Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» ПКОП-қа мұнайды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті «КазТрансОйл» обеспечил безопасную транспортировку нефти на ПКОП
«ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының мамандары Шымкент МӨЗ-ге мұнай тасымалданатын «Павлодар-Шымкент» магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізді. Уақтылы жүргізілген жөндеу мұнай құбырын сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді, құбыр өтетін учаскеде экологиялық апаттың орын алу тәуекелін төмендетеді.
«Шолақ-Қорған» БМАС – «ПКОП» ҚТП учаскесінде құбырішілік геометриялық снарядпен құбырды тексеру нәтижесінде «жаншылма» түрінде ақаулар анықталды. Деформация бедері күрделі аймақ арқылы өтетін мұнай құбыры учаскесінде топырақтың жылжуы нәтижесінде пайда болған. Нәтижесінде ақаулы секцияларды ауыстырумен мұнай құбыры учаскесін жөндеу туралы шешім қабылданды», - деп «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Сәбит Арынов хабарлады.
Компанияның мамандары «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 1464,864 км, 1467,998 км, 1487,663 км және 1489,665 км-де жаншылмаларды кесіп алып тастау бойынша жұмыстарды өз күштерімен жүргізді.
«Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбыры 1983 жылы пайдалануға берілді, оның ұзындығы 1640,4 км құрайды. Мұнай құбыры Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарының аумақтары арқылы өтеді.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырлардың әртараптандырылған желісіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкентте, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан облыстарында орналасқан.
Специалисты Шымкентского нефтепроводного управления АО «КазТрансОйл» провели ремонт на участке магистрального трубопровода «Павлодар-Шымкент», по которому транспортируется нефть на Шымкентский НПЗ. Своевременный ремонт обеспечивает надежную и безопасную эксплуатацию нефтепровода, минимизирует риски возникновения экологической катастрофы на участке пролегания трубы.
«В результате обследования трубы внутритрубным геометрическим снарядом на участке ГНПС «Чулак-Курган» - ПСП «ПКОП» были обнаружены дефекты в виде «вмятины». Деформации образовались в результате подвижки грунтов на участке нефтепровода, пролегающей в зоне со сложным рельефом. В результате было принято решение о ремонте участка нефтепровода с заменой дефектных секций», - сообщил заместитель генерального директора АО «КазТрансОйл» Сабит Арынов.
Специалисты компании провели работы по вырезке вмятин на 1464,864 км, 1467,998 км, 1487,663 км и 1489,665 км магистрального нефтепровода «Павлодар-Шымкент» собственными силами.
Магистральный нефтепровод «Павлодар-Шымкент» введен в эксплуатацию в 1983 году, его протяженность составляет 1640,4 км. Нефтепровод проходит по территории Павлодарской, Карагандинской и Туркестанской областей.
Справка:
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.