Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырының учаскелері қайта жаңартудан кейін пайдалануға берілдіУчастки нефтепровода «Узень-Атырау-Самара» введены в эксплуатацию после реконструкции
Атырау мұнай құбыры басқармасына жұмыс сапары барысында «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов өндірістік активтерді қайта құру бойынша жоспарлы жұмыстармен танысып, «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының 801-807 км және 814-824 км жаңадан салынған учаскелерін технологиялық қосуға қатысты.
Магистральдық құбырдың желілік бөлігін салу шеңберінде Қазақстанда алғаш рет бұрын тек АҚШ пен Ресейде қолданылатын дәнекерленген жіктерді радиографиялық бақылаудың цифрлық әдісі сәтті қолданылды. Жаңа технология дәнекерленген қосылыстардың сапасы бойынша қорытынды алу уақытын қысқартады және осы нәтижелерді цифрлық тасымалдағышта сақтауға мүмкіндік береді.
«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының жаңадан салынған учаскелерін қосу жұмыстарына «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыры басқармасының 210 қызметкері және 62 бірлік арнайы техника, оның ішінде 6 бірлік басқа да жекеленген құрылымдық бөлімшелер тартылды.
Жалпы ұзындығы 17 км учаскелердегі құбырларды ауыстыру жұмыстары «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 2020-2024 жылдарға арналған өндірістік бағдарламасына сәйкес орындалды және «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырын пайдаланудың сенімділігін қамтамасыз етеді.
«Атырау – Самара» мұнай құбыры әлемдік нарыққа қазақстандық мұнайдың экспорты бойынша екінші орында. Мұнайды «Атырау – Самара» мұнай құбыры арқылы және одан әрі «Транснефть» ЖАҚ жүйесі арқылы жеткізу Усть-Луга Балтық терминалына және Новороссийск Қара теңіз портына дейін жүзеге асырылады. 2019 жылы «Атырау-Самара» мұнай құбыры арқылы 13,3 млн тонна қазақстандық мұнай тасымалданды.
Анықтама үшін:
«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
В ходе рабочей поездки в Атырауское нефтепроводное управление генеральный директор АО «КазТрансОйл» Димаш Досанов ознакомился с плановыми работами по реконструкции производственных активов и принял участие в технологическом подключении вновь построенных участков 801-807 км и 814-824 км магистрального нефтепровода «Узень-Атырау-Самара».
В рамках строительства линейной части магистрального трубопровода впервые в Казахстане успешно использован цифровой метод радиографического контроля сварных стыков, применяемый ранее только в США и России. Новая технология сокращает время получения заключений по качеству сварных соединений и позволяет хранить эти результаты на цифровом носителе.
На работах по подключению вновь построенных участков магистрального нефтепровода «Узень-Атырау-Самара» были задействованы 210 работников Атырауского нефтепроводного управления АО «КазТрансОйл» и 62 единицы спецтехники, в том числе 6 единиц других обособленных структурных подразделений.
Работы по замене трубы на участках общей протяженностью 17 км выполнены в соответствии с производственной программой АО «КазТрансОйл» на 2020-2024 годы и обеспечат надежность эксплуатации магистрального нефтепровода «Узень-Атырау-Самара».
Нефтепровод «Атырау – Самара» является вторым по объему экспорта казахстанской нефти на мировой рынок. Поставка нефти через нефтепровод «Атырау – Самара» и далее по системе ПАО «Транснефть» осуществляется до балтийского терминала Усть-Луга и черноморского порта Новороссийск. В 2019 году по нефтепроводу «Атырау-Самара» было транспортировано 13,3 млн тонн казахстанской нефти.
Справка:
АО «КазТрансОйл» - национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу. Входит в группу АО НК «КазМунайГаз». Владеет диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5,4 тыс. км. Транспортирует нефть на казахстанские нефтеперерабатывающие заводы и на экспорт по 5 направлениям: нефтепроводы «Атырау – Самара» и «Казахстан-Китай», порт Актау (налив нефти в танкеры), железная дорога (налив в цистерны), перевалка в систему КТК. Производственные объекты АО «КазТрансОйл» расположены в Шымкенте, Карагандинской, Павлодарской, Туркестанской, Северо-Казахстанской, Атырауской, Мангистауской, Западно-Казахстанской, Кызылординской, Алматинской и Актюбинской областях Казахстана.
Департамент по связям с общественностью и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»