Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Қазақстанда халықаралық стандартқа сай AVON респираторлары шығарылатын болды 2019 ж. В Казахстане налажен выпуск респираторов международного стандарта AVON
9 тамыз, НҰР-СҰЛТАН – Қазақстанда халықаралық стандартқа сай AVON NH-15 респираторларын өндіру жұмыстары басталды. QHSE-Akbarys кәсіпорнының өндірістік цехының салтанатты ашылу рәсімін Нұр-сұлтан қаласының әкім орынбасары Малика Бектурова, ҚР-дағы Ұлыбритания елшілігінің өкілдері және «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры Имер Боннер бастаған кәсіпорын өкілдері қатысты.
«Қазақстандық қамту үлесін арттыру бойынша міндеттерімізді орындау мақсатында ТШО жергілікті нарықты дамыту бөлімі QHSE-Akbarys және Avon Protection Systems (Ұлыбритания) кәсіпорындарымен бірлесе отырып, AVON респираторларының өндірісін оқшауландыру бойынша үлкен жұмыстарын жүргізілді.
Сол көптеген жылдық жұмыстың жемісін, міне, біз бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы өндірістік цехтың ашылуына куә болып отырмыз.» – деп өз сөзінде Боннер ханым атап өтті.
Күләпара тәрізді респираторларды өндіру цехын ашу «Теңізшевройл» ЖШС мен «QHSE-Akbarys» ЖШС арасында 2017 жылы қол қойылған ұзақ мерзімді келісімшарт шеңберінде қазақстандық қамту үлесін арттыру жоспарында көзделген.
Респираторлар өндірісі «Астана – жаңа қала» АЭА алаңында орнатылған. Жобаның жалпы инвестициясы шамамен 1 млрд. теңгені құрады.
«QHSE-Akbarys» ЖШС өнімі барлық қажетті сынақтардан өтіп, Lloyd's Register халықаралық стандарттарға сәйкестікті құптайтын сертификатын алды. Қазақстанда шығарылатын AVON NH15К респираторлары Қазақстанның климатына, әсіресе Теңіз кен орнының ерекшеліктеріне бейімделген. Осы респираторларда пайдаланылатын сүзгіш технологиялар зиянды газдардың толық тізбесінен, оның ішінде күкіртті сутектен сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда «QHSE-Akbarys» ЖШС өндірістік қуаты жылына 40 мың масканы шығаруға мүмкіндік бере отырып, оны әрі қарай жақын шет елдеріне сатуға болатындай көлемге дейін ұлғайту мүмкіндігін береді. Кәсіпорын 36 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
Қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жоспарлары 2016 жылдан бері ТШО-ның ұзақ мерзімді келісімшарттары барысында іске асырылып келеді. Осылайша, осы үлгінің арқасында Қазақстанда халықаралық талаптарға сәйкес келетін ернемекті жалғастырғыштар мен төсемдер, тампонаждық цемент, вагондық жапсырмалар, БӨАжА үшін қажет кабельдік өнімдерді және т.б. шығару басталды.
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді
09 августа 2019 г., НУР-СУЛТАН – В Казахстане начали выпускать респираторы международного класса AVON NH-15. Церемонию открытия производственного цеха компании QHSE-Akbarys посетили заместительн акима г. Нур-Султан Малика Бектуров, представители посольства Великобритании в РК и представители ТОО “Тенгизшевройл” во главе с генеральным директором Имер Боннер.
“Во исполнение наших обязательств по увеличению доли местного содержания, отделами развития казахстанского содержания и развития местного рынка ТШО совместно с компанией QHSE-Akbarys и Avon Protection Systems (Великобритания) была проведена большая работа по локализации производства респираторов AVON.
Несколько лет совместных усилий принесли свои плоды и сегодня мы стали свидетелями открытия производственной площадки в г. Нур-Султан.” – сказала в своей приветственной речи г-жа Боннер.
По ее словам с начала своей деятельности в 1993 г. ТОО “Тенгизшевройл” закупил товаров и услуг отечественного производства на сумму свыше 30 млрд долларов США.
Открытие линии по сборке респираторов капюшонного типа было предусмотрено планом увеличения доли казахстанского содержания в рамках долгосрочного контракта, подписанного в 2017 г. между ТОО “Тенгизшевройл” и ТОО “QHSE-Akbarys”.
Производство респираторов налажено на территории СЭЗ «Астана – новый город». Общая сумма инвестиций в проект составила около 1 млрд. тенге.
Продукция ТОО “QHSE-Akbarys” прошла все необходимые испытания и получила сертификат соответствия международным стандартам от LLOYD’s Register. Выпускаемая в Казахстане модель респиратора AVON NH15К адаптирована под климатические условия Казахстана, которые особенно резко отличаются на Тенгизском месторождении. Фильтрующие технологии реализованные в данном типе респираторов обеспечивают надежную защиту от целого перечня токсичных газов, в том числе от сероводорода.
На сегодняшний день производственные мощности ТОО “QHSE-Akbarys” позволяют выпускать до 40 тыс масок в год с возможностью увеличения объемов продукции для реализации на рынках ближнего зарубежья. Предприятие обеспечивает работой около 36 человек.
Планы по увеличению казахстанского содержания начали применяться в долгосрочных контрактах ТШО с 2016 г. Таким образом, благодаря этой модели в Казахстане начался выпуск продукции,соответствующей международным стандартам – фланцевые соединения и прокладки, тампонажный цемент, вагонные вкладыши, кабельная продукция для КИПиА и др.
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет разработку, производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.