Пресс-релизы
Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары өз құқықтарын қорғауды үйренуде
Жертвы бытового насилия в Туркестанской области учатся защищать свои права
Алматы, 29 қараша - «Заң талабы» құқықтық қорғау орталығы Оңтүстік Қазақстандағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларының алдын алуда кешенді тәсіл әзірлеуде. Орталығының мамандары отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетін барлық санаттағы адамдарға: әйелдерге, жасөспірім қыздарға және кәмелетке толмағандарға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, ер агрессорлармен түзету жаттығулары өткізіледі.
«Түркістан облысының ауылдық аудандарында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық - зомбылықты жою» жобасы Орталық Азияның Еуразия қорының «Шеврон» компаниясымен әріптестікте әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Түркістан облысы отбасындағы зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері және жұбайының немесе туыстарының ұрып-соғуы салдарынан зорлықпен өлтіру жағдайларының саны бойынша көшбасшы болып табылады. Орталық сарапшыларының пікірінше, бұл аудандар тұрғындары отбасындағы қарым-қатынас мәселелеріне консервативті көзқараспен сипатталатын облыстардың ішінде ең көп қоныстанғандары. Қазіргі уақытта отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының сот төрелігіне қол жеткізу проблемасы әлі де бар. Зорлық-зомбылықты жоюға арналған бұл жоба өмірлік қиын жағдайға тап болған ауыл әйелдерін өз құқықтарын қорғауға үйретеді.
Ұйымға 2021 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 115 әйел көмекке жүгінді. Олардың 67-і психологиялық, 48-і заңгерлік көмек алды. Тегін заңгерлік көмектің арқасында әйелдер некені бұзу, алимент өндіріп алу, мүлікті бөлу және отбасылық жанжалқойларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша сотқа талап арыздарын бере алды.
200 ауыл әйелдері мен жасөспірім қыздар «Әйел құқығы – бұл адам құқығы» құқықтық мектебі аясында білім алды. Түркістан облысының 8 ауданында, атап айтқанда Арыс және Сарыағаш қалаларында, сондай-ақ Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Кельт аудандарында барлығы 9 тренинг өткізілді.
Қатысушылармен жасалған кері байланыс көрсеткендей, оқудан кейін әйелдер өз бетінше құқық қорғау және сот органдарына жүгіне алды. Құқықтық сауаттылық бойынша тренингтердің әрбір екінші қатысушысы психологиялық немесе заңгерлік көмек алу үшін ұйымға жүгінді.
Келесі бір маңызды аспект – бұл кәмелетке толмағандармен жұмыс, өйткені психологпен ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана балалар физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық фактілері туралы айта бастайды. Жоба барысында 18 кәмелетке толмаған бала психологтан кеңес алды.
Жоба аясында 30 агрессор ер адам зорлық-зомбылық мінез-құлқын түзету бойынша оқытудан өтті. Тренинг барысында олар агрессиямен күресуге және жолдастарымен ыңғайлы қарым-қатынас жасауға үйренді.
Агрессорлармен жұмыс істеу бойынша алынған нәтижелер агрессор ерлерге арналған түзету бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ, команда бағдарламаны және ерлі-зайыптылар арасындағы зорлық-зомбылықты түзету бойынша зерттеу нәтижелерін уәкілетті органдарға таныстыруды жоспарлап отыр.
Жоба координаторы Юлия Улеева:
«Шымкентте алғаш рет біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен ғана емес, агрессор ер адамдармен де жұмыс жүргіздік. Біз адамның зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын өзгертудің, шиеленіс пен агрессияны жеңілдетудің балама жолдарын табудың маңызды екенін түсіндік».
Біздің міндетіміз - алынған тәжірибе мен білімді бүкіл Қазақстан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайын өзгерту үшін пайдалану. Бірінші қадам ретінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен жұмыс істеу тәсілін отбасылық агрессорлармен жұмыс істеудің түзету бағдарламаларын енгізу арқылы өзгерту қажет».
Байланыстар:
Юлия Улеева, жоба жетекшісі
Тел.+7 (747) 403-40-69, почта zan.talabi@gmail.com
Жәния Хаирова, ОАЕҚ коммуникациялар жөніндегі менеджері,
«Qolda» шұғыл көмек бағдарламасы Орталық Азияның Еуразия Қоры және "Шеврон" компаниясының серіктестігімен жүзеге асырылып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.
