Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ 14 қазақстандық мұнай компанияларына жарамсыз мұнай үшін өтемақы төлеу келісіміне қол қойды АО «КазТрансОйл» и ПАО «Транснефть» подписали соглашения о выплате 14 казахстанским нефтяным компаниям компенсации за некондиционную нефть
2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Дружба» магистральдық мұнай құбыры жүйесіндегі 38 қазақстандық мұнай компаниясының 699 мың тоннаға жуық мұнайының ластану оқиғасын реттеу аясында, «ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы ретінде осы компаниялардың атынан әрекет етеді және «Транснефть» ЖАҚ-пен әрі «Транснефть - Дружба» АҚ-пен келісімге қол қою бойынша жұмыстарды жүргізуде.
«Қазіргі уақытта 14 қазақстандық мұнай компанияларына өтемақы төлеу туралы келісімдерге қол қойылды. Қалған қазақстандық мұнай компанияларының пайдасына осындай келісімдерді жасау олардың дайын болуына қарай жүзеге асыру жоспарлануда», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша жеткізеді: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю) және КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу.
2019 жылғы сәуір-мамыр айларында «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесінде тасымалданатын мұнайда хлорорганикалық қоспалардың жоғары шоғырландырылуымен байланысты төтенше оқиға орын алды, бұл қазақстандық жүк жөнелтушілерге Усть-Луга портындағы танкерлерге жарамсыз мұнайдың тиелуіне әкелді. Ағымдағы жылдың маусым айында «ҚазТрансОйл» АҚ пен «Транснефть» ЖАҚ Усть-Луга портында жарамсыз мұнайдың тиелуіне байланысты қазақстандық жүк жөнелтушілерге келтірілген залалды өтеу туралы келісімге келді.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
В рамках урегулирования инцидента, связанного с загрязнением в апреле-мае 2019 года около 699 тыс. тонн нефти 38 казахстанских нефтяных компаний в системе магистрального нефтепровода «Дружба», АО «КазТрансОйл» как национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу выступает от имени указанных компаний и проводит работу по подписанию соглашений с ПАО «Транснефть» и АО «Транснефть - Дружба».
«В настоящее время подписаны соглашения о выплате компенсации 14 казахстанским нефтяным компаниям. Заключение аналогичных соглашений в пользу остальных казахстанских нефтяных компаний планируется осуществить по мере их готовности», - сообщил генеральный директор АО «КазТрансОйл» Димаш Досанов.
Для справки:
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской областях Казахстана. Транспортирует нефть на казахстанские нефтеперерабатывающие заводы и на экспорт по 5 направлениям: нефтепроводы «Атырау – Самара» и «Казахстан-Китай», порт Актау (налив нефти в танкеры), железная дорога (налив в цистерны), перевалка в систему КТК.
В апреле-мае 2019 года в системе магистральных нефтепроводов ПАО «Транснефть» сложилась чрезвычайная ситуация, связанная с наличием в транспортируемой нефти высоких концентраций хлорорганических соединений, что привело к отгрузке некондиционной нефти для казахстанских грузоотправителей на танкеры в порту Усть-Луга. В июне текущего года АО «КазТрансОйл» и ПАО «Транснефть» договорились о компенсации ущерба казахстанским грузоотправителям за отгрузку некондиционной нефти в порту Усть-Луга.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»