Пресс-релизы
Алматыда мектеп оқушыларына арналған STEAM кеңістігі ашылды
В Алматы открылось STEAM пространство для школьников
АЛМАТЫ, 10 наурыз – 4 наурызда өткен Қазақстандағы «Zertte Conference» заманауи білім, ғылым және технологиялар туралы конференциясы аясында Алматы қаласында Zertte Studio» STEAM зертханасы ашылды. Жобаны «Caravan of knowledge» білім беру ұйымы «Шеврон» компаниясымен және Республикалық физика-математика мектебімен (РФММ) серіктестікте ұйымдастырды.
Zertte Studio – кез келген оқушы тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен қажетті техникалық дағдыларды игере алатын, конкурстар мен олимпиадаларға дайындалатын, шығармашылық және инженерлік идеяларын көп мектепте бола бермейтін жаңа жабдық арқылы іске асыратын бірегей зертхана. Бұл зертхана РФММ ғимаратында орналасқан және ол жерде кез келген мектептің оқушылары мен педагогтары осы мектептің педагогтары өткізетін сабақтарға қатыса алады.
««Шеврон» компаниясы жұмыс істейтін елдердегі әлеуметтік жауапты азамат. Біз үшін білім беру Қазақстандағы ең басты әлеуметтік инвестиция бағыттарының бірі. Біз Республикалық физика-математика мектебімен, Caravan of Knowledge ұйымымен және Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігімен жемісті серіктестігімізді мақта тұтамыз және оның нәтижесінде осындай Zertte Studio атты керемет зертхана пайда болды. Мұндай зертханалар болашақта Қазақстанның барлық мектептерінде ашылады деп үміттенеміз», - дейді Лейла Айтмұханова, Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі.
Қазіргі таңда Zertte Studio төмендегідей үйірмелерді басқарады:
- Робототехника және 3D-үлгілеу; Сондай-ақ қатысушылар робототехника бойынша халықаралық жарыстарға дайындалады;
- Ғылыми ойлау – бұл жерде сала аралық жобаларды мысалға ала отырып математиканы, физиканы, химияны және биологияны оқиды;
- Ракета жасау;
- Авиамодельдеу;
Оған қоса Zertte Studio олимпиадаларға дайындалу курстарын, ғылыми, инженерлік және шығармашылық тақырыптар бойынша ашық дәрістер, шеберлік сабақтарды өткізуді жоспарлап отыр. Зертхананың барлық жұмыстары STEAM әдістері (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics — ағыл. тілінен ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) бойынша өтеді. STEAM әдістері оқуға кешенді көзқарас қалыптастырады, бұл жерде кез келген жоба немесе тақырып әртүрлі пән тұрғысынан қарастырылады.
Мысалы, ракета жасау сабақтарында балалар ракетаны басынан бастап жасап ұшырады, компьютерде модельдейді, қосалқы бөлшектерін 3D-принтеріне басып шығарады, метеостанцияларды жинап, оны ракетаға жалғайды және ол арқылы ауа райы туралы деректер жинайды және көптеген басқа іспен айналысады. Осылайша олар микроэлектрониканы, робототехниканы, 3D-үлгілеуді, бағдарламалауды, экологияны, астрономия негізін кешенді түрде және шынайы мысалдармен үйренеді. Жабдықтың және Zertte Studio тәлімгерлерінің көмегімен балалар кез келген инженерлік және шығармашылық идеяларды іске асыра алады.
«2022 жылы 50-жылдық мерейтойын тойлап отырған Республикалық физика-математика мектебі жинаған тәжірибесін әрқашан қуана бөлісуге дайын болады. Сондықтан Zertte Studio тек РФММ оқушыларын ғана емес, басқа мектеп оқушыларын және бүкіл Қазақстан мұғалімдерін де асыға күтеді және тәжірибесін бөлісуге дайын. Осындай бірлескен жұмыс пен қарым-қатынас – үлкен нәтижелердің, ең бастысы елдегі техникалық білімді шынайы дамытудың кілті», — дейді Алматы қ. Республикалық физика-математика мектебі директорының м.а. Алмас Ордабаев.
Толығырақ ақпаратты https://zertte-studio.kz Zertte Studio сайтынан таба аласыздар.
