Пресс-релизы » ТОО "Тенгизшевройл"
Теңізшевройлдың қазақстандық тауарлар мен қызметтерді сатып алу шығындары рекордтық деңгейге жетті Затраты ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ на закупку казахстанских товаров и услуг достигли рекордного уровня
Кәсіпорын 2019 жылғы жұмыс нәтижелерін жариялады.
17 ақпан 2020 ж, Атырау қаласы – 2019 жылы «Теңізшевройл» ЖШС 4,6 миллиард доллардан астам қаражатқа қазақстандық жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда отандық өндірушілердің өнімдері мен қызметтері бойынша шығындар 31%-ға өсті. Бұл көрсеткіш ТШО-да 1993 жылдан бастап есептегенде рекордтық көрсеткіш болып танылды.
Шығындардың негізгі бөлігі Келешек кеңею жобасы – Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы бойынша болды. Осы жоба аясында қазақстандық компаниялар 3,25 миллиард доллардан асатын тауарлар мен қызметтер жеткізді. Жалпы, жоба жүзеге асырыла бастағаннан бері ККЖ-ҰЕҚБЖ-ның қазақстандық қамту бойынша шығындары шамамен 8,4 млрд долларды құрды.
2019 жылы шикі мұнай өндірісі 29,79 млн тонна көлемінде рекордтық көрсеткішке жетті. Өткен жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 4%-ға өсті. Сұйытылған және құрғақ газды сату сәйкесінше 1,3 миллион тоннадан және 7,9 миллиард текше метрден асты.
Қазіргі таңда ТШО-ның негізгі өндіріс қызметкерлерінің, ККЖ-ҰЕҚБЖ-сын қоспағанда, 89%-ы қазақстандықтардан құралады. Кәсіпорын басшылар тобы құрамында Қазақстан Республикасының азаматтары барлық лауазымдардың 80%-н иеленіп отыр.
Өткен жылы ТШО-ның Қазақстан экономикасына жасаған тікелей төлемдері 10,6 миллиард доллардан асты. Бұл төлемдерге қазақстандық қызметкерлердің жалақысы, отандық өндірушілер мен жеткізушілердің тауарлары мен қызметтерін сатып алу, мемлекеттік кәсіпорындарға төлемдер, қазақстандық серіктестерге дивидендтер, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке аударылған салықтар мен роялти кіреді. 1993 жылдан бастап Қазақстан экономикасына түскен тікелей кіріс 146 миллиард доллардан асты.
###
«Теңізшевройл» ЖШС – шикі мұнай, сұйық және құрғақ газ, сонымен бірге күкірт өндірумен және өткізумен айналысатын қазақстандық компания. Жұмыстардың барлығы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарға сай жүргізілуде. «Теңізшевройл» ЖШС 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасындағы келісім негізінде құрылды. «Теңізшевройл» ЖШС-нің қазіргі кездегі серіктестері: «Шеврон» корпорациясы – 50%, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 20%, «ЭксонМобил Казахстан Венчурс Инк.» – 25% және «ЛукАрко» – 5%.
Келешек кеңею жобасы (ККЖ) мен Ұңғыма ернеуіндегі қысымды басқару жобасы (ҰЕҚБЖ) – «Теңізшевройл» ЖШС бір мезгілде жүзеге асыратын біріктірілген екі жоба. ККЖ-ҰЕҚБЖ Теңіз кен орнындағы мұнай өндіру көлемін жылына шамамен 12 млн тоннаға немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруға мүмкіндік береді және осының нәтижесінде өндіріс көлемі жылына шамамен 39 млн тоннаны немесе тәулігіне 850 мың баррельді құрайды. ККЖ өндіріс қуаттылығын арттыруға бағытталса, ҰЕҚБЖ ұңғыма ернеуіндегі қысымды азайту және қолданыстағы алты кешенді технологиялық желідегі қысымды арттыру арқылы Теңіздегі ағымдағы зауыттардың толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
Предприятие опубликовало итоги деятельности за 2019 г.
17 февраля 2020 г., АТЫРАУ – В 2019 году ТОО «Тенгизшевройл» приобрело товары и услуги казахстанских поставщиков на сумму более 4,6 миллиарда долларов США. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года, рост затрат на продукцию и услуги отечественных производителей составил 31%. Данный показатель стал рекордным с начала деятельности ТШО в 1993 году.
Основная доля затрат пришлась на Проект будущего расширения – Проект управления устьевым давлением. В рамках реализации этого проекта казахстанские компании поставили товаров и услуг на сумму, превышающую 3,25 млрд долларов США. Всего за период с начала реализации проекта расходы ПБР-ПУУД на казахстанское содержание составили порядка 8,4 миллиарда долларов США.
Объемы добычи сырой нефти в 2019 году достигли рекордного показателя в 29,79 млн тонн. Рост добычи составил 4% по сравнению с предыдущим годом. Объемы реализации сжиженного и сухого газа превысили 1,3 млн тонн и 7,9 млрд куб.м., соответственно.
На сегодняшний день штат основного производства ТШО, без учета ПБР-ПУУД, на 89% состоит из казахстанцев. В руководящем составе предприятия граждане РК занимают 80% всех позиций.
Прямые финансовые выплаты ТШО в экономику РК за прошлый год превысили 10,6 млрд долларов США. Данные выплаты включают в себя заработную плату казахстанским сотрудникам, закупки товаров и услуг отечественных товаропроизводителей и поставщиков, платежи государственным предприятиям, выплаты дивидендов казахстанскому партнеру, а также налоги и роялти, перечисляемые в государственный бюджет. Всего с 1993 года прямые поступления в экономику Казахстана превысили 146 млрд долларов США.
###
ТОО «Тенгизшевройл» осуществляет разработку, производство и сбыт сырой нефти, газа и серы. Все работы ведутся в соответствии с мировыми стандартами требований по технике безопасности и экологии. ТОО «Тенгизшевройл» было образовано в 1993 году Республикой Казахстан и корпорацией «Шеврон». Партнерами ТОО «Тенгизшевройл» на данный момент являются корпорация «Шеврон» - 50%, «КазМунайГаз» – 20%, «ЭксонМобил 25% и «ЛукАрко» - 5%.
Проект будущего расширения (ПБР) и Проект управления устьевым давлением (ПУУД) - это два интегрированных проекта, реализуемые ТШО одновременно. Реализация ПБР позволит увеличить объем добычи нефти на Тенгизском месторождении примерно на 12 млн тонн в год или 260 тыс. баррелей в сутки, и в результате составит около 39 млн тонн в год или 850 тыс. баррелей в сутки. Реализация ПБР направлена на расширение производственных мощностей, а ПУУД обеспечит полную загрузку перерабатывающих мощностей действующих на Тенгизе заводов путём снижения устьевого давления и повышения давления на шести действующих комплексных технологических линиях.