Пресс-релизы
Теңізшевройл. Деректер мен дәйектер. 2021 жылдың үшінші тоқсаны бойынша мәлімет
Тенгизшевройл цифры и факты. Итоги 3 квартала 2021 года
Тарих/Қатысушылар
- Әлемдегі ең терең және ірі мұнай кеніштерінің бірі болып саналатын Теңіз мұнай кеніші 1979 жылы ашылды.
- «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай - ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында жасалған келісім негізінде құрылды.
- Қазіргі таңдағы ТШО серіктестері: «Шеврон» - 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ - 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» - 25% және «ЛукАрко» - 5%.
Өнім өндіру/Қорлар
- Теңіз коллекторының жалпы барланған қоры 3,2 миллиард тонна (25,5 миллиард баррель), ал Королев кен алаңында 200 миллион тонна (1,6 миллиард баррель) мұнайды құрайды.
- Теңіз және Королев кеніштерінен алынатын мұнай қоры 890 миллионнан 1,37 миллиард тоннаға дейінгі мөлшерде (7,1 – 10,9 миллиард баррель). • Теңіз коллекторының ені 20 шақырым (12 миль), ұзындығы 21 шақырым (13 миль).
- ТШО 2008 жылы Шикі газ айдау және Екінші буын зауыты (ШГА/ЕБЗ) жобасын аяқтап, нәтижесінде мұнай өндірудің тәуліктік көлемін шамамен 75 мың тоннаға (600 мың баррель), ал табиғи газдың тәуліктік өнімін 22 миллион текше метрге (750 миллион текше фут) жеткізді.
- 2021 жылдың үш тоқсанында шикі мұнай өндіру көлемі 18,9 миллион тоннаны (151 миллион баррель) құрады.
Денсаулық сақтау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- ТШО 2000 жылдан бері табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға 3,14 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды.
- 2000 жылдан бері өндірілген мұнайдың бір тоннасына шаққандағы атмосфераға жіберілген шығарындылардың көлемі 71%-ға азайды.
- ТШО 2021 жылдың үшінші тоқсанында өндірілген газдың 98,8%-ын кәдеге жаратты.
- 2021 жылдың үшінші тоқсанында суды қайтадан пайдалану көрсеткіші 46%-ды құрады. ТШО тұрмыстық ағын суларды кәдеге жарату, өнеркәсіптік мақсатта тазарту және қайта пайдалану арқылы суды үнемдеу бағытындағы іс-шараларды одан әрі жүзеге асыруды жалғастыруда.
- ТШО қалдықтардың 35-тен аса түрін қайта өңдеуге жібереді. 2021 жылдың үшінші тоқсаны соңында қайта өңделген қалдықтардың үлесі 49%-ды құрады.
Өнімдерді өткізу
- ТШО 2021 жылдың үш тоқсанында 1.07 миллион тоннадан астам сұйытылған газ, 5,1 миллиард текше метр құрғақ газ, сондай-ақ 1,9 миллион тоннадан астам күкірт өткізді.
Қазақстан Республикасы экономикасына қосқан үлесі
- 1993 жылдан бастап 2021 жылдың үшінші тоқсаны дейінгі аралықта ТШО-ның Қазақстан Республикасына тікелей қаржылай салымы кәсіпорынның жергілікті қызметкерлеріне төленген еңбекақыны, қазақстандық тауар өндірушілер мен қамтушылардың өнімдері мен қызметтерін сатып алуға жұмсалған қаржыны, мемлекеттік кәсіпорындарға аударылатын төлемдер, қазақстандық серіктеске бөлінген дивидендтер, сонымен қатар мемлекеттік бюджетке аударылған салық және роялтиді қоса алғанда 158 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады.
- 2021 жылдың үш тоқсанында ТШО-ның Қазақстанға тікелей төлем қаржысы 5,9 миллиард АҚШ долларын құрады.
- ТШО 2021 жылдың үш тоқсанында 2,7 миллиард АҚШ долларына қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтері сатып алды, оның 1,8 миллиард АҚШ доллары ККЖ-ҰЕҚБЖ ( Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы) шеңберінде жұмсалды.
- ТШО 1993 жылдан бері 39,3 миллиардтан астам АҚШ долларына қазақстандық қамтушылардың тауарлары мен қызметтерін сатып алды.
Қызметкерлерді шыңдау
- Негізгі өндіріс пен ККЖ-ҰЕҚБЖ-да жұмыс істейтіндердің 87,6%-ы Қазақстан азаматтары. ККЖ-ҰЕҚБЖ қызметкерлерін есепке алмағанда, ТШО штатындағы қызметкерлердің 93,5%-ы қазақстандықтар. 1993 жылы бұл көрсеткіш 50% болатын.
