Пресс-релизы » АО «КазТрансОйл»
«ҚазТрансОйл» АҚ акцинерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы
О решениях годового Общего собрания акционеров АО «КазТрансОйл»
24 мамыр күні «ҚазТрансОйл» АҚ (Басқарма төрағасы) Димаш Досанов және Басқарма мүшелерінің қатысуымен «ҚазТрансОйл» АҚ акцинерлерінің жылдық жалпы жиналысының (АЖЖЖ) қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Димаш Досанов журналистерді АЖЖЖ шешімдерімен, компанияның 2017 жылғы қызметінің қорытындылары және даму келешегімен таныстырды.
АЖЖЖ-да компанияның 2017 жылғы таза кірісін, өткен жылдардағы бөлінбеген табыстарын бөлу тәртібі бекітілді, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу шешімі, бір қарапайым акцияға есептелетін дивиденд мөлшері жайлы шешімдер қабылданды.
– Акционерлердің шешімімен 2017 жылғы қорытындылар бойынша дивидендтерді төлеуге Қазақстан қор биржасында компания акцияларын жария түрде орналастырудың барлық кезеңіндегі рекордты сома, яғни 61 млрд 541 млн теңге бағытталатын болады. Ол 2017 жыл үшін таза табыс 50 млрд 118 млн теңге және өткен жылдардағы бөлінбеген 11 млрд 423 млн теңге, - деп атап өтті Димаш Досанов. Бір қарапайым акция үшін төленетін дивиденд көлемі 160 теңгені құрайды, немесе орналастыру бағасына 22 %.
Салыстыру үшін 2017 жылы ҚазТрансОйл өз акционерлеріне 59 млрд 617 млн теңге көлемінде дивиденд төлеген. Бір қарапайым акция үшін дивиденд 155 теңгені құраған.
Жылдық дивидендті төлеу 2018 жылғы 12 маусым 00 сағат 00 минут жағдайы бойынша тіркелген 2017 жылдың қорытындылары бойынша компанияның қарапайым акциялары бойынша дивиденд алуға құқығы бар акционерлер тізіміне сәйкес жүргізіледі. Дивидентерді төлеу 2018 жылғы 26 маусымнан басталады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша компания табыстылығын оның осы кезеңдегі өндірістік және қаржылық жетістіктері анықтады.
2017 жылы «ҚазТрансОйл» компаниялар тобының құбыр жүйесі бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен ауыстырып тиеудің шоғырландырылған көлемі 58 млн 537 мың тоннаны құрады, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 1 млн 961 мың тоннаға көп. Мұнайдың шоғырландырылған жүк айналымы 48 млрд 360 млн тонна-километр көлемін құрады, ол 2016 жылғы көрсеткіштен 5 млрд 230 млн тонна-километрге артық. «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша Қазақстанның Атырау және Маңғыстау тұтынушыларына тұщы су беру 2017 жылы 26 млн 225 мың текше метрді құрады, бұл 2016 жылғы деңгейден 1 млн 92 мың текше метрге көп.
Компанияның 2017 жылғы шоғырландырылған табысы 222 млрд 449,9 млн теңгені құрады, бұл 2016 жылғы сәйкес көрсеткіштен 7,4% жоғары. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған таза кірісі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 50 млрд 117,9 млн теңгені құрады. Ол 2016 жылғы қорытындыдан 12,6%-ға көп.
Анықтама:
«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы, ҚР әртараптандырылған ұзындығы 5 377 км магистральды мұнай құбыры және ұзындығы 1975 км су құбыры жүйесіне ие ірі мұнай тасымалдау компаниясы.«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның 11 облысында орналасқан.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың қарапайым акциялары Қазақстандық қор биржасында листингтен өтті. Халықтық IPO нәтижесі бойынша 2012 жылғы қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының 33 989 азаматы және 10 жинақтаушы зейнетақы қоры «ҚазТрансОйл» АҚ акционерлері атанды.
2012 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 75 теңгені немесе орналастыру бағасына 10,3 % құрады. 2012 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 28 847 669 925 теңгені немесе компанияның 2012 жылға арналған шоғырландырылған таза табыс көлемінен 86 % құрады.
2013 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 109 теңге немесе орналастыру бағасына 15 % құрады. 2013 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 41 925 280 291 теңгені немесе компанияның 2013 жылға арналған шоғырландырылған таза табыс көлемінен 66 % құрады.
2014 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 120 теңге немесе орналастыру бағасына 16,6 % құрады. 2014 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 46 млрд 429 млн 363 мың 155 теңгені немесе компанияның таза табысының 100 % құрады.
2015 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 133 теңге немесе орналастыру бағасына 18,3 % құрады. 2015 жылы дивидендтердің жалпы сомасы 51 млрд. 156 млн 535 мың теңгені құрады, соның ішінде 44 млрд 712 млн 936 мың теңге көлемінде компанияның 2015 жылғы табысының 100 % және өткен жылдарға бөлінбеген кірістерден 6 млрд 443 млн 599 мың теңге.