Анықтама:
«Шеврон» - дүниежүзіндегі ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз қолжетімді, сенімді және таза энергияның гүлденген және тұрақты әлемді құруда маңызы зор деп сенеміз. «Шеврон» мұнай мен табиғи газ шығарады, көлік жағармайын, жанар-жағар май, мұнай-химиялық өнімдерді өндіреді, сонымен қатар біздің бизнесіміз бен саламызды жақсартатын технологияларды дамытады. Біз қызметіміздегі көміртекті азайтуға ерекше назар аударамыз және бизнесіміздің қалыпты бағыттарымен қатар көміртек шығарындылары төмен бизенсті дамытуға тырысамыз. “Шеврон” компаниясы туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан таба аласыздар.
АЛМАТЫ, 10 марта – В рамках конференции о современных образовании, науке и технологиях в Казахстане «Zertte Conference», прошедшей 4 марта, в Алматы открылась STEAM лаборатория «Zertte Studio». Проект организован Образовательной организацией «Caravan of knowledge» в партнерстве с компанией «Шеврон» и Республиканской физико-математической школой (РФМШ).
Zertte Studio – это уникальная лаборатория, где любой школьник под руководством опытных наставников может освоить востребованные технические навыки, подготовиться к конкурсам и олимпиадам, воплотить творческие и инженерные идеи с помощью новейшего оборудования, которое обычно недоступно в ряде школ. Лаборатория расположена в здании РФМШ, где ученики и педагоги любых школ могут посетить занятия, проводимые педагогами титульной школы.
«Компания «Шеврон» является социально ответственным гражданином в тех странах, где работает. Образование для нас – одно из приоритетных направлений для социальных инвестиций в Казахстане. Мы очень гордимся нашим плодотворным партнерством с Республиканской физико-математической школой, организацией «Caravan of knowledge» и Министерством образования Республики Казахстан, в результате которого появилась такая замечательная лаборатория Zertte Studio. Мы надеемся, что такие лаборатории в будущем откроются во всех школах в Казахстане», - делится Лейла Айтмуханова, советница по социальным инвестициям компании «Шеврон» в Казахстане.
На данный момент Zertte Studio ведет следующие кружки:
- Робототехники и 3D-моделирования. Участники также готовятся к международным соревнованиям по робототехнике;
- Научного мышления — изучают математику, физику, химию и биологию на примере междисциплинарных проектов;
- Ракетостроения;
- Авиамоделирования.
Помимо этого, Zertte Studio планирует запустить курсы по подготовке к олимпиадам, открытые лекции и мастер-классы по научным, инженерным и креативным темам. Все активности в лаборатории проходят по STEAM-методикам (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics — с англ. наука, технологии, инженерия, искусство, математика). STEAM-методики предполагают комплексный подход к обучению, когда любой проект или тема рассматриваются с точки зрения разных дисциплин.
Например, на занятиях по ракетостроению дети конструируют и запускают ракеты, моделируют их на компьютере, печатают запчасти на 3D-принтере, собирают метеостанции, которые можно прикрепить к ракете и собрать данные о погоде, и многое другое. Таким образом они изучают в комплексе и на реальных примерах микроэлектронику, роботототехнику, 3D-моделирование, программирование, экологию, основы астрономии. С помощью оборудования и наставников Zertte Studio дети смогут воплотить любые инженерные и творческие идеи.
«Республиканская физико-математическая школа, которая празднует в 2022 году 50-летний юбилей, всегда выступала и выступает за передачу накопленного опыта. Поэтому двери Zertte Studio открыты для всех — не только школьников РФМШ, но и учеников других школ, а также для педагогов со всего Казахстана, с которыми с удовольствием поделимся опытом. Такая совместная работа и общение — ключ к большим результатам, в первую очередь реальному развитию технического образования в стране», — отмечает Алмас Ордабаев, и.о. директора Республиканской физико-математической школы г. Алматы.
Подробная информация на сайте Zertte Studio - https://zertte-studio.kz
Справочно:
«Шеврон» - одна из ведущих интегрированных энергетических компаний мира. Мы считаем, что доступная, надежная и чистая энергия имеет важное значение для построения более процветающего и устойчивого мира. Шеврон добывает нефть и природный газ, производит транспортное топливо, ГСМ и нефтехимию, а также разрабатывает технологии, которые улучшают наш бизнес и отрасль. Мы сосредоточены на снижении углеродоемкости нашей деятельности и стремимся развивать бизнес с низким уровнем выбросов углерода наряду с нашими традиционными направлениями бизнеса. Больше информации о «Шеврон» вы найдете на www.chevron.com.