- Жалпы басшылық құрамның 77,2%-ын қазақстандық жоғары және орта буын жетекшілер құрайды. ККЖ-ҰЕҚБЖ-ны есепке алмағанда қазақстандық жоғары және орта буын басшылардың жалпы үлесі 87,2 %.
- Кадрларды оқыту және шыңдау жөніндегі тұрақты бағдарламалар нәтижесінде анағұрлым жауапты басшылық лауазымдарға жергілікті қызметкерлер көбірек тартылуда.
Әлеуметтік салаға үлес
- ТШО 1993 жылдан бері өз қызметкерлері мен Атырау облысы тұрғындардың игілігіне бағытталған түрлі әлеуметтік жобаларға 2,2 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады.
- «Игілік» ерікті әлеуметтік инфрақұрылым бағдарламасының 2021 жылғы бюджеті 30 миллион АҚШ долларын құрады. Аталмыш қаржының негізгі бөлігі Атырау облысындағы балабақшалар, мектептер және басқа да әлеуметтік нысандар құрылысына бағытталады.
- 2021 жылы әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы шеңберінде Атырау облысы мен Боранқұл ауылында (Маңғыстау облысы) денсаулық сақтау, білім беру сапасын көтеру және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға 1,6 миллион АҚШ долларынан астам қаржы бөлінді.
- ТШО пандемия басталғалы бері Атырау облысында коронавируспен күрес, тұрғындарды қолдау және медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 18,3 миллион АҚШ долларына жуық (7,7 миллиард теңге) қаржы жұмсады.
Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы
Жалпы мағлұмат
- ТШО серіктестері 2016 жылы Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттырудың келесі кезеңі-Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасын (ККЖ-ҰЕҚБЖ) қаржыландыруға қатысты қорытынды шешімнің қабылданғаны туралы хабарлады.
- ККЖ шикі мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 миллион тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттырмақ. Мұнай өндірудің жалпы көлемі жылына шамамен 39 миллион тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды.
- ҰЕҚБЖ кеніштегі ұңғы ернеуіндегі қысымды төмендетіп, өнім зауытқа жеткен кезде қолданыстағы алты технологиялық желінің кіре берісіндегі қысымды көтеру арқылы Теңіз кен орнындағы қолданыстағы зауыттарды толық қуатта ұстап тұратын болады.
Қазақстандық қамту
- ТШО ККЖ-ҰЕҚБЖ жүзеге асырыла бастағаннан бері қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 12,6 миллиардтан астам АҚШ долларын жұмсады.
Жоба бойынша жұмыс барысы
- Қазіргі таңда жоба 86%-ке аяқталды, барлық өндіруші ұңғымалардағы бұрғылау және игеру жұмыстары аяқталды, материалдар мен жабдықтар құрылыс алаңында, модульдерді қайта жинау жұмыстары және энергоқұралдар жүйесінің барлық модульдерін біріктіріп қосу аяқталды.
- ККЖ-ҰЕҚБЖ – бұл білікті мамандарды даярлау, шетелдік компаниялармен серіктестік қатынас орнату арқылы технология алмасу және жергілікті инфрақұрылымды жаңғырту түрінде мұра қалдыруға мүмкіндік беретін ұлттық маңызы бар жоба.
История/Участники
- Тенгизское нефтяное месторождение было открыто в 1979 году и является одним из крупнейших и самых глубоких нефтяных месторождений в мире.
- Товарищество с ограниченной ответственностью «Тенгизшевройл» (далее – ТШО) было сформировано 6 апреля 1993 года на основе соглашения между Республикой Казахстан и компанией «Шеврон».
- В настоящее время партнерами ТШО являются: «Шеврон» - 50%, АО НК «КазМунайГаз» - 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» - 25% и СП «ЛукАрко» - 5%.
Добыча/Запасы
- Общие разведанные запасы Тенгизского коллектора составляют 3,2 миллиарда тонн (25,5 миллиарда баррелей) и 200 миллионов тонн (1,6 миллиарда баррелей) в Королевском месторождении.
- Извлекаемые запасы нефти Тенгизского и Королевского месторождений составляют от 890 миллионов до 1,37 миллиарда тонн (7,1 – 10,9 миллиарда баррелей). • Коллектор месторождения Тенгиз имеет ширину 20 км (12 миль) и длину 21 км (13 миль).
- В 2008 году ТШО завершил проект Закачки сырого газа и Завода второго поколения (ЗСГ/ЗВП), в результате которого суточная добыча нефти достигла приблизительно 75 тысяч тонн (600 тысяч баррелей) и суточное производство природного газа - 22 миллиона кубических метров (750 миллионов кубических футов).