2016 жылдың нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ бір акцияға шаққанда дивиденд көлемі 155 теңге немесе орналастыру бағасына 21 % құрады. Дивидендтердің жалпы сомасы 59 млрд. 617 млн 355 мың 345 теңгені құрады.
«ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен
байланыс және ішкі коммуникациялар
жөніндегі қызметі
Димаш Досанов ознакомил журналистов с решениями акционеров на ГОСА, результатами деятельности компании за 2017 год и перспективами развития.
ГОСА был утвержден порядок распределения чистого дохода компании за 2017 год, нераспределенной прибыли прошлых лет, приняты решения о выплате дивидендов по простым акциям, размер дивиденда в расчете на одну простую акцию.
– Решением акционеров на выплату дивидендов по итогам 2017 года будет направлена рекордная сумма за весь период публичного размещения акций компании на Казахстанской фондовой бирже – 61 млрд 541 млн тенге, включая всю чистую прибыль за 2017 год – 50 млрд 118 млн тенге и 11 млрд 423 млн тенге из нераспределенной прибыли прошлых лет, –сообщил Димаш Досанов. – Размер дивиденда в расчете на одну простую акцию составит 160 тенге, или 22 % к цене размещения.
Для сравнения, в 2017 году КазТрансОйл выплатил дивиденды своим акционерам в размере 59 млрд 617 млн тенге. Размер дивиденда на одну простую акцию составил 155 тенге.
Выплата годового дивиденда будет производиться, согласно списку акционеров, имеющих право на получение дивидендов по простым акциям компании по итогам 2017 года, зафиксированного по состоянию на 00 часов 00 минут 12 июня 2018 года. Дата начала выплаты дивидендов – 26 июня 2018 года.
Успешность компании по итогам 2017 года определили ее производственные и финансовые достижения в этом периоде.
В 2017 году консолидированный объем транспортировки и перевалки нефти и нефтепродуктов по системе трубопроводов группы компаний «КазТрансОйл» составил 58 млн 537 тыс. тонн, что на 1 млн 961 тыс. тонн больше, чем в 2016 году. Консолидированный грузооборот нефти достигнут в объеме 48 млрд 360 млн тонно-километров, что на 5 млрд 230 млн тонно-километров больше, чем в 2016 году. Объем подачи пресной воды потребителям Атырауской и Мангистауской областей Казахстана по водоводу «Астрахань-Мангышлак» составил в 2017 году 26 млн 225 тыс. куб. м, что на 1 млн 92 тыс. куб. м больше уровня 2016 года.
Консолидированная выручка компании за 2017 год составила 222 млрд 449,9 млн тенге, что на 7,4% выше аналогичного показателя 2016 года. Консолидированная чистая прибыль АО «КазТрансОйл» по итогам 2017 года составила 50 млрд 117,9 млн тенге, что на 12,6% выше результата 2016 года.
Справка:
АО «КазТрансОйл» — национальный оператор Республики Казахстан по магистральному нефтепроводу, крупнейшая нефтетранспортная компания РК, владеющая диверсифицированной сетью магистральных нефтепроводов протяженностью 5 377 км и водоводов протяженностью 1975 км. Производственные объекты группы компаний АО «КазТрансОйл» расположены в 11 областях Казахстана.
Простые акции АО «КазТрансОйл» прошли листинг на Казахстанской Фондовой Бирже. По результатам Народного IPO в ноябре-декабре 2012 года акционерами АО «КазТрансОйл» стали 33 989 граждан Республики Казахстан и 10 накопительных пенсионных фондов.
По итогам 2012 года размер дивиденда на одну простую акцию АО «КазТрансОйл» составил 75 тенге, или 10,3% к цене размещения. Общая сумма дивиденда за 2012 год составила 28 847 669 925 тенге, или 86% от размера консолидированной чистой прибыли компании за 2012 год.
По итогам 2013 года размер дивиденда на одну простую акцию АО «КазТрансОйл» составил 109 тенге, или 15% к цене размещения. Общая сумма дивиденда за 2013 год составила 41 925 280 291 тенге, или 66% от размера консолидированной чистой прибыли компании за 2013 год.
По итогам 2014 года размер дивиденда на одну простую акцию АО «КазТрансОйл» составил 120 тенге, или 16,6% к цене размещения. Общая сумма дивиденда за 2014 год составила 46 млрд 429 млн 363 тыс. 155 тенге, или 100% прибыли компании.
По итогам 2015 года размер дивиденда на одну простую акцию АО «КазТрансОйл» составил 133 тенге, или 18,3% к цене размещения. Общая сумма дивиденда за 2015 год составила 51 млрд 156 млн 535 тыс. тенге, в том числе: 100% прибыли компании за 2015 год в размере 44 млрд.712 млн 936 тыс. тенге и 6 млрд 443 млн 599 тыс. тенге из нераспределенной прибыли за прошлые годы.
По итогам 2016 года размер дивиденда на одну простую акцию АО «КазТрансОйл» составил 155 тенге, или 21 % к цене размещения. Общая сумма дивидендов составила 59 млрд 617 млн 355 тыс. 345 тенге.
Служба по связям с общественностью
и внутренним коммуникациям
АО «КазТрансОйл»