Пресс-релизы
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «ҚазТрансГаз» АҚ 100% акциясын бергені туралы
О передаче АО НК «КазМунайГаз» 100% акций АО «КазТрансГаз»
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) қарашаның 9-ы күні «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі – ҚТГ) 100% акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) пайдасына берілгені туралы хабарлайды. Мәміле сомасы – 1 теңге.
Қарашаның 9-да ҚМГ мен Қор арасында 2021 жылдың 11 наурызында жасалған сенімгерлік басқару келісімшартының күші де жойылды.
ҚТГ акцияларын Қорға беру 2020 жылдың 3 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» қорын басқару жөніндегі кеңестің тапсырмасын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2021 жылдың 26 қаңтарында Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық операторды құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылды.
Мәміле жасалмас бұрын бірқатар заңды және қаржылық шарттар орындалғанын, соның ішінде ҚМГ кредиторларының және тиісті мемлекеттік органдардың келісімін алу қажет болғанын атап өткен жөн. Бірінші кезеңде 2020 жылдың қазан айында ҚМГ 750 млн АҚШ доллары сомасына еурооблигацияларды қайта қаржыландырды, бұл ретте жаңа шарт бойынша ҚТГ-ның шығу мүмкіндігі көзделген болатын. Келесі кезең барысында 2021 жылдың маусымында ҚТГ-ның бөлініп шығуына ҚМГ еурооблигацияларының басқа ұстаушыларынан келісім алынды.
Сонымен қатар мәміленің жасалуы ҚМГ-ның кредит беруші банктерімен, соның ішінде жекелеген қарыздарды қаржыландыру арқылы келісілді. Атқарылған жұмыс кезеңдерінің бірі ҚР Үкіметінің 2021 жылдың 8 қарашадағы «Стратегиялық объектіні иеліктен шығару туралы» қаулысының қабылданғаны болды. Аталған қаулыға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына ҚТГ-ның 100% акциясы пакетін Қор пайдасына сатып алу-сату келісімшарт жасасу жолымен иеліктен шығару жөніндегі мәмілені жасауға рұқсат берілді.
Қазіргі уақытта ҚМГ-ның барлық кредиторы ҚТГ-ны Қордың жеке еншілес компаниясы етіп шығаруға келісімін берді.
ҚМГ-ның 2021 жылдың тоғыз айындағы шоғырландырылған қаржылық есептілігі ҚТГ-ның қаржылық есептілігін де қамтиды. ҚМГ қарашаның 9-нан бастап ҚТГ туралы деректерді өз есебінде көрсетуді тоқтатады. 2021 жылдың капиталындағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есепте КТГ-ны беру туралы мәміленің нәтижесі «акционерге басқа үлестер» ретінде көрсетілетін болады.
Айта кетейік, ҚТГ-ның бөлінуі нәтижесінде ҚМГ қарызы 1,1 млрд АҚШ долларына (берілген кепілдіктерді есептегенде 1,6 млрд долларға) азаяды.
ҚМГ алдағы уақытта да Қазақстанның газ саласын жаңғырту мен әртараптандыру ісіне одан әрі жәрдем көрсетуге ниетті. Осыған байланысты ұлттық компания ҚТГ-мен бұл мәселе бойынша ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөледі.
Еске салсақ, 2002 жылы ұлттық компания құрылғаннан бастап ҚТГ оның құрамында болды. ҚМГ осы уақыт ішінде ҚТГ капиталына ақша мен мүлік түрінде шамамен 143 млрд теңге құйды. Бұл ретте ҚТГ активтері 125 млрд теңгеден 2,5 трлн теңгеге 20 еседен көп өсті, капитал 61 млрд теңгеден 1,6 трлн теңгеге артты, түсім жылына 85 млрд теңгеден 900 млрд теңгеге дейін көбейді. ҚТГ құрылған сәттен бастап Қазақстанда 10 мың шақырымнан аса магистралды газ құбырлары салынып, пайдалануға берілді. Бүгінде ҚТГ 20 мың шақырымнан астам магистралды құбыр жолдарын және 56 мың шақырымнан аса газ тарату желілерін басқарып отыр.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – Қазақстанның жетекші тігінен интеграцияланған компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау, өңдеуден бастап, тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызмет көрсетуге дейінгі барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылып, Қазақстанның мұнайгаз саласындағы мемлекеттік мүддесін қорғайды.
ҚМГ негізгі активтері:
Барлау және өндіру: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) – 100%, Ембімұнайгаз (ЕМГ) – 100%, Қазақтүрікмұнай (ҚТМ) – 100%, ҚазМұнайТеңіз – 100%, Өріктау (ӨО) – 100%, Маңғыстаумұнайгаз (ММГ) – 50%, Қазгермұнай (ҚГМ) – 50%, Қаражанбасмұнай (ҚБМ) – 50%, Қазақойл Ақтөбе (ҚОА) – 50%, ПетроҚазақстан Инк (ПҚИ) – 33%, Теңізшевройл (ТШО) – 20%, Қарашығанақ (ҚПО) – 10%, Қашаган – 8,44%.
Мұнай тасымалдау: ҚазТрансОйл – 90%, Қазақстан-Қытай Құбыры (ҚҚҚ) – 50%, МұнайТас – 51%, Batumi Oil Terminal – 100%, Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) – 20,75%, Қазақтеңізкөлікфлоты – 100%, ҚазРосГаз – 50%.
Өңдеу: ПМХЗ – 100%, АМӨЗ – 99,53%, ПҚОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.
АО НК «КазМунайГаз» (далее – КМГ) сообщает о передаче 9 ноября 100% акций АО «КазТрансГаз» (далее – КТГ) в пользу АО «Самрук-Қазына» (далее – Фонд). Сумма сделки – 1 тенге.
9 ноября также прекращено действие договора доверительного управления, заключенного 11 марта 2021 года между КМГ и Фондом.
Передача акций КТГ Фонду осуществлена во исполнение поручения Совета по управлению Фондом «Самрук-Қазына» под председательством Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Н.А.Назарбаева от 3 июня 2020 года, а также поручения Главы государства К.К.Токаева о создании
национального оператора по разведке, добыче и транспортировке газа, данного на расширенном заседании Правительства 26 января 2021 года.
Отметим, что сделке предшествовало выполнение ряда юридических и финансовых условий, в том числе получение согласований кредиторов КМГ и соответствующих государственных органов. На первом этапе в октябре 2020 года КМГ рефинансированы еврооблигации на сумму 750 млн долларов США, при этом в новых условиях была предусмотрена возможность вывода КТГ. В ходе следующего этапа в июне 2021 года было получено согласие остальных держателей еврооблигаций КМГ на выделение КТГ.
Кроме того, проведение сделки было согласовано с банками-кредиторами КМГ, в том числе путем рефинансирования отдельных займов. Одним из этапов работы также стало принятие постановления Правительства РК «Об отчуждении стратегического объекта» от 8 ноября 2021 года, согласно которому КМГ разрешено проведение сделки по отчуждению 100% пакета акций КТГ в пользу Фонда путем заключения договора купли-продажи.
В настоящее время всеми кредиторами КМГ одобрено выделение КТГ в отдельную дочернюю компанию Фонда.
При этом консолидированная финансовая отчетность КМГ за девять месяцев 2021 года будет включать финансовую отчетность КТГ. Начиная с 9 ноября КМГ прекратит признание
КТГ, и в консолидированном отчете об изменениях в капитале за 2021 год результат сделки по передаче КТГ будет отражен как «прочие распределения акционеру».
Отметим, что долг КМГ в результате выделения КТГ снизится на 1,1 млрд долларов США (на 1,6 млрд долларов,
включая выданные гарантии).
КМГ намерен и дальше содействовать модернизации и диверсификации газовой отрасли Казахстана, в связи с чем сотрудничество с КТГ по данному направлению сохранится в фокусе национальной компании.
Напомним, КТГ входил в состав КМГ с момента создания национальной компании в 2002 году. За это время КМГ в капитал КТГ было вложено около 143 млрд тенге в виде денег и имущества. При этом активы КТГ выросли более чем в 20 раз со 125 млрд тенге до 2,5 трлн тенге, капитал – с 61 млрд тенге до 1,6 трлн тенге, выручка – с 85 млрд тенге до 900 млрд тенге в год. С момента создания КТГ в Казахстане построены и введены в эксплуатацию более 10 тыс. км магистральных газопроводов. На сегодняшний день КТГ управляет более 20 тыс. км магистральных газопроводов и более 56 тыс. км. газораспределительных сетей.
Об АО «Национальная компания «КазМунайГаз»:
АО «Национальная компания» КазМунайГаз» (КМГ) является ведущей вертикально-интегрированной нефтегазовой компанией Казахстана. КМГ управляет активами по всему производственному циклу от разведки и добычи углеводородов до транспортировки, переработки и предоставления специализированных услуг. Компания, основанная в 2002 году, представляет интересы Казахстана в нефтегазовой отрасли страны.
Основные активы КМГ включают в себя:
Разведка и Добыча: Озенмунайгаз (ОМГ) – 100%, Эмбамунайгаз (ЭМГ) – 100%, Казахтуркмунай (КТМ) – 100%, КазМунайТениз – 100%, Урихтау (УО) – 100%, Мангистаумунайгаз (ММГ) – 50%, Казгермунай (КГМ) – 50%, Каражанбасмунай (КБМ) – 50%, Казахойл Актобе (КОА) – 50%, ПетроКазахстан Инк (ПКИ) – 33%, Тенгизшевройл (ТШО) – 20%, Карачаганак (КПО) – 10%, Кашаган – 8,44%.
Транспортировка нефти: КазТрансОйл – 90%, Казахстанско-Китайский Трубопровод (ККТ) – 50%, МунайТас – 51%, Batumi Oil Terminal – 100%, Каспийский Трубопроводный Консорциум (КТК) – 20,75%, Казмортрансфлот – 100%, КазРосГаз – 50%.
Переработка: ПНХЗ – 100%, АНПЗ – 99,53%, ПКОП – 49,72%, KMG International – 100%, Петромидия – 54,63%, Вега – 54,63%.