- За три квартала 2021 года объем добычи сырой нефти составил 18,9 миллиона тонн (151 миллион баррелей).
Охрана здоровья, промышленная безопасность и защита окружающей среды
- С 2000 года ТШО инвестировал около 3,14 миллиарда долларов США на реализацию природоохранных мероприятий.
- С 2000 года общий объем выбросов в атмосферу на тонну добытой нефти уменьшился на 71%.
- Показатель утилизации газа ТШО на третий квартал 2021 года составил 98,8%.
- Общий показатель повторного использования воды в ТШО в третьем квартале 2021 года составил 46%. ТШО продолжает осуществлять меры по экономии водных ресурсов путем утилизации бытовых сточных вод, а также переработки и повторного использования в промышленных целях.
- ТШО передает более 35 видов отходов на переработку. Доля переработанных отходов по состоянию на конец третьего квартала 2021 года составила 49%.
Реализация продукции
- • За три квартала 2021 года ТШО реализовал более 1,07 миллиона тонн сжиженного газа, 5,1 миллиарда кубических метров сухого газа, а также более 1,9 миллиона тонн серы.
Вклад в экономику Республики Казахстан
- С 1993 года по третий квартал 2021 года прямые финансовые выплаты ТШО Республике Казахстан составили более 158 миллиардов долларов США, включая заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также в виде налогов и роялти, перечисляемых в государственный бюджет.
- За три квартала 2021 года прямые выплаты Республике Казахстан составили более 5,9 миллиарда долларов США.
- За три квартала 2021 года ТШО приобрел товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму в 2,7 миллиарда долларов США, включая 1,8 миллиарда долларов США в рамках ПБР-ПУУД (Проект будущего расширения – Проект управления устьевым давлением).
- С 1993 года ТШО закупил товаров и услуг казахстанских поставщиков на сумму более 39,3 миллиарда долларов США.
Развитие кадров
- Совокупный штат основного производства и ПБР-ПУУД состоит на 87,6% из граждан Казахстана. Без учета персонала ПБР-ПУУД, в штате ТШО 93,5% работников – казахстанцы. В 1993 году этот показатель составлял 50%.
- Доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 77,2% от общего числа руководящего состава. Без учета ПБР-ПУУД доля казахстанских руководителей высшего и среднего звена составляет 87,2%.
- В результате постоянно действующих программ обучения и развития кадров все больше сотрудников выдвигаются на более ответственные должности.
Вклад в социальную сферу
- С 1993 года ТШО направил более 2,2 миллиарда долларов США на финансирование различных социальных проектов для населения Атырауской области и сотрудников.
- В 2021 году бюджет добровольной социально-инфраструктурной программы «Игилик» составил 30 миллионов долларов США, основная часть которого будет направлена на строительство детских садов, школ и других социальных объектов в Атырауской области.
- В 2021 году ТШО выделил более 1,6 миллиона долларов США на улучшение качества здравоохранения, образования, а также развитие социального предпринимательства в Атырауской области и селе Боранкул (Мангистауская область) в рамках Программы социальных инвестиций.
- С начала пандемии ТШО выделил около 18,3 миллиона долларов США (около 7,7 миллиардов тенге) на борьбу с коронавирусом, поддержку населения и закуп медицинского оборудования принадлежностей в Атырауской области.
Проект будущего расширения - Проект управления устьевым давлением
Общие сведения
- В 2016 году участники ТШО объявили об утверждении окончательного решения о финансировании Проекта будущего расширения - Проекта управления устьевым давлением (ПБР-ПУУД), следующего этапа масштабного расширения производственных мощностей Тенгизского месторождения.
- ПБР увеличит объёмы производства сырой нефти примерно на 12 миллионов тонн в год или 260 тысяч баррелей в сутки. Общий объём производства составит порядка 39 миллионов тонн в год или 850 тысяч баррелей в сутки.
- ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления фонтанирующих скважин и повышения давления на входе шести действующих комплексных технологических линий.
Казахстанское содержание
- С начала реализации ПБР-ПУУД, ТШО потратил более 12,6 миллиарда долларов США на закуп казахстанских товаров, работ и услуг.
Ход выполнения работ по Проекту
- В настоящее время проект завершен на 86%, все добывающие скважины пробурены и освоены, материалы и оборудование находятся на площадке, работы по обратной сборке модулей и соединение всех модулей системы энергоресурсов завершены.
- ПБР-ПУУД является проектом национального значения, который способствует созданию в регионе наследия в виде квалифицированных рабочих кадров, трансферта технологий посредством создания партнёрств с зарубежными компаниями, а также модернизированной инфраструктуры.