Пресс-релизы
«Ұмай» балалар үйінің тәрбиеленушілерін табиғатпен тамсануға үйретеді
Воспитанников детского приюта «Умай» учат любоваться красотой природы
Қызылорда, 30 қыркүйек – Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ұмай» қайырымдылық үйі мектеп жасына дейінгі балаларға арналған экологиялық білім беру және эковолонтерлікті дамыту бойынша жобаны іске асыруда. Жоба «Шеврон» компаниясы және Орталық Азияның Еуразия қорымен әріптестікте «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру есебінен іске асырылады.
Балалар үйінің 10 тәрбиешісі «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экологиялық түсініктері» бағдарламасы бойынша оқытудан өтеді. Тәрбиешілер Монтессори әдісінің элементтерін қолдана отырып, мектеп жасына дейінгі 75 балаға білім берумен айналысады. Жылыжайда 48 сағаттық теориялық және практикалық сабақтар балалардың бойына экологиялық мәдениетті ойын түрінде бекітуге бағытталған.
Сондай-ақ «Ұмай» қайырымдылық үйінде табиғат аясында тұрақты экскурсиялар өткізу арқылы балалардың бойына сұлулықты көру қабілетін арттырады. Эксперттердің айтуынша бұл байқампаздық пен эмоционалды интеллектті дамытады, баланың бойындағы шығармашылық қабілеттерді оятады және қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.
Оқыту семинарларының тренері Анар Изден: «Табиғатқа тамсану бойынша сабақтар - бұл мектепке дейінгі білім беру процесінде экологиялық бағытты дамыту ғана емес. Бұл - балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту және мәдениетті адамды тәрбиелеу. Бүгін семинарда маған «Таудың басындағы жалғыз ағаш» тақырыбын талдау ұнады. Ұмайлықтар күш пен тұрақтылық тақырыбын өте кең және қолжетімді түрде аша білді. Жоба аясындағы басқа да тақырыптар мазмұнды болады деп ойлаймын» деп атап өтті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың эко-білім беру бағдарламасына қатысуы олардың дұрыс экологиялық әдеттерін деп күтілуде, атап айтқанда: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, пластикті пайдаланбау, қалдықтарды сұрыптау, үй өсімдіктерін өсіру, ағаш отырғызу және қоршаған ортаға мұқият болу қасиеттерін қалыптастыруға көмектеседі.
«Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеу өте маңызды! Дәл осы 4-5 жаста сана элементтері айқын көрінеді: табиғатқа деген қызығушылық, эмоционалды реакциялар, табиғаттағы адамдардың мінез-құлқын саналы бағалау. Осылайша, мектепке дейінгі балалық кезеңде балалардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы мен дамуы жүреді. Дәл уақытында осы субмәдениеттің сапалы түрде қалыптасуының арқасында бала өзінің білімі мен дағдыларын келесі ұрпаққа бере отырып, қоршаған табиғатты өмір бойы жақсы көретін болады, бағалайды және оны қорғайды. Оқыту семинары аясында мен көп нәрсені білдім. Маған тыңдаушы ғана емес, орын алып жатқан оқиғалардың қатысушысы болу ұнады. Мен өз жұмысыма басқаша қарай бастадым», - деп санайды қайырымдылық үйінің тәрбиешісі Айзада Дәуренбекова.
«Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» – 1999 жылы құрылған мемлекеттік емес мекеме. Облыстың ең ірі үкіметтік емес ұйымдарының бірі қазіргі уақытта 41 қызметкерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Негізі қаланған сәттен бастап әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасыларға үздіксіз қызмет көрсетеді. Қайырымдылық үйі республикалық «Таным» сыйлығының иегері атанды.
Байланыс үшін:
Есбосын Каракоз, жоба координаторы
тел. +77770871965, umai2013@mail.ru
Жания Хаирова, ОАЕҚ коммуникация бойынша менеджері,
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және "Шеврон" компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Көміртек шығарындылары төмен болашақ құру үшін біз көміртек өндірісін тиімді төмендетуге, жаңғырмалы энергия көздерінің көлемдерін арттыуға, сонымен қатар төмен көрміртекті коммерциялық мақсаттағы технологияларға инвестициялауға ерекше назар аударамыз.
Кызылорда, 30 сентября – Приют для детей дошкольного возраста «Умай» реализует проект по экообразованию и развитию эковолонтерства для дошкольников. Проект реализуется за счет грантового финансирования программы экстренной помощи «Qolda 3.0» в партнерстве с компанией «Шеврон» и Фондом Евразия Центральной Азии.
10 воспитателей детского приюта проходят обучение по программе «Элементарные экологические представления у дошкольников». Воспитатели занимаются с 75 детьми дошкольного возраста, используя элементы метода Монтессори. 48 часов теоретических и практических занятий в теплице посвящены игровому обучению детей экологической культуре.
Также в детском приюте «Умай» через регулярные экскурсии на природу детям прививают умение замечать красоту, которое, по мнению экспертов, развивает наблюдательность и эмоциональный интеллект, пробуждает творческие способности и воспитывает ответственность за окружающую среду.
Тренер обучающих семинаров Анар Изден отмечает: «Уроки любования природой – это не просто развитие экологического направления в дошкольном образовательном процессе. Это развитие творческого потенциала детей и воспитание культурного человека. Сегодня на семинаре мне понравился разбор темы «Одинокое дерево на вершине горы». Тема силы и стойкости была раскрыта умайевцами достаточно ёмко и доступно. Думаю, все другие темы в рамках проекта будут такими же содержательными».
Ожидается, что участие дошкольников в программе по эко-образованию поможет сформировать у них правильные экологические привычки, а именно: не мусорить, не срывать цветы, не использовать пластик, сортировать отходы, выращивать комнатные растения, сажать деревья и бережно относиться к окружающей среде.
«Экологическое воспитание дошкольников – это так важно. Именно на 4-5-м году жизни более отчетливо проявляются элементы сознания: интерес к природе, эмоциональные реакции, более осознанные оценки поведения людей в природе. Таким образом, в период дошкольного детства происходит формирование и развитие экологической культуры детей. При условии качественного формирования этой субкультуры в настоящий момент, ребенок будет любить, ценить и беречь окружающую природу всю жизнь, передавая свои знания и умения следующим поколениям. В рамках обучающего семинара я многое узнала. Мне понравилось быть не только слушателем, но и участником происходящего. Я по-другому стала смотреть на свою работу», – считает воспитатель приюта Айзада Дауренбекова.
«Лечебно-воспитательный благотворительный приют для детей дошкольного возраста «Умай» – это негосударственное, некоммерческое учреждение, основанное в 1999 году. Является одной из самых крупных неправительственных организаций области, которая в настоящее время обеспечивает 41 сотрудника трудоустройством и занятостью. С момента основания непрерывно оказывает услуги семьям, попавшим в трудные жизненные ситуации с целью профилактики социального сиротства. Приют стал обладателем республиканской премии «Таным».
Контакты:
Есбосын Каракоз, координатор проекта
тел. +77770871965, umai2013@mail.ru
Жания Хаирова, менеджер по коммуникациям ФЕЦА,
Программа экстренной помощи «Qolda» разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией “Шеврон”.
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. Шеврон добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимию, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Чтобы продвигать будущее с более низким уровнем выбросов углерода, мы сосредоточены на экономически эффективном снижении углеродоемкости, увеличении объемов возобновляемых источников энергии, а также инвестируем в низкоуглеродные технологии коммерческого назначения.