сондай-ақ, команда отбасылық–тұрмыстық зорлық–зомбылық жағдайларының алдын алу мақсатында ақпараттандыру және құқықтық қолдау үшін ауылдық жерлердегі жастар, агрессор ерлер, әйелдер мен жасөспірім қыздар арасында буклеттер таратылды.
Сондай-ақ, бұрынғыдай жоба аясында заңгер тегін жеке консультация өткізіп, әйелдер мен жасөспірім қыздардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жоба барысында ауыл әйелдеріне арналған тренингтер жалғасуда. Мұның арқасында олар құқық қорғау органдарына онлайн өтініш беру мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған кейіпкер өз оқиғасымен бөліседі: «Менің 8 жылдан бері тұрмыстамын, ұйымға өтініш білдіргенімнің себебі - күйеуімнің үнемі ұрып-соғуы (тұрмыстық зорлық-зомбылық). Менің кәмелет жасына толмаған төрт балам бар. Күйеуім мас күйінде келіп, есімнен танғанша мені ұрды. Екі қабырғам және тістерім сынған. Кейін балаларымды ұра бастағанда шыдай алмадым, түнде балаларыммен бірге көшеге шығып, көмек сұрадым. Көршім «Заң талабы» ұйымы туралы айтты. Жедел желіге телефон соқтым. Адвокат полицияға арыз беруіме көмектесті.
Біраз уақыттан соң күйеуім сотқа арыз беріп, балаларымды тартып алуға тырысты. Бұл маған әсер ету мақсатында жасалған іс-әрекет екенін жақсы түсінемін. Сотта менің мүдделерімді қорғаған "Заң талабы" заңгеріне рақмет. Мен өзіме адвокат жалдай алмас едім. Қазір балаларымызбен күйеуімнен бөлек тұрамыз, ол алимент төлейді».
«Түркістан облысының ауылдық аймақтарындағы әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты жою» жобасы Qolda 3.0 шұғыл көмек бағдарламасы аясында алғаш рет отбасылық – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, агрессор ер адамдармен де жұмыс істейтін болады. Шымкентте ерлердің зорлық-зомбылық әрекеттерін түзету, сыйлы қарым-қатынас пен мінез-құлық дағдыларына үйрету, әлеуметтік қатынастарды реттеу, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, шиеленіс пен мазасыздықты жеңілдететін практикалық дағдыларды үйрету бойынша оқыту тренингтері өтеді.
Байланыс:
Ильмира Пернебекова, жоба координаторы
тел.+7 (747) 403-40-69, почта zan.talabi@gmail.com
Жания Хаирова, ОАЕҚ коммуникация бойынша менеджері,
тел. +7(747)58-44-588, zhaniyaenu@gmail.com
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және "Шеврон" компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
«Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.
Шымкент, 23 августа - Общественное объединение Центр правовой защиты «Заң талабы» начал реализацию проекта «Ликвидация насилия в отношении женщин и девочек в сельских районах Туркестанской области». Проект реализуется в рамках программы экстренной помощи Qolda 3.0 в партнерстве с компанией «Шеврон» и Фондом Евразия Центральной Азии.
Целью проекта является устранение новых тенденций и последствий пандемии COVID-19 в сфере гендерного насилия в сельских районах Туркестанской области.
В 2020 году в Казахстане произошёл рост преступлений, связанных с бытовым насилием. В период режима ЧП и изоляции граждан количество обращений от жертв бытового насилия на телефон горячей линии центра увеличилось с двух до четырех звонков в день.
Проект по результатам Qolda 2.0 показал хорошую динамику и продолжает работу по защите прав женщин и девочек от семейно-бытового насилия.
Кампания #StopViolence в 7 районах Туркестанской области проводилась с использованием социальных сетей, инфографики, мини-лекций, видео и инструментов ИКТ. Также, команда разработала и распространила буклеты среди молодежи, мужчин–агрессоров, женщин и девочек–подростков из сельской местности для информирования и правовой поддержки по предотвращению случаев семейно–бытового насилия.
Как и ранее, привлеченный юрист проекта оказывает индивидуальные консультации и обеспечивает соблюдение прав женщин и девочек-подростков.
В рамках проекта продолжаются тренинги для сельских женщин. Благодаря им они узнают о возможностях подачи онлайн обращений в правоохранительные органы.
Своей историей делится жертва семейно-бытового насилия: «Я замужем уже 8 лет, причина, по которой я обратилась в организацию - постоянные избиения со стороны мужа (бытовое насилие). У меня четверо несовершеннолетних детей. Муж приходил в состоянии алкогольного опьянения, избивал меня до потери сознания. У меня сломаны два ребра и выбиты зубы. Когда он начал избивать моих детей, я не выдержала, ночью с детьми выбежала на улицу, просила помощи. Соседка рассказала об организации «Заң талабы». Я позвонила на телефон горячей линии. Юрист помог мне подать заявление в полицию.
В последующем муж пытался отобрать моих детей, он подал в суд заявление. Я понимаю, что это рычаг воздействия на меня. Спасибо юристу «Заң талабы», который представлял мои интересы в суде. Я сама не смогла бы себе нанять адвоката. Сейчас мы с детьми живем отдельно от мужа, он платит алименты».
Проект «Ликвидация насилия в отношении женщин и девочек в сельских районах Туркестанской области» в рамках программы экстренной помощи Qolda 3.0, впервые проведет работу не только с жертвами семейно-бытового насилия, но и с мужчинами–агрессорами. В Шымкенте пройдут обучающие тренинги по коррекции насильственного поведения у мужчин, обучению их навыкам уважительного общения и поведения, формированию адекватной самооценки, тренировки практических навыков снятия напряжения и тревожности.
Контакты:
Ильмира Пернебекова, координатор проекта
тел.+7 (747) 403-40-69, почта zan.talabi@gmail.com
Жания Хаирова, менеджер по коммуникациям ФЕЦА,
тел. +7(747)58-44-588, zhaniyaenu@gmail.com
Программа экстренной помощи “Qolda” разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией “Шеврон”
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. Шеврон добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимию, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Чтобы продвигать будущее с более низким уровнем выбросов углерода, мы сосредоточены на экономически эффективном снижении углеродоемкости, увеличении объемов возобновляемых источников энергии, а также инвестируем в низкоуглеродные технологии коммерческого назначения.