Пресс-релизы
Honeywell компаниясы Қазақстандағы технологиялық инновациялар мен ынтымақтастықтың 25 жылдығын атап өтеді
Өнеркәсіп пен құрылысты автоматтандыруға, энергетикалық ауысуға және авиацияның болашағына арналған цифрлық технологиялардың әлемдік көшбасшысы Honeywell Қазақстанға инновация енгізу мен дамытудың 25 жылдығын атап өтті.
Бұл оқиға 2023 жылдың 23 қарашасында Алматыда клиенттер мен ресіми тұлғалар үшін өткен инновациялық-технологиялық конференцияда атап өтілді. Іс-шара барысында Honeywell өкілдері елдің цифрлық трансформация стратегияларына адалдықтарын атап өтті және жергілікті өнеркәсіп секторы мен мемлекеттік органдарға ұзақ мерзімді серіктестік үшін алғыстарын білдірді.
Honeywell соңғы жылдары Қазақстанда бірнеше негізгі бастамаларды жүзеге асырды, соның ішінде автоматтандырылған басқару және қауіпсіздік жүйелерін құрастыру бойынша Алматыдағы жаңа зауыт және Атыраудағы жаңа газ детекторларын өндіру желісі бойынша «Бүркіт Сафети» ЖШС-мен ынтымақтастық. Бұл желі Honeywell BW Clip сериялы бір арналы газ детекторларын шығарады, олар Қазақстандағы өнеркәсіптік зауыттар, мұнай өңдеу зауыттары және басқа өңдеу нысандары үшін соңғы қауіпсіздік талаптарына жауап береді.
Компанияның айтулы мерейтойына қатысты пікір білдірген Honeywell Түркия, Израиль және Орталық Азия президенті Уйгар Доюран: «Біздің технологиялар портфелі бүгінде экономиканы қалыптастыратын үш маңызды мегатрендке бағытталған: автоматтандыру, энергетикалық ауысу және авиацияның болашағы.
Біз оларға өнімділік пен тиімділікті арттыратын технологиялармен қолдау көрсетеміз, олардың көпшілігін біз Қазақстанда ширек ғасыр бойы орналастырып, енгізіп келеміз. Біз елдегі тұтынушылармен және мемлекеттік органдармен берік және құнды серіктестікті қуана атап өтеміз және алдағы жылдарда оның салалық дамуын қолдауды жалғастырамыз деп үміттенеміз».
Соңғы 25 жылда Honeywell компаниясы Қазақстан экономикасының мұнай-газ, тау-кен және металлургия секторларында 500-ден астам технологиялық жобаларды сәтті жүзеге асырды.
Қазақстандық эксперттерді (сарапшыларды) өнеркәсіптің цифрлық болашағына дайындау үшін Honeywell Атырау мен Алматыда автоматтандыру бойынша оқу орталықтарын құрды және қазірдің өзінде 200-ден астам жергілікті инженерлерді соңғы технологиялық процестерге оқытты. Сонымен қатар, компания Қазақстандағы салалық сарапшылардың келесі буынының дағдылары мен білімдерін дамытуға бағытталған жаңа зертханалар мен бірлескен ғылыми жобаларды іске қосу үшін бірнеше жергілікті университеттермен ынтымақтасу мүмкіндіктерін зерттеп жатыр.