Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» кәсіпорындарында кәсіби тәжірибеден 270 студент өтуде 270 студентов проходят профессиональную практику на предприятиях «КазТрансОйл»
Техникалық жоғары оқу орындарының және колледждердің студенттері мен оқушылары «ҚазТрансОйл» АҚ кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде. Мұнай құбыры саласына инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жобасы сәуір айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен басталған әрі Қазақстандағы Жастар жылын өткізуге орайластырылған.
Маусым айының басынан бері компанияның 12 өңірінде орналасқан мұнай құбыры басқармаларына 84 студент пен 97 оқушы келді. Олардың барлығы құбыр көлігімен байланысты мамандықтар бойынша білім алады. Білім беру орындары тағылымдамадан өтуге үміткерлерді өздігінен іріктеп алды, тәжірибеленуші тізімін қалыптастырды. Көптеген оқушылар көп балалы және аз қамтылған отбасыларынан шыққан. Компания болашақ мамандарды кәсіби бейімдеуге және тәжірибелік дағдыларды нығайтуға барлық жағдай жасайды.
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Өзен» бас мұнай айдау станциясының бастығы Ерболат Бешімовтің айтуынша, «ҚазТрансОйл» АҚ-та жастарды қолдауға бағытталған Жол картасы аясында студенттік тәжірибе жобасы жүзеге асырылуда.
«Кәсіпорындарда студенттер мұнай тасымалдаудың технологиялық үдерісімен танысады. Жұмысқа кіріспес бұрын тәжірибеленушілер 10 сағаттық қауіпсіздік техникасын үйрету курсынан өтті. Жастар үлкен қызығушылық танытып, жаңа білімдер мен дағдыларды игеруде әрі дағдылануда, тіпті өндірісті дамыту бойынша өз ойларымен бөлісуде», - деді Е.Бешімов.
Студенттер мен оқушылар бір ай бойы өндірісте тәжірибеден өтеді, әрбір тәжірибеленушіге тәжірибелі тәлімгер тағайындалады. Тәжірибе аяқталғаннан кейін жас мамандарға колледж оқушыларына 80 мың теңге, жоғары оқу орындарының студенттеріне 120 мың теңге көлемінде стипендия беріледі.
Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжінің 3 курс оқушысы Ертай Мұратбай алғаш рет нақты өндірістегі кәсіби дағдылардан өтті.
«Мен бірінші рет осындай үлкен компанияда тәжірибеден өтіп жүрмін. Тәлімгердің көмегі өте ұнайды, өндірісте біз электронды сызбалармен таныстық. Айдың соңында біз стипендия аламыз. Бұл жастарға өте жақсы қолдау», - деп, өз әсерімен бөлісті.
Студенттердің көбісі өндірістік тәжірибеден компанияның құрылымдық бөлімшелерінде өтуде - Атырау мұнай құбыры басқармасында - 72 адам, Маңғыстау мұнай құбыры басқармасында - 68 адам, Батыс операторлық қызметтер басқармасында - 42 адам, Қарағанды мұнай құбыры басқармасында - 46 адам.
2019 жылдың маусым айынан тамыз айын қоса алғандағы мерзімде «ҚазТрансОйл» АҚ кәсіпорындарында 440 студент пен оқушы кәсіптік практикадан өтеді.
Анықтама:
2019 жылдың сәуірінде «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мұнай құбыры саласы үшін инженерлік-техникалық кадрларды дайындау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мамыр айында компания Қазақстан Республикасының 21 оқу орындарымен өндірістік кәсіпорындарда студенттер мен оқушыларға ақылы кәсіби тәжірибені ұйымдастыру және жүргізу туралы келісімдер жасасты. Жоба бес жылға арналған, ол 10 колледж бен 11 университетті қамтиды.
«ҚазТрансОйл» АҚ – Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км. магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Учащиеся и студенты технических вузов и колледжей проходят производственную практику на предприятиях АО «КазТрансОйл». Проект по подготовке инженерно-технических кадров для нефтепроводной отрасли стартовал в апреле при поддержке Министерства образования и науки РК и приурочен к проведению Года молодежи в Казахстане.
С начала июня в нефтепроводные управления компании, расположенные в 12 регионах страны, прибыли 84 студента и 97 учащихся. Все они обучаются по специальностям, связанным с трубопроводным транспортом. Отбор претендентов для прохождения практики учебные заведения проводили самостоятельно, формировали списки практикантов. Большинство учащихся являются выходцами из многодетных и малообеспеченных семей. Компания создает все условия для профессиональной адаптации будущих специалистов и закрепления ими практических навыков.
Как сообщил начальник головной нефтеперекачивающей станции «Узень» Мангистауского нефтепроводного управления Ерболат Бешимов, проект студенческой практики реализуется в АО «КазТрансОйл» в рамках Дорожной карты по поддержке молодежи.
«На предприятии студенты знакомятся с технологическим процессом по транспортировке нефти. Перед началом работы практиканты прошли 10 часовой курс обучения технике безопасности. Молодежь с большим интересом осваивает и приобретает новые знания и навыки, и даже делится своими идеями по развитию производства», - отметил Е.Бешимов.
Студенты и учащиеся проходят обучение на производстве в течение месяца, за каждым практикантом закрепляется опытный наставник. По окончании практики молодые специалисты получают стипендию, которая составляет для учащихся колледжей – 80 тысяч тенге, для студентов высших учебных заведений – 120 тысяч тенге.
Учащийся третьего курса Мангистауского индустриально-технического колледжа Ертай Муратбай впервые обучается профессиональному мастерству в условиях реального производства.
«Я первый раз прохожу практику в такой крупной компании. Очень импонирует помощь наставника, на производстве мы ознакомились с электронными чертежами. В конце месяца получим стипендию. Это очень хорошая поддержка для учащейся молодежи», - поделился впечатлениями практикант.
Больше всего студентов проходят производственную практику в структурных подразделениях компании – Атырауском нефтепроводном управлении – 72 человека, Мангистауском нефтепроводном управлении – 68 человек, Западном управлении операторских услуг - 42 человека, Карагандинском нефтепроводному управлении – 46 человек.
С июня по август 2019 года профессиональную практику на предприятиях АО «КазТрансОйл» пройдут 440 студентов и учащихся.
Справка:
В апреле 2019 года генеральный директор АО «КазТрансОйл» Димаш Досанов и вице-министр образования и науки РК Фатима Жакыпова подписали меморандум о сотрудничестве в подготовке инженерно-технических кадров для нефтепроводной отрасли. В мае компания заключила соглашения с 21 учебным заведением Республики Казахстан об организации и проведении оплачиваемой профессиональной практики студентов и учащихся на производственных предприятиях. Проект рассчитан на пять лет, в нем участвуют 10 колледжей и 11 вузов.
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана.