Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары бойындағы транкингтік радиобайланыс желісін DMR сандық стандартына дейін жаңғыртты АО «КазТрансОйл» модернизировало сеть транкинговой радиосвязи вдоль магистральных нефтепроводов до цифрового стандарта DMR
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары бойындағы қолданыстағы транкингтік радиобайланыс желісін жаңғырту бойынша жұмыстардың негізгі кезеңін аяқтады. 20 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан MРT-1327 стандартының аналогты транкингтік жүйесі DMR Tier-III Pro стандартының цифрлық кәсіби транкингтік радиобайланыс жүйесіне ауыстырылды. Нәтижесінде, 80 транкингтік радиобайланысының базалық станцияларынан тұратын Қазақстандағы ең ірі цифрлық кәсіби транкингтік радиобайланыс жүйесі пайдалануға берілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ бизнесі ұялы және басқа да байланыс түрлерін қамтымайтын шалғай жерлерде ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын магистральдық мұнай құбырларына қызмет көрсетумен байланысты. Техникалық-экономикалық тұрғыдан бірден-бір тиімді шешім - әлемдегі кез-келген заманауи мұнай құбыры компанияларындағыдай жеке транкингтік радиобайланыс желісін құру. Жерсеріктік байланыс қазіргі таңда спутниктік сегментті пайдалануды минут сайын есептеумен қымбат шешім болып табылады.
Транкингтік радиобайланысты технологиялық қайта жабдықтау магистральдық мұнай құбырларын пайдаланатын персоналдың әрі қарай үздіксіз жұмысын, радиобайланысты пайдалана отырып магистральдық мұнай құбыры объектілерінде барлық жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ол қолданыстағы қамту аймағын 89% -дан 94% -ға дейін арттырды. Магистральдық мұнай құбырлары бойындағы радиобайланысын қамту аймағының жалпы өлшеу мәліметтері бойынша радиобайланыстың толық жетіспейтін 6% аймағы бар, ол негізгі магистральдық мұнай құбырларының ұзындығы 4 271 км арнайы құрылғымен жалпы өлшенген шамасынан ~ 231 км құрайды. Негізгі себеп - байланыс жоқ қысқа учаскелердің көптігі, жергілікті рельефтің күрделі болуы және осы учаскелердің қолданыстағы базалық станциялардан қашықтығы.
Транкингтік радиобайланыс желісін жаңғырту цифрлық технологиялар деректерін кеңінен қолдануға мүмкіндік берді және жаңа мүмкіндіктер ашты: бар жиілік ресурсын ұлғайтпастан транкингтік радиобайланыс жүйесінің өткізу қабілеттілігін екі есе ұлғайту, аумақтық таралған топтарды жедел құру немесе біріктіру, бүкіл транкингтік желісін, құрылғыларды жедел басқару, жеке абоненттер мен абоненттер тобына шақырудың рұқсат етілген түрлерін тағайындау, техникалық персоналдың GPS-координаттарын және автокөліктің қозғалысын қадағалау, базалық станциялардың параметрлерін (температураны, ТТК-ны, таратқыштардың шығыс қуатын) бақылау, шақыру басымдықтарының мақсаты және т.б.
Транкингтік радиобайланыстың кәсіби желісін жаңғырту бойынша жұмыстардың келесі кезеңі «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырларының бүкіл ұзындығы бойы транкингтік радиобайланыстың 100% қамтылуын қамтамасыз ету бойынша (автокөлік радиостанцияларына) жұмыстарды жүргізуді көздейді.
Анықтама
Транкингтік байланыс жүйесі - абоненттер арасында байланыс арналарын автоматты түрде бөлуді жүзеге асыратын радиалды-аймақтық байланыс жүйесі. «Транкинг» термині деп арналардың жалпы топтамасына абоненттердің қол жеткізу әдісі түсініледі, ол кезде абонентке байланыс сеансы уақытына бос арна бөлінеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және
ішкі коммуникациялар департаменті
АО «КазТрансОйл» завершило основной этап работы по модернизации существующей сети транкинговой связи вдоль магистральных нефтепроводов. Аналоговая транкинговая система стандарта МРТ-1327, отработавшая более 20 лет, была заменена на цифровую профессиональную транкинговую систему радиосвязи стандарта DMR Tier-III Pro. В результате введена в эксплуатацию самая большая цифровая профессиональная система транкинговой радиосвязи в Казахстане, состоящая из 80 базовых станций транкинговой радиосвязи.
Бизнес АО «КазТрансОйл» связан с обслуживанием магистральных нефтепроводов протяженностью более 5 тысяч километров в отдаленных местах, где отсутствует покрытие сотовой и других видов связи. Единственным технико-экономически выгодным решением является создание собственной сети транкинговой радиосвязи, как и на примере любых современных нефтепроводных компаниях мира. Спутниковая связь на сегодняшний день является дорогостоящим решением с поминутной тарификацией использования спутникового сегмента.
Технологическое переоснащение транкинговой радиосвязи позволило обеспечить дальнейшую бесперебойную работу персонала, эксплуатирующего магистральные нефтепроводы, исполнение всех плановых и внеплановых работ на объектах магистрального нефтепровода с использованием радиосвязи. Оно увеличило с 89% до 94% существующую зону покрытия. По общим данным измерений зоны покрытия радиосвязи вдоль магистральных нефтепроводов имеются 6% зоны с полным отсутствием радиосвязи, что приблизительно составляет ~231 км из общей измеренной специализированным прибором протяженности основных магистральных нефтепроводов 4 271 км. Основной причиной является большое количество коротких участков с отсутствием связи, сложный рельеф местности и отдаленность данных участков от существующих базовых станций.
Модернизация сети транкинговой радиосвязи позволила широко использовать данные цифровых технологий и открыла новые возможности: увеличение в два раза пропускной способности системы транкинговой радиосвязи без увеличения существующего частотного ресурса, оперативное создание или объединение территориально разнесённых групп, оперативное управление всей транкинговой сетью, устройствами, назначение разрешенных типов вызовов отдельным абонентам и группам абонентов, отслеживание GPS-координат технического персонала и передвижение автотранспорта, контроль параметров базовых станций (температура, КСВ, выходная мощность передатчиков), назначение приоритетов вызова и т.д.
Следующий этап работы по модернизации профессиональной сети транкинговой радиосвязи предусматривает работы по обеспечению 100% покрытия транкинговой радиосвязью (для автомобильных радиостанций) по всей длине магистральных нефтепроводов АО «КазТрансОйл».
Справка
Транкинговая система связи - радиально-зоновые системы связи, осуществляющие автоматическое распределение каналов связи между абонентами. Под термином «транкинг» понимается метод доступа абонентов к общему выделенному пучку каналов, при котором свободный канал выделяется абоненту на время сеанса связи.
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской, Актюбинской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»