Пресс-релизы
«Шеврон» COVID-19 індетімен күресті қолдау аясында Қазақстанның медициналық мекемелеріне алты компьютерлік томографты табыстады
«Шеврон» передал шесть компьютерных томографов медицинским учреждениям Казахстана в рамках поддержки борьбы с COVID-19
Алматы, Қазақстан, 2021 ж. 16 қыркүйек — Қазақстан Республикасына коронавирус пандемиясымен күресуге гуманитарлық көмек көрсету бойынша кең ауқымды бағдарламасының аясында, «Шеврон» компаниясы елдің медициналық мекемелеріне Aquilion PRIME SP сериялы алты компьютер томографын сатып алып, тегін табыс етті. Бүгін А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында осы жабдықты ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысуымен осы жабдықты табыстау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген қажеттіліктерге сәйкес жаңа жабдық келесі медициналық мекемелерде орнатылған:
- Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты (Алматы),
- А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы (Алматы),
- Қарағанды Медициналық университеті,
- «Шымкент Жүрек орталығы» АҚ,
- Жамбыл облыстық көп салалы балалар ауруханасы (Тараз),
- Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті (Ақтөбе).
Медициналық жабдықты табыс ету рәсімінде «Шеврон» компаниясы Еуразия бөлімшесінің бас директоры Джон Балтц былай деді: «Шеврон» корпорациясының атынан мен осы жоғары технологиялық жабдықты Қазақстан ауруханалары мен емханаларына қуанышпен табыс етемін. Біз Қазақстан елімен 30 жылға жуық уақыт бойы сенімді және табысты серіктестік қарым қатынастамыз. Осы үлесіміз арқылы адамдарды қорғауды жалғастырамыз және Қазақстаның COVID-19 таралуына қарсы күрестегі қажырлы күш-жігерін қолдаймыз деп үміттенеміз».
Өз тарапынан денсаулық сақтау министрі Алексей Цой: «Шеврон» компаниясы әлеуметтік жауапкершілігін бірнеше рет көрсете білді. Сіздерге елімізге көрсеткен гуманитарлық көмек және дәрі-дәрмек бергеніңіз үшін алғыс айтқым келеді. Берілген дәрілік заттар, ЖҚҚ және жабдықтар Қазақстанда пандемиямен күресуге және алдын алуға уақытылы көмек көрсетеді».
Aquilion PRIME SP - бұл Canon Medical Systems компаниясы шығарған көп қиықты, 80-қатарлы детекторы бар спиральдік компьютерлік томограф. Айналудың жоғары жылдамдығы деректерді жылдам алуға мүмкіндік береді, сканерлеу уақытын азайтады, ал жылдам реконструкция жұмыс өнімділігін арттырып, диагнозды жылдамырақ қоюға көмектеседі.
Анықтама үшін:
Соңғы 18 айда Денсаулық сақтау министрлігі мен «Шеврон» компаниясы елге пандемия өршіп тұрған кезде қажетті дәрілік заттар мен жабдықты анықтады. «Шеврон» келесі дәрілік заттарды жеткізуді ұйымдастырды:
- 14 миллион дозасы бар 17 дәрілік заттар,
- 400,000 жеке қорғаныс құралдары жиынтығын (ЖҚҚ),
- 15 миллион қолғап,
- 1,5 миллион шприц.
Сонымен қатар ICAP Қазақстан (Колумбия университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебі) және ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау орталығымен бірге «Шеврон» инфекциялық аурулардың алдын алу және емдеу бойынша дәрігерлерді және медицина мекемелерін дайындау бойынша кешендік бағдарламасын бастады.
Байланысатын тұлға:
«Шеврон Мұнайгаз Инк.»
Еркін Зікібаев +7-701-7228663;
Жанар Қошпанова+7-701-711 7759
Алматы, Казахстан, 16 сентября 2021 г. — В рамках широкомасштабной программы по оказанию гуманитарной помощи Республике Казахстан в борьбе с коронавирусной пандемией, компания «Шеврон» закупила и безвозмездно предоставила шесть компьютерных томографов серии Aquilion PRIME SP медицинским учреждениям страны. Сегодня в Национальном научном центре хирургии им. А.Н.Сызганова состоялась церемония передачи данного оборудования при участии Министра здравоохранения РК Алексея Цоя.
Для удовлетворения потребностей, определенных Министерством здравоохранения, новое оборудование было установлено по всей стране в следующих учреждениях:
- Национальный научный центр хирургии им. А.Н.Сызганова (Алматы),
- Казахский научно-исследовательский институте онкологии и радиологии (Алматы),
- Медицинский университет Караганды;
- АО «Центр сердца Шымкент»;
- Жамбылская областная многопрофильная детская больница (Тараз);
- Западно-Казахстанский медицинский университет им. Марата Оспанова (Актобе).
На церемонии вручения управляющий директор Евразийского подразделения компании «Шеврон» Джон Балтц сказал: «От имени корпорации «Шеврон» я с удовольствием передаю это высокотехнологичное оборудование больницам и клиникам Казахстана. У нас прочные и успешные партнерские отношения с народом Казахстана на протяжении почти 30 лет. Мы надеемся, что этим вкладом продолжаем защищать людей и поддерживаем неустанные усилия страны по борьбе с распространением COVID-19».
Со своей стороны министр здравоохранения Алексей Цой особо отметил: «Компания «Шеврон» уже не в первый раз демонстрирует свою социальную ответственность. Хотел бы поблагодарить вас за предоставление гуманитарной помощи нашей стране, за лекарства. Лекарственные препараты, СИЗ и оборудование, предоставленные компанией “Шеврон” окажут своевременную помощь в борьбе и предотвращении пандемии в Казахстане».
Aquilion PRIME SP — это новый многосрезовый спиральный компьютерный томограф производства компании Canon Medical Systems с 80-рядным детектором. Высокая скорость вращения позволяет быстро получать данные и сокращает время сканирования, а быстрая реконструкция еще больше повышает производительность работы, помогая быстрее устанавливать диагнозы.
Для справки:
За последние 18 месяцев Министерство здравоохранения и «Шеврон» определили медикаменты и оборудование, наиболее необходимые стране во время вспышки пандемии. «Шеврон» организовал доставку:
- 17 препаратов в общем количестве более 14 миллионов доз
- 400,000 комплектов средств индивидуальной защиты (СИЗ),
- 15 миллионов перчаток,
- 1,5 миллиона шприцов.
Кроме того, совместно с ICAP Казахстан (Школа общественного здравоохранения Колумбийского университета) и Центром Общественного Здравоохранения РК, “Шеврон” запустил комплексную программу подготовки врачей и медицинских учреждений по профилактике и лечению инфекционных заболеваний.
Контактное лицо:
Шеврон Мунайгаз Инк.:
Еркин Зикибаев +7-701-7228663;
Жанар Кошпанова +7-701-711 7759