Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың жетекші инженері гір спорты бойынша әлем чемпионы атанды
Ведущий инженер АО «КазТрансОйл» стал чемпионом мира по гиревому спорту
«ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызмет департаментінің жетекші инженері, 46 жасар Сабыржан Нұрғалиев Бухарада (Өзбекстан) өткен гір спортынан XXVI Әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды.
Әлемдік додаға әр түрлі салмақ санаты бойынша 15 елдің 300-ден астам спортшысы қатысты. Жеңімпаздар - ересектер, жастар, жасөспірімдер, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында анықталды.
Сабыржан Нұрғалиев Қазақстан Республикасының құрама командасында 45-49 жас арасындағы 80 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша классикалық қоссайыс және жұлқын көтеруден жеңімпаз атанды.
«Чемпионатқа спорт шеберлері, небір әлем чемпиондары қатысты. Мен бұл спортпен кәсіби түрде не бары төрт ай айналыстым. Оны білген спортшылар аң-таң болды. Көпшілігі бұл спортпен он жылдай айналысып келеді. Бұған дейін гір көтеру маған тек ермек болатын», - дейді Сабыржан Нұрғалиев.
«Уақыт тығыз болды, десек те, жоғары нәтижеге жету үшін көп еңбектендім. Төрт ай бойы үзіліссіз күнде жаттықтым. Жексенбі күндері ғана демалыс болды. Осы арада 16 келі салмақ тастап, сайысқа келгенде тура 80 келі болдым,- дейді чемпион .
Сабыржан Нұрғалиев ардагерлер арасындағы келесі әлем чемпионатына шақыру алды. Ол 2019 жылдың қарашасында Австралияда өтеді. «ҚазТрансОйл» АҚ операторлық қызмет департаментінің жетекші инженері әріптестері арасында спорттағы жетістіктерімен танымал. Биыл ол компания өткізген спартакиада барысында гір спорты бойынша жеңімпаз атанған еді.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. Ұзындығы 5,4 мың шақырымды құрайтын әртараптандырылған магистральды мұнай құбырлары жүйесіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
Две золотые медали завоевал 46-летний ведущий инженер департамента операторских услуг АО «КазТрансОйл» Сабыржан Нургалиев на XXVI Чемпионате мира по гиревому спорту в Бухаре (Узбекистан).
В мировом первенстве участвовали свыше 300 атлетов разных весовых категорий из 15 стран. Победители были определены среди взрослых, молодежи, юниоров, ветеранов и спортсменов с ограниченными возможностями.
Сабыржан Нургалиев выступал в составе сборной Республики Казахстан среди спортсменов в возрасте 45-49 лет в весовой категории до 80 кг и стал победителем в двух дисциплинах: классическое двоеборье и рывок.
«На чемпионате соревновались мастера спорта, чемпионы мира. Они были удивлены, когда узнали, что я занимаюсь всего четыре месяца. Ведь большинство участников профессионально тренируется около 10 лет. Раньше я увлекался гирями как любитель», - говорит Сабыржан Нургалиев.
«Для достижения высоких результатов приложил много усилий, а времени для подготовки было не так много. Тренировался в течение 4 месяцев каждый день, кроме воскресенья. Сбросил 16 кг и к началу соревнований весил ровно 80 кг», - добавляет чемпион.
Сабыржан Нургалиев приглашен на следующий Чемпионат мира по гиревому спорту среди ветеранов, который пройдет в ноябре 2019 года в Австралии.
Ведущий инженер департамента операторских услуг АО «КазТрансОйл» Сабыржан Нургалиев известен коллегам спортивными достижениями. В этом году он стал победителем состязаний по гиревому спорту на спартакиаде компании.
Справка
АО «КазТрансОйл» — национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям АО «КазТрансОйл»