Пресс-релизы
KMG PetroChem мен Теңізшевройл «Газ бөлу кешені» жобасы бойынша Негізгі шарттарға қол қойды
KMG PetroChem и Тенгизшевройл подписали Основные условия соглашений по проекту «Газосепарационный комплекс»
2023 жылы 1 маусымда «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) «Газ бөлу кешені» (ГБК) жобасын іске асыру үшін қажетті келісімдердің Негізгі шарттарына (Негізгі шарттар) қол қойды.
Газ бөлу кешені құрылысын Теңіз кен орнының аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр. ГБК – полиэтилен өндіру зауытында (Полиэтилен жобасы) шикізат ретінде пайдаланылатын этанды шығаруға арналған инфрақұрылымды объект.
Негізгі шарттар ГБК жобасын іске асырудың базалық параметрлерін, ТШО-ның KMG PetroChem компаниясына құрғақ газды жеткізуі мен техникалық қызмет көрсету бойынша алдын ала шарттарды және объектіні салу мен пайдалану кезеңінде үйлестіру бойынша басқа да мәселелерді бекітеді. Бұл іс-әрекеттердің барлығы Қазақстан Республикасының елде мұнай-химия саласын дамыту жөніндегі жоспарын қолдауға бағытталған.
«Бүгін аталған құжатқа қол қою арқылы біз жоғары сапалы полиэтилен өндіретін ауқымды кешенді жүзеге асыруға бір қадам жақындадық. Бұл жобалар «ҚазМұнайГаздың» бизнесті әртараптандыру және қолда бар көмірсутек шикізаты негізінде өндірілетін өнімдер портфелін кеңейту жөніндегі ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарына сай келеді»,- деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
«ТШО Қазақстан Республикасының елдегі индустрия мен экономиканың одан әрі дамуына серпін беретін мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жоспарларына белсенді қолдау білдіруді жалғастырады»,- деп атап өтті ТШО Бас директоры Кевин Лайон.
«Негізгі шарттарға қол қою – ГБК жобасын іске асыру үшін аса маңызды қадам. Қазір біз Газ бөлу кешенін салу мен пайдалану кезеңінде өзара іс-қимыл жасау мен жауапкершілікті бөлісудің негізін қаладық»,- деп атап өтті KMG PetroChem Басқарма төрағасы Дастан Абдулғафаров.
***
«KMG PetroChem» ЖШС (бұрынғы «KLPE» ЖШС) – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100 пайыз еншілес кәсіпорны. Кәсіпорын ҚМГ тобында мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асырып, үйлестіреді. «КМG PetroChem» жобаланып отырған полиэтилен зауыты мен газ бөлу кешеніне, сондай-ақ тобында мұнай-газ химиясы саласындағы басқа да жобаларға жауапты.
«Теңізшевройл» ЖШС – мұнай, сұйытылған көмірсутек газдары, құрғақ газ және күкіртті игеру, өндіру және сатумен айналысатын қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестік. ТШО өз қызметін қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлемдік стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып жүргізеді. 1993 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы ТШО-ны құру туралы келісімге келді. Серіктестік үлескерлері: «Шеврон» – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20 %, «ЭксонМобил Қазақстан Венчурс Инк.» – 25% және «Лукойл» – 5 %.
1 июня 2023 года ТОО «KMG PetroChem» (дочерняя организация АО НК «Казмунайгаз») и ТОО «Тенгизшевройл» (ТШО) подписали Основные условия соглашений (Основные условия), необходимые для реализации проекта «Газосепарационный комплекс» (ГСК).
Строительство ГСК предполагается осуществить на территории Тенгизского месторождения. ГСК — инфраструктурный объект, предназначенный для выпуска этана, используемого в качестве сырья на заводе по производству полиэтилена (проект Полиэтилен).
Основные условия закрепляют базовые параметры реализации проекта ГСК, предварительные условия по поставке сухого газа ТШО в адрес KMG PetroChem, оказание технических услуг и другие вопросы координации на этапе строительства и эксплуатации объекта. Все эти усилия направлены на поддержание планов Республики Казахстан по развитию нефтехимической отрасли страны.
«Благодаря подписанному сегодня документу мы стали на шаг ближе к реализации масштабного комплекса по производству премиального полиэтилена. Данные проекты отвечают долгосрочным стратегическим целям «КазМунайГаза» по диверсификации бизнеса и расширению портфеля производимых продуктов на базе имеющегося углеводородного сырья», — отметил председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Магзум Мирзагалиев.
«ТШО продолжaет активно поддерживать планы Республики Казахстан по развитию нефтехимической промышленности, которые обеспечат дальнейшее индустриальное и экономическое развитие страны», — подчеркнул Генеральный директор ТШО Кевин Лайон.
«Подписание Основных условий является важным шагом для реализации проекта ГСК. Сейчас мы заложили основу для взаимодействия и распределения ответственности на этапе строительства и эксплуатации Газосепарационного комплекса» — отметил Дастан Абдулгафаров, председатель Правления KMG PetroChem.
***
ТОО «KMG PetroChem» (бывшее ТОО «KLPE») — 100-процентное дочернее предприятие АО НК «КазМунайГаз». Предприятие реализует и координирует проекты в сфере нефтегазохимии в группе КМГ. В сферу деятельности «КМG PetroChem» входят проектируемые полиэтиленовый завод и Газосепарационный комплекс, а также другие нефтегазохимические проекты.
ТОО «Тенгизшевройл» является казахстанским товариществом с ограниченной ответственностью, которое занимается разработкой, добычей и реализацией нефти, газа и серы. ТШО осуществляет свою деятельность с применением современных технологий в соответствии с мировыми стандартами в области техники безопасности и охраны окружающей среды. В апреле 1993 между Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон» было заключено соглашение о формировании ТШО. Участники товарищества: «Шеврон» — 50 %, АО НК «КазМунайГаз» — 20 %, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» — 25 % и «Лукойл» — 5 %.