«Шеврон» - дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. "Шеврон" мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өнімдерін өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады. Біз өз операцияларымыздағы көміртегі көлемін төмендетуге және дәстүрлі бизнес бағыттарымызбен қатар көміртегі аз бизнесті дамытуға ұмтыламыз. «Шеврон» туралы қосымша ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.
Алматы, 29 ноября - Центр правовой защиты «Заң талабы» разрабатывает комплексный подход в профилактике проблемы семейно-бытового насилия в Южном Казахстане. Специалисты центра оказывают психологическую и юридическую помощь всем категориям лиц, пострадавшим от домашнего насилия: женщинам, девушкам-подросткам и несовершеннолетним. Кроме того проводятся коррекционные тренинги с мужчинами-агрессорами.
Проект «Ликвидация насилия в отношении женщин и девочек в сельских районах Туркестанской области» реализуется в рамках программы экстренной помощи «Qolda 3.0», разработанной Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией «Шеврон».
Туркестанская область – лидер по количеству случаев домашнего насилия, попыток суицида и насильственных смертей вследствие избиения со стороны супруга или родственников. По мнению экспертов центра, эти области самые густонаселенные, в которых население характеризуется консервативным взглядом на вопросы отношений в семье. В настоящее время у жертв семейно-бытового насилия до сих пор существует проблема доступа к правосудию. Данный проект по ликвидации насилия обучает сельских женщин, оказавшихся в трудной жизненной ситуации, защищать свои права.
Всего в организацию с августа 2021 г. по настоящее время за помощью обратилось 115 женщин, пострадавших от семейно-бытового насилия. Из них 67 получили психологическую помощь, 48 – юридическую. Благодаря бесплатной юридической помощи женщины смогли подать исковые заявления в суд по вопросам расторжения брака, взыскания алиментов, раздела имущества и привлечения к ответственности семейных дебоширов.
200 сельских женщин и девочек-подростков прошли обучение в рамках правовой школы «Права женщин – это права человека». Всего было проведено 9 тренингов в 8 районах Туркестанской области: в г. Арысь и Сарыагаш, а также в Мактараальском, Казгуртском, Тюлькубаском, Ордабасинском, Сайрамском и Кельском районах.
Обратная связь с участницами показала, что после обучения женщины смогли самостоятельно обратиться в правоохранительные и судебные органы. Каждая вторая участница тренингов по правовой грамотности обратилась в организацию за психологической или юридической помощью.
Другим важным аспектом является работа с несовершеннолетними, так как только после длительной работы с психологом дети начинают говорить о фактах физического или сексуального насилия. За время проекта 18 несовершеннолетних получили консультации психолога.
В рамках проекта 30 мужчин–агрессоров прошли обучение по коррекции насильственного поведения. Во время тренингов они на собственном примере учились, справляться с агрессией и выстраивать комфортные взаимоотношения с партнером.
Полученные результаты по работе с мужчинами-агрессорами станут основой для разработки коррекционной программы для мужчин-агрессоров. Также команда планирует презентовать программу с результатами исследования по коррекции насильственного поведения между супругами в уполномоченные органы.
Координатор проекта Юлия Улеева отмечает:
«Впервые в Шымкенте мы провели работу не только с пострадавшими от семейно-бытового насилия, но и с мужчинами-агрессорами. Мы поняли, что важно изменить отношение мужчин к насилию, найти альтернативные способы снятия напряжения и агрессии».
Наша задача – использовать полученный опыт и знания для изменения ситуации с бытовым насилием по всему Казахстану. В качестве первого шага необходимо поменять подход в работе с пострадавшими от насилия путем внедрения коррекционных программ работы с семейными агрессорами».
Контакты:
Юлия Улеева, координатор проекта
тел.+7 (747) 403-40-69, почта zan.talabi@gmail.com
Жания Хаирова, менеджер по коммуникациям ФЕЦА,
Программа экстренной помощи «Qolda» разработана Фондом Евразия Центральной Азии (ФЕЦА) в партнерстве с компанией “Шеврон”.
ФЕЦА - общественная организация, основанная в регионе в 2005 году, мобилизует общественные и частные ресурсы, помогая гражданам принимать активное участие в построении собственного будущего посредством укрепления местных сообществ и повышения гражданского и экономического благосостояния.
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. «Шеврон» добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимические продукты, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Мы сосредоточены на снижении углеродоемкости нашей деятельности и стремимся развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду с нашими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.