Пресс-релизы
«Абай жобасы» бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды Подписан протокол прямых переговоров по проекту «Абай»
2019 жылғы 4 шілдеде Шетел инвесторлары кеңесінің аясында ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) және «Эни С.п.А.» компаниясының басшылары арасында үшжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында Энергетика министрлігі, ҚМГ және «Эни Исатай Б.В.» (бұдан әрі – Эни) арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Абай» теңіз учаскесін бірлесіп игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіру құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды.
Келіссөздердің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан пайдасына қол қою бонусын төлеу (жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлем – ҚР Салық кодексі) және жер қойнауын пайдаланушының жергілікті қамту үлесі бойынша міндеттемелері туралы келісті.
Ынтымақтастықтың келесі кезеңі «Абай» учаскесінде көмірсутек шикізатын барлау және өндіру жұмыстарына келісімшарт жасасу болады.
Еске сала кетейік, 2019 жылғы наурыз айында ҚМГ және Эни компаниясы «Абай» учаскесі жөніндегі жобаны бірлесіп іске асыру шеңберінде Бірлескен қызмет туралы келісімге және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойған болатын.
Анықтамалық ақпарат:
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ - көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі.
«Эни» Қазақстан Республикасында 90-шы жылдардың басынан бері қызметін жүзеге асырып келеді. «Эни» Қарашығанақ кен орнының (ӨБТК) тең операторы және Қашаған кен орнында Солтүстік Каспий ӨБК бойынша әріптес болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен бірге «Эни» Исатай теңіз учаскесінде барлау мен өндіру келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдаланушысы болып табылады және қазіргі уақытта «Эни» компаниясының өндіру көлемі мұнай эквивалентінің тәулігіне шамамен 170 мың баррелін құрайды. «Эни» Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан, қуаты 50 МВт «Бадамша» жаңартылатын энергия жобасын іске асыруда.
«Абай» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық сектор акваториясының солтүстік бөлігінде орналасқан. Кемелер үшін ең жақын порт – Баутино. Жағалауға дейінгі қашықтық – 65 шақырым, су тереңдігі – шамамен 8-10 метр.
4 июля 2019 года в рамках Совета иностранных инвесторов состоялась трехсторонняя встреча между руководством Министерства энергетики РК, АО НК «КазМунайГаз» (далее - КМГ) и компании «Эни С.п.А.».
В ходе встречи состоялось подписание протокола прямых переговоров между Министерством энергетики, КМГ и «Эни Исатай Б.В.» (далее – Эни) по предоставлению права на разведку и добычу углеводородов в рамках совместной разработки на морском участке «Абай» казахстанского сектора Каспийского моря.
По итогам переговоров достигнуты договоренности о выплате в пользу казахстанской стороны подписного бонуса (разовый фиксированный платеж недропользователя за приобретение права недропользования на контрактной территории – Налоговый кодекс РК) и об обязательствах недропользователя по доле местного содержания.
Следующим этапом сотрудничества станет заключение контракта на разведку и добычу углеводородного сырья на участке «Абай».
Напомним, в марте 2019 года КМГ и Эни подписали Соглашение о совместной деятельности и Соглашение о финансировании в рамках совместной реализации проекта по участку «Абай».
Справочная информация:
АО «Национальная компания «КазМунайГаз» - казахстанский национальный оператор по разведке, добыче, переработке и транспортировке углеводородов. 90,42% акций АО НК «КазМунайГаз» принадлежит АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», 9,58% - Национальному банку Республики Казахстан.
«Эни» присутствует в Республике Казахстан с начала 90х годов. «Эни» является со-оператором Карачаганакского месторождения (ОСРП) и является партнером по Северо-Каспийскому СРП на Кашаганском месторождении. Совместно с АО НК «КазМунайГаз» компания «Эни» является недропользователем по контракту на разведку и добычу на морском участке Исатай и объем добычи Эни в настоящее время составляет около 170 тысяч баррелей нефтяного эквивалента в сутки. «Эни» разрабатывает проект возобновляемой энергии «Бадамша», мощностью 50 МВт, расположенной на северо-западе Казахстана.
Участок «Абай» расположен в северной части акватории казахстанского сектора Каспийского моря. Ближайшим портом для судов является п. Баутино. Расстояние до берега – 65 км, глубина воды – порядка 8-10 м.