Пресс-релизы
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Covid-19 індетімен күресуге өз үлесін қосуда.
ТОО "ПетроКазахстан Ойл Продактс" вносит свой вклад в борьбе с Covid-19.
Өңірде қалыптасып отырған қиын эпидемиологиялық жағдайды және ауыру жағдайларын азайтуға және қажетті ем алуға бағытталған шаралардың маңыздылығын назарға ала отырып, сондай-ақ Шымкент қаласы Әкімдігі мен Түркістан облысы Әкімдігінің өтініштері бойынша зауыт басшылығы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының медициналық мекемелерінің оттегіге деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ тәрізді техникалық оттегіні шығаратын технологиялық қондырғыны іске қосу туралы шешім қабылдады.
Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында өңірдің медициналық мекемелері жалпы көлемі 8112 м3 оттегімен қамтамасыз етілді.
Оттегіні МЕСТ 558378 стандартына сәйкес келетін сапаға дейін жеткізу және оны әрі қарай медициналық мекемелерге бөлу жұмыстары «KAZMEDPRIBOR» ЖШС арқылы жүргізілді.
Ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету жөніндегі барлық шаралар Шымкент қаласының және Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармаларымен келісіліп, ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету көмегі өтеусіз негізде көрсетілді.
Оттегіні баллондарға толтыру кезінде және оларды арнайы жабдықталған көліктерге салып жіберу кезінде техникалық талаптармен және санитарлық ережелермен белгіленген барлық тиісті қауіпсіздік шаралары сақталды.
«ПКОП» ЖШС
Баспасөз қызметі
Принимая во внимание сложную эпидемиологическую обстановку в регионе и важность мер, направленных на снижение заболеваемости и необходимое лечение, по обращению Акимата города Шымкент и Акимата Туркестанской области, руководством завода было принято решение запустить технологическую установку по выработке газового технического кислорода для нужд медицинских учреждений города Шымкент и Туркестанской области.
За август-сентябрь месяцы текущего года общий объем обеспечения кислородом составил 8 112м3.
Распределение кислорода производилось через ТОО «KAZMEDPRIBOR» с целью доведения кислорода до качества., соответствующего ГОСТу-558378 и дальнейшей доставки в медицинские учреждения.
Хотелось бы отметить, что все процедуры по обеспечению кислородом больниц были согласованы с управлениями общественного здоровья г.Шымкент и Туркестанской области, при этом помощь оказывается на безвозмездной основе.
При заправке и отпуске кислородных баллонов на специально оборудованном транспорте соблюдались необходимые меры в соответствии с установленными техническими требованиямии и санитарными процедурами.
Пресс служба
ТОО "ПКОП"